​КҮЙЗЕЛІСТЕ ЖҮРГЕН ЖОҚСЫЗ БА?

0
100


​КҮЙЗЕЛІСТЕ ЖҮРГЕН ЖОҚСЫЗ БА?

Бірнеше суреттен таңдау арқылы жасалатын тұлғалық тест – танымал өзін-өзі тану форматы. Мұндай тапсырмалар өзіңізді жақсырақ түсінуге көмектеседі. Жауаптың дәлдігі кейде таңғалдырады, бірақ ол негізсіз де емес. Себебі интуиция бізге ең шынайы жауапты сездіреді. Бұл жолы сізге күйзеліс деңгейіңізді, ішкі мазасыздықтың мөлшерін анықтайтын тест ұсынамыз.


Суреттегі үш ұлу қабыршағының бірін таңдау ұсынылады. Мұқият қарап, ішкі түйсігіңізге сеніп таңдаңыз. Есіңізде болсын: бұл жерде «дұрыс» жауап жоқ. Тек сіздің таңдауыңыз ғана бар.


№1 ұлу қабыршағы

Бұл таңдауыңыз сіздің күйзеліске төзімділігіңіз жоғары екенін көрсетеді. Рухыңыздың мықтылығы кез келген сынақтан сабырмен өтуге көмектеседі. Қиын жағдайда суырылып шығатын, сабырын сақтап, логикалық шешім қабылдай алатын адамсыз.

Сізді күйзеліске түсіретін жалғыз нәрсе – қақтығыстар. Бұл тестке сай, сіз үшін ең үлкен күйзеліс көзі – агрессиялы, негатив тарататын, аурасы жағымсыз адамдармен қарым-қатынас.


№2 ұлу қабыршағы

Мұндай таңдауды көбінесе идеалист және перфекционист адамдар жасайды. Олар үшін бәрінің жоспар бойынша болмауы басты күйзеліс көзі. Жақындарын қатты уайымдайды, олардың мәселесін өзінікіндей қабылдайды. Сол себепті бұл адамдардың стресс деңгейі өте жоғары болады.

Сіз өз жақындарыңызға шексіз қамқорлық жасап, кейде өз мүддеңізді құрбан етесіз. Ал жақындарыңыз сіздің мейіріміңізді қадірлемеген кезде қатты ренжисіз.


№3 ұлу қабыршағы

Бұл тест бойынша сіз – мейірімді, сәл аңғал, болашаққа үмітпен қарайтын адамсыз. Жауапкершілігіңіз жоғары, еңбекқор және жанашыр жансыз. Жақындарыңыздың бақыты үшін көп еңбектенесіз.

Сіздің ең үлкен қорқынышыңыз – біреудің үмітін ақтамау немесе отбасыңызды ренжітіп қою.

Күйзеліс деңгейіңіз – орташа, бірақ демалысқа мұқтажсыз. Өз мүддеңізді де ұмытпаңыз, шектен шықпайтын эгоизм сізге артық етпейді. Өзіңізге қамқор болыңыз.

Аударған: А. КЕРІМБЕК,

ERNUR.KZ