МАЗАңызды алып, ҰЙҚЫңызды қашыратын не нәрсе?

0
187


МАЗАңызды алып, ҰЙҚЫңызды қашыратын не нәрсе?

Сурет: img.freepik.com


ТОҚТЫ – мазасыз ойлар (тым уайымшыл, көбінесе керексіз ойларға шомады)


ТОРПАҚ – асқазандағы артық, ауыр тамақ (жағымсыз сезімдерін тамақпен басуға тырысады)


ЕГІЗДЕР – жануарларды уайымдау (жан-жануарларды жақсы көреді, қамқорлық жасағысы келеді, әлемдегі жануарларға қатысы бар барлық мәселеге бас қатырады)


ШАЯН – қараңғы түссе болды, терең мұңға беріліп кетеді (барлық мәселесі, қиындығы, жаны ауыратын жайттардың бәрі осы кезде есіне түседі)


АРЫСТАН – тоңу, жаурау (басқа дүниенің бәрін ертеңге қалдырып, енді ұйқыға бас қойғанда бөлменің салқын болуы табиғатынан тоңғақ Арыстанның ұйқысын шайдай ашады)


БИКЕШ – өмір жайлы терең ойға батуда (философиялық ойлар Бикештердің басына күндізбен қатар, түнде де лек-легімен келе береді)


ТАРАЗЫ – өмірдегі әділетсіздіктер (қашан да әділет жолындағы күрес үстінде жүретін Таразыға күндізгі әділетсіздіктер түн баласында да тыныштық бермейді)


САРЫШАЯН – біреулермен хат алмасу (күндіз не кешкісін хат алмасу арқылы басталған әңгіменің қызығына кіріп кеткен Сарышаян сол үшін түнгі ұйқысын қиюға даяр)


МЕРГЕН – бөлме тым ыстық (салқын самалды жаны сүйеді, бөлме ауасы ыстық болса, кірпігі мүлде айқаспайды)


ТАУЕШКІ – болашақты ойлау (уайымшыл Тауешкінің ойына кеш бата бастағанда болашақ түспесін деп тілеңіз, әйтпесе түні бойы көз ілмей, аһылап-уһілеп шығуы ықтимал)


СУҚҰЙҒЫШ – армандау (арманшыл Суқұйғыштар қиял кемесіне мінгенде сағат тілінің 12-ні соққанын да, асқанын да аңғармайды)


БАЛЫҚТАР – сериал көру (Балықтар үшін сериал қарау – өмірдің бір қызығы, «енді бір серия ғана» деп отырып қалай көрер таңды көзімен атырғанын білмей қалады)

Дайындаған: А.КЕРІМ БЕК,

ERNUR.KZ