25 маусым - 1 шілде – рухани және қаржылай дамитын апта. Жұлдызнама

0
2 494

Сіз үшін мүмкін емес ештеңе болмайды.


25 маусым - 1 шілде – рухани және қаржылай дамитын апта. Жұлдызнама

фото: fishki.cc

Тоқты

Өткен аптада орындалмай қалған ойларыңыз болса уайымдамаңыз, барлығы сіз қалағандай қалыпқа түсе бастайды. Сіздің кәсібіңізге кедергі болатын немесе сіздің жұмысыңызды қиындататын ешкім болмайды. Жақсы жаңалықтар мен пайдалы істер жасайсыз. Жоспар жасаңыз, мақсат қойыңыз, көмекшiлер табыңыз және өткенге қараудың керегі жоқ. Ұзақ уақыт көрмеген достарыңызбен кездесу керек. Тоқтылар ең соңында ортаның назарында болады. Сіз осы аптада берілген барлық мүмкіндіктерді пайдалана аласыз.

Торпақ

Сіз үшін мүмкін емес ештеңе болмайды. Барлық ойларыңыз бірден орындалмайды, бірақ басқа адамдардың не ойлайтынына бас қатырмаңыз. Бұл апта сізге тым көп уақыт және орасан энергия сыйлайды. Сізге жаңа хобби және қызықты ұсыныстар әкеледі, себебі, жаңа кәсіп сіздің өміріңізден орын алу мүмкін. Материалдық өзгерулерде көп шығындалмайсыз. Сонымен қатар сіз осы аптада өзге адамдарға, қоршаған ортаға ғашық болып, ерекше көзқарас танытасыз. Олар сіз үшін қолайлы жағдай жасайды.

Егіздер

Өз түйсігіңізді тыңдаңыз, соңы жағымсыз аяқталатын нәрселерге араласпаңыз. Жұмыс кезінде кедергі келтіруге мүмкіндік бермеңіз және жұмысты сабырмен жасаңыз. Кітап дүкеніне барып, шабыт көздерін іздеңіз. Арнайы курстарға жазылу болашақта керек болатын дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Сізге өзге адамдар көңіл бөле бастайды, сіз махаббат тарихының әртүрлі нұсқаларын бастан өткізесіз. Ең бастысы осы апта күндері сәттілік сізге серік болады.

Шаян

Сіз өмірдің баяу ырғақпен жүретінін сезінесіз және енді бәрін жеңе аласыз. Жеке мүдделеріңізге көбірек уақыт табуға тырысыңыз. Шабытты кітаптар мен кеңестер жиынтығын сатып алыңыз, себебі сіздің дамуыңыз бен біліміңізге біраз көңіл бөлу керек. Осы аптада достарыңызбен сәтті кездесулер күтіп тұр. Қиын күндер де, сәтті күндер де бар. Ерлі-зайыпты және үйленетін «Шаяндар» қиын тақырыптар бойынша пікірталастардан бас тартады.

Арыстан

Сізде ішкі күш беретін рухтар жандандырылады. Кофе ішіп отырып немесе кинотеатрда да болашақ мансабыңыз туралы ойланып, өміріңіздің жаңа идеяларын іздей аласыз. Интернеттегі суреттеріңізге де назар аударыңыз, өзіңіз туралы ештеңені ашып айтпаңыз.

Денсаулықты жақсы қалыпта ұстау үшін сақ болыңыз және стреске төзімділік қажет. Жағымсыз көріністерге қарсы тұру үшін өзіңіздің энергияңыз көмектеседі. Аптаның ортасынан бастап қосымша күтім жасаңыз.

Бикеш

Өз өміріңізге бірнеше жаңа ережелер енгізгіңіз келеді. Жұмыста жоспар бойынша әрекет етесіз, ал үйдегі жауапкершілікті қайта пысықтау керек. Аптаның соңында қаржы мәселелері оңай әрі сәтті шешіледі. Біреулер мазалаған ескі ойлардан арылып, екіншілері жалпы мақсаттарды есіне алады. Бұл даму мен табысқа жету мүмкіндігі болуы мүмкін.

Өзіңіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз, өйткені суықтап қалуыңыз мүмкін. Ал махаббатта сізді үлкен тосынсый күтіп тұр. Қандай да бір қарапайым адам сізді фантастикалық идеямен таң қалдырады.

Таразы

Сіздің мансабыңызда жетістікке жету сәтті орындалады, ал қандай мақсат қою керек екенін білесіз. Жұмыс кестеңізді қарап шығыңыз. Аптаның алғашқы күндерінде шетелге іссапарға жиналған болсаңыз, сіз табысқа жетіп, тиімді жұмыс істей аласыз. Аптаның екінші жартысында өз қолыңызбен бірдеңе жасауды қалап, дәлдік пен шыдамдылық танытуға тырысасыз. Сіз энергияңызды бекерге жұмсауды білмейсіз, бірақ өзіңізді бизнесте көрсете отырып, барлық жағымсыз әрекеттер мен керексіз ойлардан арылуға тырысыңыз.

Сарышаян

Сарышаяндар жеке өмірге жоспар жасайды және керексіз заттарға көңіл аудармайды. Үйлену тойын өткізу жоспарлары, маңызды отбасылық күндер, сапардың басталуы және тұрғылықты жері өзгеруі т.б. Егер туыстары мен достары қолдаудан бас тартса, жеке жетістіктерге жетуі мүмкін. Отбасылық мәселелерде олардың сөздеріне және іс-әрекеттеріне жауапты әрі мұқият қарауға көмектеседі. Еркіне жіберген сезіміңізді деп кезінде тұсауламасаңыз, зиянын өзіңізге тигізуі мүмкін.

Мерген

Сізді өте жақсы апта күтіп тұр. Біреу ақырында сізді бағалайды, жақын адам сізді шын жүрекпен мадақтайды. Күліп жүріңіз және адамдарға құлақ салыңыз, өйткені сізбен тіл табысқысы келетіндер күткеннен әлдеқайда көп болады. Біреу сіздің міндеттеріңізді өзіңізге тапсыруға тырысады немесе маңызды мәселе бойынша кенеттен өзгереді. Демалыс күндері сіздер үлкен қуаттың пайда болуын сезінесіздер. Сіз бақыттысыз және сүйіспеншілігіңіз бар, бірақ бірінші күні саясатта және жұмыс барысында артық сөйлемеуге тырысыңыз.

Тауешкі

Өзіңізді іштей басқару және кәсіби міндеттерді орындату қиын болады. Сіз тез шаршап қаласыз, тез арада жаңа нәрселер жасауға ұмтыласыз. Қажетсіз пікірталасқа қатыспасаңыз, кәсіби өміріңіз тыныш өтеді. Бірақ отбасында сіз үшін өте жағымды болады, туыстармен кездесулер жақсы көңіл-күй сыйлайды. Ауыр жұмыстан, психикалық салмақ салудан, артық тамақтану мен сұйықтықты шектен тыс ішуден сақтаныңыз. Зиянды өнімдерді пайдаланбаңыз. Жеңіл спорттық жаттығулармен айналысыңыз, ұзақ сапарға, тренингке баруыңыз мүмкін, қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпаңыз.

Суқұйғыш

Осы апта өмірлік жағдайларға үлкен өзгерістер әкеледі. Сіз жоспарларды өзгерте аласыз, жаңа нәрсені армандайсыз, түрлі көзқарастарға тап боласыз. Күнделікті уайымнан арылуға, тұрақты шаруаларыңызды ұмытып, әуесқойлықпен жаңа әлемге ұмтылуды қалайтын боласыз. Бұл демалуға өте қолайлы уақыт. Сапарға баруды шешсеңіз, серіктесті дұрыс таңдаңыз. Барлық нәрсеге мұқият қарап, өзіңізге аса бір сыйластықпен қараңыз. Сіз дауды шеше аласыз, және қоғамдық өмірдегі қиын жағдайдан жақсы жол таба аласыз.

Балықтар

Ортаңыздағы барлық адамдарға жылдам және дұрыс шешімдерді қалай қабылдауға болатынын көрсетіңіз, бірақ өзіңіздің бастығыңызбен бәсекелеспеңіз. Эмоциялар мен амбициялардың тіркесімі қақтығыс тудыруы мүмкін, сондықтан айтатын сөзге абай болыңыз. Апта соңында сіз қосымша қаражат алудың мүмкіндігін уақытында пайдалана аласыз. Демалыс күндері саяхаттауға өте ыңғайлы. Тіпті бір күндік саяхат сізге үлкен көңіл-күй сыйлайды.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ