ПИФАГОР ПСИХОМАТРИЦАСЫ: туған күніңіз бойынша толық болжам

0
3 087

Ежелгі математик тірі болса, сізге осындай болжам жасар еді...


ПИФАГОР ПСИХОМАТРИЦАСЫ: туған күніңіз бойынша толық болжам

Ежелгі заманның ең білікті ғалымдарының бірі – Пифагор екені баршаға мәлім. Оның «Әлемді танығың келсе, алдымен оны басқарып тұрған сандарды таны» деген қанатты сөзі әлі күнге актуалды. Сондай-ақ, астрологияға қатысты болжамдары мен зерттеулері, математикалық есептеулері мен формулалары, геометриялық теоремалары, басқа да ғылымға қосқан үлесі жоғары бағаланып қана қоймай, қолданыстан шыққан жоқ.


Еуропалық нумерологтар әлі күнге дейін көп жағдайда Пифагор марицасы аталатын шаршылық есепті қолданады. Оның көмегімен адамның мінез-құлқы, ақыл-ой дәрежесі, денсаулық жағдайы, басқа да қасиеттері мен қабілеттеріне болжам жасауға болады. Және бұл болжам көп жағдайда дәл келеді.


Сіз де ежелгі математиктің салған жолымен өз туған күніңізді есептеп, шыққан сандардың мәнін түсіне аласыз. Байқап көріңіз, өзіңді бұрынғыдан да жақсырақ тануға бір қадам болсын.

Пифагор шаршысы – бұл 3*3 шаршы түрінде орналасқан 9 торкөзден тұратын сандық матрица. Әр торкөзде белгілі бір тұлғалық қырлар жазылады.

Мінез-құлық


Денсаулық

Сәттілік

Энергия


Логика

Парыз

Ғылым-білім


Еңбек, билік

Ақыл-ой

Адамның дүниеге келген күні, ай-жылы бойынша есеп жүргізу арқылы олардың мәні табылады.


Қалай есептеу керек?

  • Қағазға үлгідегідей 9 ұяшықтан тұратын шаршы сызып алыңыз.
  • Жаңа жолға туған күніңізді «күн. ай. жыл» ретімен жазыңыз. Біздің мысалымызда бұл – 25. 02. 1998 ж. болсын.
  • Бірінші есепте туған күн, ай, жылдағы барлық сандарды бір-біріне қосыңыз (екі таңбалы сан шықса, сол күйі қалдырасыз). Біздің мысалымызда: 2+5+0+2+1+9+9+8=36.
  • Екінші есепте бірінші есептеуде шыққан сандарды бір-біріне қосыңыз. Біздің мысал бойынша: 3+6=9.
  • Үшінші есепте туған күннің бірінші цифрын екіге көбейтіп, бірінші есептен шыққан саннан алу қажет. Мысалға қарасақ: 36-(2*2)=32.
  • Төртінші есепте үшінші есептен шыққан сан құрамындағы цифрларды бір-біріне қосу керек. Мысалдағы есеп: 3+2=5.
  • Енді «күн. ай. жыл» ретімен жазылған туған күніңіздің жанына төрт есептен шыққан мәндерді жазыңыз. Біздің мысалымыз бойынша былай жазылады:

2 5 0 2 1 9 9 8 3 6 9 3 2 5

  • Енді осы цифрлардағы сандардың әрқайсын өз ұяшығына таратып шығамыз. 1 сандары – мінез-құлық, 2 сандары – энергия, 3 – ғылым-білім, 4 – денсаулық, 5 – логика, 6 – еңбек, билік, 7 – сәттілік, 8 – парыз, 9 – ақыл-ой ұяшығына жазылады. Әр сан неше рет қайталанды, сонша рет жазу қажет. Жоқ сандардың ұяшығын бос қалдырасыз. Біздің мысалымызда кесте былай толтырылады:

Мінез-құлық

1

Денсаулық

---

Сәттілік

---

Энергия

222

Логика

55

Парыз

8

Ғылым-білім

33

Еңбек, билік

6

Ақыл-ой

999


Есептеу осымен аяқталды. Енді әр ұяшықтағы сөздер мен сандардың мәнін айқындау кезегі.

Мінез-құлық – ерік-жігер күші, мақсатқа ұмтылу, табандылық жағынан қаншалықты мықты екенін білуге болады.

Энергия – адамның ішкі энергиясы, рухы және физикалық төзімділігіне берілген баға.

Ғылым-білім – туған күн иесінің тумысында ғылым-білімге қаншалықты құмар екендігін аңғартады.

Денсаулық – жалпы денсаулық жағдайын бағамдауға көмектеседі.

Логика – рационалды логикалық ойлау қабілетінің, интуициясының деңгейін байқатады.

Еңбек, билік – адамның қаншалықты еңбекқор екенін, көпшілікке қандай әсер бере алатынын білдіреді.

Сәттілік – жолы болғыш, айы оңынан туған адам әлде керісінше, сәттілікке емес, тек өзіне сену керегін айқындауға көмектеседі.

Парыз – кісінің жауапкершілігін, басқа адамдардың алдындағы парызын, міндеттерін сезіну және орындау деңгейін адамгершілігін бағамдауға септігін тигізеді.

Ақыл-ой – есте сақтау, интеллектуалдық деңгейі қандай, ақыл-ой жұмысына бейім бе әлде жоқ па – осы сұрақтардың жауабын береді.


Әр ұяшықтағы цифрлардың санына қарап (неше рет қайталанады) сәйкес қабілеттің қаншалықты әлсіз не мықты екенін бағалай бересіз.

1 – өте төмен деңгейде.

2 – қанағаттанарлық деңгейде.

3 – қалыпты деңгейде.

4 – жақсы дамыған.

5 – өте жақсы дамыған.

6 және одан да көп – тым шектен шыққан деңгейде.

Өз туған күніңізге қарай есеп жасап, сол бойынша толтырылған кесте мен жоғарыда жазылған мәндерді сәйкестендіре отырып, өзіңіздің мықты және әлсіз тұстарыңызды айқындай аласыз. Бірақ, Пифагор психоматрицасының мақсаты мұнымен біткен жоқ. Әлсіз тұстарыңызды дамытып, деңгейін көтеру және мықты тұстарыңызды жетістікке, жақсы өмірге жету жолындағы құрал етіп қолдану – өзіңіз жалғастыруға тиіс жұмыс.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ