Талғамыңыз ЖОҒАРЫ ма? ТЕКСЕРІП көріңіз

0
1 129

Өзіңізді талғампаз жанмын деп санайсыз ба?


Талғамыңыз ЖОҒАРЫ ма? ТЕКСЕРІП көріңіз

«Талғамға талас жоқ» деп, барлық адамды теңдей көруге тырысамыз-ақ. Алайда, талғамы биік жандарды қоғам еш себепсіз құрметтеп жатады. Өйткені, ол да таланттың бір түрі. Біреуге аз, біреуге артық беріледі. Сіз талғамы биіктердің қатарына жатасыз ба? Астрологтар жұлдыз белгіңіз арқылы білуге болады дейді.


12-орын – ТАУЕШКІ

Белгі иелері талғампаздық жағынан ең соңғы орында. Өйткені, олар таңдап-талғап жатуға көңіл де, уақыт та бөлгісі келмейді. Өз талғамын әлемге паш етуге талпынбайды. Жай ғана ғасырлар тезінен өткен, қатаң қалыптасқан классикалық үлгілермен құтыла салғанды жөн санайды.


11-орын – БИКЕШ

Сән, талғам деп бас қатырып жатпайды. Себебі, көпшілік ішінде көзге түскенді ұнатпайды, елеусіз болып қала беруді құп көреді. Олар үшін киімнің жайлылығы мен төзімділігі басты орында. Ойға да, тойға да, бауға да, тауға да кие беруге болатындарды таңдайды. Осы үш талапқа жауап беретін қарапайым киімді жылдап киіп жүре беруге бар.


10-орын – ШАЯН

Олар сән қууға қызықпағаны былай тұрсын, тіпті жек көреді. Неге қарапайым он шалбар алуға болатын ақшаға қымбат бағамен бір ғана шалбар сатылатынын түсінбейді. Атақты дизайнер тіккені үшін ғана ма? Шаяндар үшін киімді кім тіккені, қалай көрінетіні, үйлесімділігі емес, бағасы төмен, сапасы жоғары болуы басты орында.


9-орын – САРЫШАЯН

Сән әлемінің тенденциясы, киім-бұйымның үйлесімі, адамдардың қабылдауы мен сөзі… Мұның бәріне түкіргені бар. «Көңілім нені қаласа, соны киемін» деген ұстанымда. Кейде осы ұстанымның жетегіне еріп, әдейі талғамсыз, бір-біріне үйлеспейтін киімдерді киіп алады. Өзі ессіздік деп санайтын сән үдерісіне қарсылығын осылайша білдіреді.


8-орын – БАЛЫҚТАР

Сәннің соңынан қумайды. Алайда, талғаммен киінгенді дұрыс көреді. Әсіресе, киім оның рухани байлығын, ішкі әлеміндегі әдемілікті паш еткенін қалайды. Бұл қалауын жүзеге асыра алады да. Тек оның талғамы көп жандардың көңіліне қона бермейді. Өзі секілді ойлайтын Балықтарға ғана болмаса.


7-орын – ТОҚТЫ

Тоқтыларды сәнқой, талғамы жоғары деп айта алмаймыз. Бірақ, болғысы келеді, талпынады, көп ізденеді. Жыл сайынғы тенденцияларды көзден таса қылмай бақылайды. Сәнді, өз талғамына сай келетін киімді табуға уақытын да, ақшасын да аямайды. Дегенмен, мұның бәрі тума таланттың емес, тырмысудың арқасында келген жасанды талғампаздық екені білініп тұрады.

6-орын – СУҚҰЙҒЫШ

Сәнқой емес, тым қарабайыр да емес. Өзіне тән, орташа деңгейдегі талғамы бар. Егер оқып-ізденіп, көзі мен таңдап-талғау қабілетін жаттықтырса, жап-жақсы-ақ киінеді. Біраз уақыт ізденісті тоқтатып қойса, талғамы да төмендеп кетеді.


5-орын – ЕГІЗДЕР

«Сәнді, талғаммен киінуді неге сонша қиын деп ойлайды? Ішкі түйсікке сенсе болды емес пе? Қай ілгіштегі киім сенікі екенін ол өзі-ақ айтып береді» - бұл Егіздердің ойы. Себебі, оларға сәнді, талғамен киіну үшін көп күш салудың қажеті жоқ. Қай киімді қалай, немен кию керегін ішкі даусы білдіреді.


4-орын – МЕРГЕН

Дәл қазір сән биігінде қандай киім-бұйымдар тұрғанын Мергендер жақсы біледі. Олардың қайсысы өз талғамына келетінін, қайсысы өзінікі емес екенін де. Үйлеспейтін киімдерді үйлестіріп жіберіп, ешкімде жоқ ерекше стиль шығара алады. Бірақ, мұнысына өзгелер қызығып, талант деп танығанымен, өзі олай бағаламайды. Жай ғана іш пыстыратын шаруа секілді қарайды. Сондықтан да сән әлемінде Мергендер аз.


3-орын – ТОРПАҚ

Үздік үштіктің соңғы орнын Торпақтар алады. Себебі, олар талғампаз, сәннен хабары бар және осы іске қызығушылығы да жоқ емес. Шоппинг ұйымдастырғанды, жаңа үлгілермен эксперимент жасағанды жақсы көреді. Бренд киім-бұйымдарды ешқашан құнын жоймайтын қазына санайды. Сондықтан, үй, көлік секілді мүлік сатып алуға болатын ақшаға еш қиналмастан бір бренд бұйым ала салады.


2-орын – АРЫСТАН

Белгі иелерінің сән-салтанатты жақсы көретіні бесенеден белгілі. Биік талғамына сай, сәнді киім-бұйымдарды мақтану, өзінің «биіктігін» дәлелдеу үшін қолданады. Сондықтан есік алдында серуендеуге не дүкенге шықса да, сәнді әрі бренд бұйымдарға малынып жүргені.


1-орын – ТАРАЗЫ

Талғампаздық бойынша алтын медаль Таразыларға бұйырады. Сән әлеміндегі атақты тұлғалардың көпшілігі осы белгі иелері. Егер олай болмаса, кеңесшісі не көмекшісі Таразы болғаны.

Өйткені, осы белгіде туғандар сән, стиль ұғымдарын терең түсінеді. Бүкіл әлем алдағы бес жылда не киеді, нені ұнатады – осының бәрін алдын-ала сезіп қоятын қасиет иелері.

Аударған: А. Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗНАМА БОЙЫНША: Әйелдердің БАСТЫ проблемасы