​Күйеуіңіздің ең жек көретіні не, білесіз бе?

0
1 236

Оны жақсы танимын деп ойлап, қателесуіңіз мүмкін.


​Күйеуіңіздің ең жек көретіні не, білесіз бе?

Адамның ішкі әлемі – үлкен құпия. Кейде ондаған жылдар бойы бірге жүрген, жақсы танимын деген жанның өзі тосын мінез көрсетіп, таңқалдыруы мүмкін. Әсіресе, ерлі-зайыптылар қаншама жыл бір шаңырақ астында тұрса да, бір-бірін толық тани алмай жатады.

Күйеуіңіздің мінезін бір кісідей білерсіз. Бір сәт ойланып көріңізші, оның бұл дүниедегі ең жек көретіні не нәрсе? Ойыңызды жұлдыз белгісіне сай сипаттамамен салыстырып көріңіз. Дұрыс тапсаңыз, құттықтаймыз, сіз өз жұбыңызды жақсы тани алыпсыз. Таппасаңыз, біле жүріңіз, міндетті түрде керек болады.


ТОҚТЫ

Олар өзіне кедергі жасағандарды және күттіріп қойғандарды мүлде кешіре алмайды. Сондықтан, оның жолына кесе көлденең тұрудан, бастаған ісіне күмән келтіріп, кері тартудан және кешігіп, күткізіп уақытын ұрлаудан абай болыңыз. Әйтпесе, қызуқанды күйеуіңізден оңбай сөз естіп қаласыз.


ТОРПАҚ

Белгі иелері эмоция жетегіне еріп асығыс, тез шешім қабылдайтындардың қатарынан емес. Сондықтан оны ешуақытта асықтырмаңыз. Бір жерге бару, бір істі бастауда да «бол-бол»-дың астына алмаңыз. Олардың өз уақыт өлшемдері бар. Асығыс қадамы не шешімі қате боп шықса, өшін өзіңізден алады. Сондай-ақ, оны назардан тыс қалдырғанды және пікірімен санаспауды көтере алмайды.


ЕГІЗДЕР

Олар адамдармен әңгіме-дүкен құрғанды жақсы көреді. Әсіресе, сөйлеуші өзі болса, таңды таңға ұрса да жағы талмайды. Ал сөзін бөлгендерді, тоқтатқанды және орынсыз киліге бергендерді суқаны сүймейді. Ол әйелі болсын, басқа болсын, өте ауыр сөзбен аямай бетін қайтарып тастайды. Сондықтан, Егіздер күйеуіңіз шабытпен сөйлеп жатқанда үндемеңіз, тек тыңдаңыз.


ШАЯН

Олар өзіне аздап сенімсіздеу, сондықтан сын көтере алмайды. Ешқашан тікелей және ауыр сын айтпаңыз. Өзіңізге ұнамаған, көңіліңізден шықпаған нәрсені тілге жеңіл, жүрекке жұмсақ тиетіндей етіп жеткізіңіз. Әр сөзіңізге абай болған абзал. Эмоционалдық ойын ойнамаңыз. Әйтпесе ойыннан өрт шығып, өзіңіз күйіп қаласыз.


АРЫСТАН

Өздерін бұл дүниеге тек көшбасшы болу үшін келдім деп санайтын Арыстандар көпшіліктің назарында болғанды жақсы көреді. Ешқашан жұрт алдында көңілін жықпаңыз. Қатты сөйлемеңіз, дауыс көтермеңіз, қарсы шықпаңыз, қатесін бетіне баспаңыз. Не айтсаңыз да оңашада айтыңыз, көтереді. Тек дүйім жұрт алдында емес. Сондай-ақ, бүкіл ел назары оған ауған кезде көпшіліктің көңіліне ортақтаспаңыз. Жалғыз өзі жұлдыз болуына мүмкіндік беріңіз.


БИКЕШ

Олар қателігін мойындай алмайды. «Сенікі – қате» деу – Бикештер үшін ең ауыр сөз. Сондықтан, онымен дауласып, ұрысқыңыз келмесе, сөзі не ісінің дұрыстығына күмән келтірмей-ақ қойыңыз. Бұрыс екенін анық көріп тұрсаңыз да. «Сенікі дұрыс» деп құтылу – нағыз сізге керек амал.


ТАРАЗЫ

Таразылар қақтығысты ұнатпайды және өзін мәжбүрлеуді, таңдау жасауды жек көреді. Сондықтан оларды ешқашан ештеңеге міндеттемеңіз, таңдау жасауға тура келетін жағдайға қалдырмаңыз. Осы жағдайға душар етсеңіз, сізге деген сезімі бір-ақ сәтте сөнуі мүмкін.


САРЫШАЯН

Жауапсыздықты, жеңілтектікті және өтірік айтқанды кешіре алмайды. Жасыруға қанша күш салсаңыз да, ақиқатын бәрібір біледі. Сондықтан, мүлде жалған сөйлемеңіз, асығыс, үстіртін шешім қабылдамаңыз және жауапсыздықпен қарамаңыз.


МЕРГЕН

Оны ешқашан өз дегеніңізбен жүргізе алмайсыз. «Менің айтқаным дұрыс, менің дегеніммен жүр» деген бұйрыққа мүлде бағынбайды. Сондықтан басқаруға, бақылауға және шектеуге тырыспаңыз. Оны қаншалықты өзіңізге жақын ұстауға тырыссаңыз, соншалықты сізден алыстай түседі. Жай ғана қалауын жасауына жол беріңіз.


ТАУЕШКІ

Бетперде артына жасырынған, жалған сөйлеген адамдарды бірден сезіп қояды. Онымен тек шынайы болыңыз. Ісі өнбейтін, салақ-олақ адамдарды да жек көреді.


СУҚҰЙҒЫШ

Олар бағынышты болып өмір сүре алмайды, еркіндікте болмаса, тынысы тарылады. Тек өз ережелерімен жүреді. Иә, ол басқаларға ұқсамайды, ерекше. Өзін осы қалпында қабылдай алады, жақсы көреді. Сондықтан, өзгертуге тырыспаңыз. Талпыныс жасағаныңызды байқаса, өзін емес, өмірлік серігін өзгертуді таңдауы әбден мүмкін.


БАЛЫҚТАР

Олардың түйсігі өте жақсы дамыған. Сезімталдығы тағы бар. Қай кезде шынайы, қай кезде жалған сөйлеп тұрғаныңызды жақсы ажырата алады. Өтірікке, алдауға жол бергендерді жек көреді. Сондықтан оны алдауға, бірдеңені жасырып-жабуға тырыспаңыз. Барлық уақытта шынайы болыңыз, тек шындықты айтыңыз.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Бір-бірі үшін жаралған жандар екенін қалай білуге болады?