ТОҚТЫ
Олардың белгіленген уақыттан кідіріп жетуі өте сирек. Егер бөгеліп қалып жатса, оған қандай да бір маңызды себеп бар деген сөз. Кешігуді ұнатпайды және басқаның да өзін күттіріп қойғанын мүлде қаламайды.
ТОРПАҚ
Барар жеріне көбіне кешірек жетеді. Оған баяу қимылдайтыны, ісінің жинақы еместігі және қажеттерін алдын-ала әзірлемейтін әдеті айыпты. Бір жаққа шығар алдында ұзақ жиналып, мұқият дайындалатыны тағы бар. Өзінің осы әдетін білгендіктен, бірнеше сағат бұрын жиналуды бастайды. Бірақ, мұның өзі көп жағдайда кешігуден құтқармай жатады.
ЕГІЗДЕР
Ең көп кешігетін белгі иелері. Осы жаман әдетімен қанша күрессе де, жеңу өте қиын. Тура үйден шығар алдында, табалдырық үстінде бір тығыз шаруасы міндетті түрде шығады да тұрады. «Терезені жаптым ба? Газды өшірдім бе? Тоқтан суырдым ба?» сынды тексерулер мен «Ананы ала салайын, қажет боп қалар» дегендей түгендеулер біршама уақытын алады.
ШАЯН
Олар уақытпен дәлме-дәл жүруге барынша тырысады. Соның арқасында ең мұқият, ұқыпты, жинақы жан деуге әбден болады. Алда-жалда қандай да бір себеппен кешеуілдетіп қалса, онысы үшін өзін кінәлі сезініп, мың қайтара кешірім сұрайды.
АРЫСТАН
Арыстандар кешікпейді, оларды үнемі біреу не бір жағдай бөгеп қалады. Яғни, өзінің осы жаман әдетіне қашан да өзгені кінәлайды. Шын мәнісінде, айтылған уақытқа үлгермегені үшін өзін айыпты санамайды. Керісінше, асықпай, аяғын маңғаздана басып келеді. Соған қарағанда, өзін күттіріп қою оларға ләззат сыйлайтындай.
БИКЕШ
Адамдар олардың аса ұқыптылығын жоғары бағалайды. Тапсырылған шаруаны уақытылы аяқтауға, кездесу уақытынан кешікпей жетуге барын салады. Кешіге қалса, оған өте маңызды бір себеп бар деген сөз. Сөйте тұра, өзін күтуге мәжбүр болған кісіден кешірімін сұрап, айыбының өтемі ретінде сыйын да ұсынып жатады.
ТАРАЗЫ
Үнемі кешігіп жүретін, сарылтып күттіріп қоятын жандар. Бұл әдетпен күреспейді емес, күреседі. Алайда, қандай шара қолданса да, бөгелуді болдырмай, дәл уақытында үлгеруі екіталай. Және кешігу уақыты минуттармен шектелмей, сағаттарға ұласуы бек мүмкін.
САРЫШАЯН
Кей жерге бөгеліп баруды, кей жерге уақытында баруды жөн деп табатын қызық әдеті бар. Бәрі де жағдайға және күтетін адамға байланысты. Соған сәйкес, қаласа – кешігеді, уақытында жеткісі келсе – жетіп барады.
МЕРГЕН
Кешігуді де, кешіккенді күтуді де мүлде ұнатпайды. 5-10 минут болса, «Ештеңе етпес, бәрімізде болып тұрады» деп көз жұма алады. Ал, одан асып кетсе, «Қайдасың? Кеп қалдың ба?» деген сұрақпен әр минут сайын қоңырау шалуы әбден мүмкін. Өйткені, өзінің де, өзгенің де уақытын бағалай біледі. Қандай да бір себеппен бөгелуге тура келетін болса, бұл жайлы міндетті түрде алдын-ала ескертеді. Ал үнемі кешігіп келетінін анық білетін жанмен кездесу белгіленсе, асықпай, басқа шаруаларын тындырып, белгіленген уақытты өткізіп бір-ақ барады.
ТАУЕШКІ
Дәлдік пен мұқияттылық – Тауешкінің екінші аты сияқты. Ал, сағат – олардың егізі. Өзге біреудің бөгеліп, кеш келетінін, өзінің оны күтуге мәжбүр болатынын біле тұра, уақытты сәл өткізіп баруға дәті жібермейді. Кешігуді біреудің уақытын ұрлау, сыйламаудың белгісі деп қабылдайды. Сондықтан өзі көп жерге кешігу былай тұрсын, елден бұрын ерте келіп алатыны бар. Басқалардан да осындай ұқыптылықты талап етеді.
СУҚҰЙҒЫШ
Уақытпен санасып, оны бағалай білетін, минутына дейін дәлме-дәл есептеп, сол бойынша тура жүретін жандардың қатарынан. Кешігіп келуі өте сирек орын алады. Солай бола қалған жағдайда белгі иелері себебін түсіндіріп, ақталып әлек болмайды. Бірақ, аса маңызды, тығыз шаруаның бөгегені анық.
БАЛЫҚТАР
Алдын-ала дайындық жасамаудың, жинақы жүрмеудің салдарынан көп кешігеді. Кешікпей, уақытылы келе жатып та түрлі жайттарға бет бұрып, бөгеле салуы мүмкін. Мысалы, жолда біреуге көмектесу, әдемі нәрсені көрсе, суретке не бейнеге түсіріп алуға тоқтау, танысын көріп, әңгімелесіп қалу дегендей.
Аударған: А.Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: