Ең ерекше идея мен ең пайдалы кеңес осында.
Фото: i.pinimg.com
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне санауы күн қалды. Ал сіз анаңызды, сүйіктіңізді, қызыңызды, әпке-қарындас, жалпы айналаңыздағы әйел қауымын немен қуантатыныңызды әлі шешкен жоқсыз ба? Не сыйласам деп таңдау жасай алмай жүрсіз бе? Жасаған сыйлығым ұнай ма, ұнамай ма деп екіойлы болатыныңыз да анық. Ендеше, кез келген қыз-келіншектің жұлдызына қарап таңдау жасау – ең дұрыс шешім болмақ.
Тоқты
Белгі иелерін белсенді демалысқа, спортпен шұғылдануға көмегі тиетін керек-жарақтар айрықша қуантады. Қымбатынан сыйлағыңыз келсе, жаттығу құрал-жабдықтарын, табиғат аясында құратын шатыр секілділерді алыңыз. Қалтаға салмақ саймайтын десеңіз, доп, секіргіш сияқтыларды сыйласаңыз да, елеусіз қалмайды. Қайсысын таңдасаңыз да, орауы мен ұсынуыңыз ерекше болсын.
Гүл ұсынамын десеңіз, оның қызыл түсті болуына мән беріңіз.
Торпақ
Торпақ аруларға үй шаруашылығына, асүйге керекті заттар ешқашан артықтық етпейді. Қолданысында ненің жоқ екенін білсеңіз болғаны. Жеке күтімге, әдемілікке де айрықша мән беретінін ұмытпаңыз. Сондықтан, косметика жиынтығы да тамаша таңдау болар еді.
Гүл алатын болсаңыз, сары мен қызыл түстер араласқан, жапырағы көп букет іздеңіз.
Егіздер
Олар ойын жаңа ақпаратпен толықтырғанды, білім іздеуді, оқуды жақсы көреді. Сондықтан, сөресінде қанша кітабы болса да артық көрмейді. Осыны ескеріп сүйікті жанрындағы не көптен іздеп жүрген кітабын ұсынсаңыз, ұтымды сый сол болар.
Кітаптың жанына ұсақ гүлді раушан не қалампырлы гүлшоғырын қосыңыз. Гүлдердің көгілдір түстісін тапсаңыз, сыйлығыңыздың 100 пайыз ұнайтынына сенімді болыңыз.
Шаян
Белгі аясында туғандар жылылық пен жайлылықты жақсы көреді. Өздері де мінезі мақтадай жұмсақ, қылығы баладай тәтті екенімен келісесіз ғой. Ендеше, қай жаста болса да балаша еркелетіп тұрып жұмсақ ойыншық сыйлаңыз. Үлкен апа болса, жылы киім, жамылғы ұсынуға болады. Жылы сөзіңізді аямаңыз.
Гүлден лалагүлді ерекше жақсы көреді. Букеттің балғын болуына мән беріңіз.
Арыстан
Арыстандай айбарлы, патшадай паң арулардың ең жақсы көретіні – әшекей бұйымдар, бағалы тастар. Сондықтан, осы мерекеде бриллиант, алтын бұйым болмаса да, көрпеңізге қарай көсіліп, әшекей бұйымдарын сыйласаңыз құп болар еді. Әріптес, сыныптас қыз-келіншектер кәдесый, мүсіншелерді жоғары бағалайды.
Гүлге келгенде, тек қана раушан. Гүл шоғыңыз міндетті түрде сәнді де сәулетті болуға тиіс.
Бикеш
Денсаулыққа пайдасы тиетін, күтімге көмегі тиетін керек-жарақтар сыйласаңыз, таңдаудан жаңылмайсыз. Ол шаш кептіргіш, косметика жиынтығы, жақпамай сияқтылар болуы мүмкін. Жеке бас күтіміне, гигиенаға қажеттінің иіссудан басқасының барлығы.
Гүлге келгенде бұл кісілердің талғамы бөлек. Бірнеше күннен соң қоқысқа кететін букет қажет емес. Құмырадағы тірі гүлді сыйласаңыз, оны жан-тәнімен күтіп-баптап, жайқалтатынына, сіздің атыңызды көпке дейін айтып жүретініне сенімді болыңыз.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
НАУРЫЗДА қазақстандықтарды ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС күтіп тұр
Таразы
Олар ойын-сауықты жақсы көреді. Сондықтан, концертке, мерекелік шараға, театрға, шоуларға екі билет алып беріңіз. Сыйлығыңыз міндетті түрде ұнайды. Билет жанына мимоза гүлін қоссаңыз, құба-құп.
Сарышаян
Бағалы металдан жасалған қобдишаны, күміс бұйымдарды және жолдасының тарапынан сыйланған сәнді ішкиімдер жиынтығын жоғары бағалайды. Сыйлықтың жанына нәркес гүлі шоғырын қоссаңыз, мерекелік көңіл-күйдің керемет болатынына кепілдік бар.
Мерген
Белгі иелерінің қызығушылық аясы өте кең. Сондықтан, сыйлық таңдауда аса қинала қоймайсыз. Кітап болсын, кәдесый болсын, ыдыс-аяқ, күтім құралдары, сертификат, гаджет – кез келгенін қуана қабылдайды. Сый-сыяпатыңыздың жанына бақытгүл (хризантема) шоғырын қоссаңыз болғаны.
Тауешкі
Үй шаруашылығында не жұмыс барысында кәдеге асатын бұйымдарды жоғары бағалайды. Іс жүзінде пайдасы тимейтін, кәдесый не естелік ретінде сақталатын заттарды жарата бермейді. Тіпті, көп өтпей солып қалатын гүлді де заяға кеткен ақша санайды. Сондықтан, үйге қажетті немесе жұмыс орнында пайдалы болатын бұйым сыйлаңыз.
Суқұйғыш
Белгі иелері қашан да бұрын-соңды бомаған ерекше сый, айрықша идея күтеді. Үн-түнсіз берілген сыйлық та олар үшін құнсыз. Бастысы – ұсынған затыңыздың қандай да бір мәні, құндылығы болуы және беруші жанның оны жылы сөзбен жеткізуі. Ерекше дизайнда оралған аққанат гүлі де айрықша көңіл-күй сыйлайды.
Балықтар
Фантастика жанрындағы кітап, шыныдан жасалған шар, ішінде балықтар жүзіп жүретін шыны шам, жылы, жағалы киімдер күтеді. Осылардың бірін таңдап, қасына бәйшешек гүлін қосып ұсынсаңыз, қателеспейсіз.
Аударған: А.Мейірханқызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
МӘДЕНИЕТТІ адамдар МҰНДАЙ жерге иіссу сеуіп бармайды
САПАЛЫ КИІМДІ сапасыз көшірмеден АЖЫРАТУдың 9 тәсілі