​Қай ШЫНЫАЯҚпен шай ішкіңіз келеді?

0
242


​Қай ШЫНЫАЯҚпен шай ішкіңіз келеді?

Суретке қарап жасалатын психологиялық тест — адамның бейсанасын түсінудің тиімді жолы. Интуитивті түрде таңдау жасай отырып, біз өз ішкі жан дүниемізді ашуға мүмкіндік береміз. Бұл әдіс сіздің шынайы болмысыңызды анықтауға көмектеседі.

Осы қарапайым тест арқылы стреске және өмірдегі жаңа қиындықтарға қалай жауап беретініңізді білуге болады. Суретке қарап, қай кеседен кофе ішкіңіз келетінін таңдаңыз. Тест қиындықтарға қалай жауап беретіндігіңізді көрсетеді


Керамикалық кесе

Егер сізге кәдімгі керамикалық кесе ұнаса, демек реттілік пен жүйелілікті жоғары бағалайтын адамсыз. Болашаққа нақты жоспар құрып, бәрін алдын ала ойластырғанды ұнатасыз. Белгісіздік пен аяқ астынан болатын өзгерістерден гөрі, тұрақтылықты қалайсыз. Баяу, бірақ сенімді әрекет ету – сіздің тәсіліңіз.

Егер кофе ішуді керамикалық кесемен елестетсеңіз, демек сіз шыдам мен табандылық — кез келген кедергіні жеңудің кілті деп санайсыз. Соқыр тәуекелден қашасыз. Ұқыптылығыңыздың арқасында сәттілікке де, қиындықтарға да сабырмен қарай аласыз. Жалғыз болсын, командада болсын тұрақты өсуді мақсат ететін жансыз.


Биік кесе

Егер биік кеселер ұнаса, сізде бір уақытта бірнеше істі қатар алып жүру қабілеті жақсы дамыған. Креативті ойлау қабілетіңіз жоғары, жаңа идеялар жиі келеді. Кәсіби ортада өзіңізді сенімді ұстайсыз, жұмыс пен қарым-қатынасты шебер үйлестіре аласыз. Сіз үшін шапшаң шешім қабылдау мен бейімделу үйреншікті нәрсе. Бірақ үнемі қозғалыста болу эмоциялық күйзеліске алып келуі мүмкін, сондықтан демалысты ұмытпаған жөн. Армандарыңызды жүзеге асыру жолында өзіңізге қамқорлық жасауды да ұмытпаңыз.


Картон стакан

Егер сіз кофе-шайды картон стаканда, жол-жөнекей ішуді ұнатсаңыз, демек «жылдам сына, жылдам үйрен» деген ұстаныммен өмір сүресіз. Белгісіздіктен қорықпайсыз, керісінше, мүмкіндік ретінде қабылдайсыз. Жаңа идеялар мен әрекеттерге тез кірісесіз, бәрі мінсіз болуын күтпейсіз. Тәуекелге бейімділігіңіз жоғары, сәтсіздіктен қорықпайсыз. Керісінше, күтпеген жағдайлар сіз үшін құнды тәжірибе көзі. Дегенмен, құрылым мен жоспар сіздің идеяларыңызды тұрақты әрі нәтижелі етуі мүмкін. Сондықтан, жүрек қалауымен қатар, ақылды да тыңдаңыз.

Аударған: А. КЕРІМБЕК,

ERNUR.KZ