​БҰЛ сұрақтың жауабы ішкі қуатыңның құпиясын ашады

0
175

Ішкі күш – бұл кез келген жағдайда өзің болып қалуға көмектесетін көрінбейтін тірек.


​БҰЛ сұрақтың жауабы  ішкі қуатыңның құпиясын ашады

Суреттер ЖИ көмегімен жасалды

Өмірді, айналаңды, адамдарды түсіну маңызды. Бірақ одан да маңыздысы – өзіңді жақсы түсіну, тану. Төмендегі тесті өту арқылы ішкі қуатыңыздың қайнар көзі не екенін, ең қиын сәттерде тірек бола алатын нәрсені анықтаңыз.

Ішкі күш – бұл кез келген жағдайда өзің болып қалуға көмектесетін көрінбейтін тірек. Ол кейде ұйқысыз түннен кейін қайта тұруға мәжбүрлейтін тыныш табандылық болуы мүмкін. Кейде энергияңды сарқитын нәрсеге «жоқ» деп айта алатын батылдық. Ал кейде өзгермейтінді қабылдай білетін даналық.

Сыртқы энергиядан айырмашылығы, ішкі қуат өзіңді терең танудан, өз құндылықтарыңды, шекараларыңды және тілектеріңді білуден туындайды.

Ішкі күшіңнің табиғатын түсіну маңызды, өйткені оны түсінбестен біз энергиямызды басқалардың күтуіне жұмсаймыз. Онсыз жылдар бойы автоматты түрде өмір сүріп, шынайы күш пен қалауларымыздың «қажет» және «міндетті» деген қабат астында жасырылғанын байқамаймыз.


СҰРАҚ:

Сенің қиялыңда сиқырлы айна пайда болды. Сол айнада не көресің?


Мұхит үстіндегі күннің батуы

Сіз – күшті интуициясы бар романтиксіз. Сұлулығыңыз үйлесімділік пен тыныштық сәттерінде көрінеді. Қарапайымдылықтан шабыт аласыз және адамдарға жұмсақтығыңызбен тартымдысыз.

Кеңес: Ішкі дауысыңызға сеніңіз, ол сирек қателеседі.


Гүлденген бақ

Айналаңыздағыларды энергиямен қамтамасыз ететін шығармашыл адамсыз. Тартымдылығыңыз шынайылығыңызда және сұлулықты егжей-тегжейлі көре білу қабілетіңізде жатыр. Сіз күн сәулесінде құлпырып, жауын-шашнға төтеп беріп, жел тұрғанда иіоіп, кейін қайта басын тіктейтін гүлдер сияқты, жағдайларға оңай бейімделесіз.

Кеңес: Өзіңізге қамқорлық жасауды ұмытпаңыз, тіпті ең керемет бақшаны да суғарып, баптау керек.


Кітаптары бар жылы да жайлы бөлме


Ортаның гүлі және сенімді доссыз. Сіздің сиқырыңыз айналаңызда жылулық пен қауіпсіздікті жасай алу қабілетіңізде жатыр. Жақын қарым-қатынастар мен кішкентай қуаныштардан күш аласыз. Сіздің тартымдылығыңыз шынайылығыңыз бен қамқорлығыңызда жатыр.

Кеңес: Өзіңіз туралы алдымен ойлау өзімшілдік емес, қажеттілік екенін ұмытпаңыз.


Солтүстік шұғыласы

Сіз тіпті өзіңіз үшін де жұмбақсыз. Магнитше тартатын энергияңыз бар, оның қайдан шығып жатқанын, кімді тартатынын болжау мүмкін емес. Өз ережелеріңізбен өмір сүресіз және басқаларды батылдығыңызбен шабыттандырасыз. Сіздің сұлулығыңыз ерекшелігіңіз бен ішкі жарығыңызда жатыр.

Кеңес: Өзіңіздегі жарқылды жасырмаңыз, әлем сізге қарап таңдану үшін жаралғансыз.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ