Сурет: iliskimiznereyegidiyor.wordpress.com
Жұлдыз белгілерінің адалдығы (яғни, қарым-қатынастағы тұрақтылық, сенімділік, шынайылық) олардың басқарушы планеталарына сүйене отырып бағаланады. Төменде әрбір белгінің адалдыққа бейімділігі туралы жалпы астрологиялық түсініктер берілген.
ТОҚТЫ
Адалдық деңгейі – орташа. Қатты ғашық болса, адалдығынан таймайды. Бірақ қызбалығы мен шыдамсыздығы бар. Жеңіске құмар болғандықтан, қарым-қатынаста үстем болғысы келеді. Осы себептермен кейде бір сәттік ашумен әрекет етуіне себеп болады.
ТОРПАҚ
Адалдық деңгейі – жоғары. Тұрақты, сенімді, адал серіктес. Өз отбасын, сүйіктісін қорғап, қамқорлық жасайды. Сезімге адалдығымен қатар, иеленгіш және қызғаншақ болуы мүмкін. Сенімінен бір айрылсаңыз, қайта қалпына келтіру қиын.
ЕГІЗДЕР
Адалдық дәрежесі кейде төмен кейде орташа. Мінезі де, қызығушылықтары да құбылмалы. Назарын бір жерде ұстауы қиын. Бір адамға ұзақ уақыт адал болуы үшін қызығушылығы сақталуы керек. Олар үшін адалдық – тек сезім емес, ой мен сөз арқылы байқалады.
ШАЯН
Адалдық деңгейі – жоғары. Шаян – нәзік жанды, сезімге бай, өте қамқор. Біреуді жүрегімен қабылдаса, өмір бойы жанында болуға дайын. Бірақ сенімділік бұзылса, тұйықталып, кек сақтауы мүмкін. Оның адалдығы – толық берілу мен қорғау.
АРЫСТАН
Адалдығы бірде орташа, кейде жоғары. Қарым-қатынастан бұрын,өз абырой-беделіне адал. Өз таңдауы үшін жауапкершілік алады. Сүйген адамына сенімді, бірақ назарды үнемі талап етеді.Алданса, өз қадір-қасиетін жоғары қою арқылы алыстайды.
БИКЕШ
Адалдық дәрежесі – жоғары. Бірақ сыншыл. Жүрекке емес, логикаға сүйенеді. Адалдықты өз міндеті деп түсінеді. Ұсақ-түйекке дейін адал болуға тырысады. Күдікшіл, бірақ теріс ниеті жоқ.
ТАРАЗЫ
Адалдық деңгейі – орташа. Романтик, тартымды, қарым-қатынаста тепе-теңдік іздейді. Адал болуға тырысады, бірақ басқаның көңіліне қарап, өзін жоғалтып алуы мүмкін. Кейде жанжалдан қашып, жағдайды ушықтырмау үшін шындықты айтудан жалтарады.
САРЫШАЯН
Адалдық дәрежесі өте жоғары. Сүйген адамын беріле, терең сезіммен жақсы көреді. Біреуді шын сүйсе, жанын да береді. Бірақ опасыздықты ешқашан кешірмейді. Өте қызғаншақ, бақылаушы, серігінің адалдығына қатты мән береді.
МЕРГЕН
Адалдық: орташа. Еркіндікті жақсы көреді, сондықтан адалдық олар үшін міндет, парыз емес, таңдау еркіндігіне байланысты құндылық. Адалдықты шындықпен теңестіреді. Жалғандық жасамайды, бірақ шектеуден қашады. Еркіндігі шектелсе – қарым-қатынасқа суиды.
ТАУЕШКІ
Адалдық деңгейі – өте жоғары. Еңбекқор, жауапты, тұрақты. Қарым-қатынасқа жеңіл қарамайды, салмақты шешім қабылдайды. Сенімге берік, міндет пен парызды бәрінен жоғары қояды.
СУҚҰЙҒЫШ
Адалдық дәрежесі кейде төмен, енді бірде орташа. Жан дүниесі терең, бірақ романтикалық қарым-қатынаста сезімге емес, идеяға жақын. Адалдықты өз қағидалары арқылы түсінеді. Қоғам не ойлайтыны ол үшін маңызды емес.
БАЛЫҚТАР
Адалдық деңгейі – жоғары, бірақ эмоцияға тәуелді. Екіжақты әлемде өмір сүреді: шындық пен арманда. Адал, бірақ шындықтан қашып, эмоциямен әрекет етуі мүмкін. Қайғы мен махаббатты жүрекпен сезеді, сондықтан шын сүйсе, шексіз беріледі.
Аударған: А. Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: