​Интернеттегі АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП қала бересіз бе? СЕБЕБІ...

0
2 334

Алданғыңыз келмесе, өзіңіздің осал тұсыңызды біліп, сақтаныңыз


​Интернеттегі АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП қала бересіз бе? СЕБЕБІ...

Кей адамдар табиғатынан аңғал келеді. Оларды алдау тым жеңіл. Енді біреулер екінің біріне сене бермейді. Бірақ алаяқтықты кәсіп қылған қылмыскерлер кімнің болмасын осал тұсын оңай тауып алады. Алданғандар қатарында болғыңыз келмесе, өзіңіздің осал тұсыңызды біліп, сол жерден қорған соғыңыз.


ТОҚТЫ

Олардың осал тұсы – тым мейірімділігі. Науқас бала, қарт кісі, мұқтаж жанға көмек беруге келгенде көп ойланып тұрмайды. Кейде тіпті шотындағы бар ақшасын жібере салуы мүмкін. Ол ақша шын міскіннің мұқтаждығына жұмсалды ма, «қой терісін жамылған қасқырдың» қалтасына кетті ме, ол жағына үңілмейді.


ТОРПАҚ

Торпақты торға түсіруге өзінің жеңіл табысқа, ақшаны айналымға салуға деген құмарлығы көмектеседі. «Аз ақша салып, көп аласың, көбірек салсаң, мол аласың» дегендей жарналамалардың құрығына ілініп, қалтасынан қағылып қала береді.


ЕГІЗДЕР

Әр нәрсенің астарына үңіліп отыруға ерінетін Егіздер кім қоңырау шалып, не айтса да, айдай сенеді. Сөйтіп, «өйт-бүйт» дегендерінің бәрін бұлжытпай орындайды. Ақыр соңында не несие алып, не шотындағы бар ақшаны басқа біреуге аударып жіберген соң барып оянады. «Кетсе, ақша кетсін, бастысы, бас аман» деп өзін жұбатып отырғаны сосын.


ШАЯН

Аңқаулардың аңқауы. Өзі ешкімді алдамағасын, өзгелерді де солай көреді. Тіпті қиял-ғажайып ертегі айтып берсе де, шындай көреді. Сондықтан ойдан-қырдан аянышты оқиға құрап, ақша сұрағандардың қолын қайтармайды.


АРЫСТАН

Қомақты ақшаға қарық боп қалу үшін Арыстандар бәріне барады. Сондықтан көбіне қаржылық пирамида, аз ақша салып, мол табысқа кенелу, инвестор болу сынды жарнамалардың құрығына тез ілінеді.


БИКЕШ

Олар – ешкімге алдана қоймайтын ерекше жандар. Өздері өзгені алдап кетпесе, Бикештердің басын айналдыру, өтірігіне сендіру, дегеніне көндіру екінің бірінің қолынан келмейді.


ТАРАЗЫ

Ешкімді алдамаса да, ойларында неше түрлі алдау-арбаудың жоба-жоспарын жасап жүретін қызық әдеті бар. Сондықтан да шын алаяқтардың әрекетінен ниетін, келесі қадамын, қолданып тұрған схемасын бірден түсініп қояды да, қақпанына түспей аман қалады.


САРЫШАЯН

Астрологтар белгі иелерін көбіне алданушылар емес, алдаушылар қатарынан көреді. Өзі алдаумен айналысатын адам өзгенің құрған торына түсе қалады деп ойлайсыз ба? Жоқ, әрине. Сарышаяндар өзге түгілі, өзіне сенбейді.


МЕРГЕН

Үнемі қолы да, ойы да бос жүрмейтіндіктен, кенеттен қоңырау шалып, өзін ресми қызметкер ретінде таныстырған алаяққа бірден сенім білдіреді. Қолына жалған құжат ұстатып алдап кету де оп-оңай, себебі оның жалған емес екенін тексеріп алу ойына кіріп-шықпайды.


ТАУЕШКІ

Асылында, Тауешкілер «Айдалада батпан құйрық, ол неғылған жатқан құйрық?» деген сөзді еш естерінен шығармайды. Сондықтан да тегін сыйлық, аз салып, көп аласың дегендерге сенбейді. Алайда осал жері де жоқ емес. Тұлғалық даму, өзіне сенімділікті арттыру, ақша потогын ашу, ойлау дәрежесін дамыту сынды тақырыптарды қамтитын кез келген қызмет, курс, кітап, марафон – бәрін шетінен сатып ала беретіні бар.


СУҚҰЙҒЫШ

Сенгіш, ақшаға алданып қала беретіндер қатарынан. Адамның бәрін өзі сияқты көреді. Ақша үшін қандай арамдыққа болмасын баруға дайын адамдардың болатынын есінен шығарып ала береді.


БАЛЫҚТАР

Өте аңғал әрі мейірімді, әлемді тек жақсы жағынан көреді, адамдар жайлы тек жақсы пікірде. Осы бір шектен шыққан қиялилығының әсерінен тұмсығының астында болып жатқан өтірік пен алдаудың иісін еш сезбейді. Көп жағдайда аты бар, заты жоқ интернет-дүкендерден сауда жасап, ақшасын толық төлеп, бірақ тауарын ала алмай қалады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ