​Сіз ұнатпайтын түс ішкі күйіңіз туралы хабар беруі мүмкін

0
252

Белгілі бір түстерді ұнату, енді біреулерінен қашқақтау, ұнатпау тек талғамға қатысты емес.


​Сіз ұнатпайтын түс ішкі күйіңіз туралы хабар беруі мүмкін

Сурет: takprosto.cc


Оқырмандар арасында «Киім-кешек алғанда қандай түстен қашқақтайсыз?» деген сауалнама жүргізгенде, ең көп аталғаны – қызыл түс болды. Одан кейінгі орында күлгін, қара және қызғылт сары түстер жиі аталды.

Негізінде, белгілі бір түстерді ұнату, енді біреулерінен қашқақтау, ұнатпау тек талғамға қатысты емес. Оның ішкі күй, психологиямен де байланысы бар. Бізді кері итеретін, қорқытатын немесе жан дүниемізбен үндеспейтін түстер көбінесе ішкі тежеулерді, жайсыз күйлерді, қандай да бір орны ойсырап тұрған қажеттіліктерді көрсетеді.


Қызыл

Қызыл – энергия, көрініс, құмарлық, күш-қуаттың түсі. Одан қашқақтау көпшіліктің көзіне түсуден, назарда болудан қорқуды білдіреді. Жарқын немесе батыл болып көрінуден ұялу сезімі де қызылға қарсылық туғызады.


Күлгін

Күлгін – рухани байлықты, жұмбақ болуды, дәстүрлі емес, өзгешелікті білдіреді. Сәйкесінше, көбінесе ескішіл, ережелер бойынша өмір сүруге үйренген және басқалардан ерек болудан қорқатындарға бұл түсті қабылдау қиынға соғады.


Қара

Қара – қорғаныс, шекараны білдіреді. Өзін шектегісі келмейтін, әлемге «мен – еркінмін» дегенді дәлелдегісі келетіндер барлық түсті киеді, тек қарадан қашқақтайды. Екінші жағынан, қара түсті қайғымен байланыстырып жатады. Сонжықтан, қара киім-кешекті жаманшылық шақыру деп түсінетіндер де бар.


Қызғылт сары

Қызғылт сары – қуаныш, қозғалыс, стихияның символы. Сондай-ақ, барлық адамға арналмаған. Әсіресе, өмірінде еркіндік аз және бәрін басқарып, өз уысында ұстағысы келетіндердің көңіліне жақпайтын түс.


Көк

Көк – тыныштық, сенім, тұрақтылықтың түсі. Одан қашқақтау көбіне эмоцияны бақылауда ұстаудан шаршауды немесе ішкі тыныштықтан гөрі динамикаға мұқтаждықты білдіреді. Кейде бұл сезімдерді тереңдетуден қорқу да болуы мүмкін.


Жасыл

Жасыл – өсу, тепе-теңдік, табиғилық. Егер бұл түс ұнамаса, адам өзгерістерге дайын емес деген сөз. Немесе тұрақтылықтан гөрі жылдам нәтиже күтетін күйде болуы мүмкін. Кейде өзіне демалуға рұқсат бермеудің белгісі.


Сары

Сары – оптимизм, ашықтық, ой жеңілдігі. Одан бас тарту назар аударудан қорқу немесе көңілді көрінуге ішкі рұқсаттың жоқтығын білдіруі мүмкін. Кейде бұл шаршау мен эмоционалдық күйзелістің белгісі.


Ақ

Ақ – тазалық, жаңа бастама және айқындық нышаны. Оны ұнатпау көбіне «мінсіз болу» қысымынан қашу немесе өзін тым ашық көрсеткісі келмейтінін білдіреді. Бұл ішкі қорғаныстың жұмсақ түрі.


Қоңыр

Қоңыр – тұрақтылық, жерге жақындық, сенімділік. Бұл түстен бас тарту күнделікті өмірдің бірсарындығынан қашу немесе еркіндікке ұмтылысты көрсетуі мүмкін. Кейде жауапкершіліктен шаршаудың белгісі.


Сұр

Сұр – бейтараптық, эмоциялық қашықтық. Егер ұнамаса, бұл «көзге түспей өмір сүру» рөлінен бас тарту немесе айқындыққа, эмоцияға деген сұранысты білдіреді.


Қызғылт

Қызғылт – нәзіктік, сезімталдық, қамқорлық. Одан қашқақтау әлсіз көрінуден қорқу немесе эмоцияны көрсетуге үйренбегенді білдіруі мүмкін. Кейде бұл өзін қорғаудың тәсілі.


Көгілдір

Көгілдір – жеңілдік, еркін тыныс, эмоционалды ашықтық. Ал көгілдірді ұнатпау көбіне өзгерістерге сенімсіздік немесе еркіндікке шыққанда бақылауды жоғалтып алам ба деген ішкі қорқынысты білдіреді.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Туған күніңіздегі қайталанған сандар нені білдіреді?