Кейде ата-аналар баланың ерекшеліктерін ескермей, стереотиптік әдістерді қолданады
Әр бала – мінезі, таланты және болып жатқан жағдайға өзіндік көзқарасы қалыптасып келе жатқан жеке тұлға. Кейде тәрбие процесінде ата-аналар өз балаларының ерекшеліктерін ескермей, стереотиптік әдістерді қолданады. Өйткені олар нәрестенің жеке ерекшеліктерін қалай анықтау керектігін білмейді.
Бірақ ата-ананың басты міндеті – баланың үйлесімді тұлға болуы үшін оның дамуына, тәрбиесіне жан-жақты ерекшеліктерін ескере отырып көмектесу. Бұл ерекшеліктерді түсіну біршама күш салуды қажет етеді. Осы орайда сізге нумерология көмектеседі.
Ол үшін баланың туған күніндегі сандарды бір-біріне қосып, бір мән шығарып алсаңыз болғаны. Мысалы, 28 қыркүйек, 2014 жыл:
2+8+0+9+2+0+1+4=26,2+6=8
1 САНЫ. «1» саны бар бала – сөзсіз көшбасшы. Ол белсенді әрекеттерге бейім, үнемі назар аударуды талап етеді және басқалардан тәуелсіз болуды армандайды. Баланы қандай да бір тыйымдармен немесе шектеулермен тұншықтырмаңыз. Бойындағы көшбасшылық бейімділігін өшірмеңіз, есейген шағында өте пайдалы болады. Энергиясын дұрыс жаққа бағыттап, пайдалы кеңес беру мен қолдау көрсету жеткілікті.
2 САНЫ. Бұл балалар сүйкімді, көпшіл, сөйте тұра тұйық және ұялшақ. Ол конфликтке жоқ, құрбы-құрдастарын ренжітпейді және басқалардың көңілінен шығу үшін көп күш жұмсайды. Оған өз қабілетіне сенімділігі артатындай қолдау көрсетіңіз, махаббатыңызды беріңіз.
3 САНЫ. Олар басқалардың назарын өзіне аударғанды жақсы көреді, сол үшін бәрін жасайды. Негізінде қыңыр-қырсық емес, көпшіл, кез келген ортаның сүйіктісіне айналады. Ата-анасы мұндай баланы бір тапсырмаға зейін қоюға, назарын бір нәрсеге шоғырландыруға үйретуі керек. Сондай-ақ, олар өкпешіл келеді, сондықтан әр айтар сөзіңізді дұрыс таңдауға тырысыңыз.
4 САНЫ. Бұл бала өз еркімен шешім шығарғанды жақсы көреді және өзінің жеке шекарасын өзгелердің бұзғанын жек көреді. Өзіне сенімді және жомарт. Тәуелсіз болуды қалайды, сөйте тұра, басқалар сияқты ата-анасының махаббатын қажет етеді.
5 САНЫ. Тағдыр саны 5-ші бала білуге құмар және мазасыз, басқалардың бақылауында болғанды ұнатпайды, кез келген мәселеде дауласуға дайын тұрады. Заттарды одан жасырып не қолжетімсіз жерге қойып жүруге тура келеді, өйткені бірнәрсені бұзу не өзі жарақат алу жағдайы көп орын алады. Сырттай қатал болып көрінгенімен, ата-ана, бауырларын қатты жақсы көреді.
6 САНЫ. Бұл баланы жалғыз қалдыруға болмайды, ол әрқашан достарының ортасында болуы керек. Қыңырлығы болғанымен, сүйкімділік пен достықтан кенде емес. Баланың эмоционалдық жай-күйін теңестіріп отыруға тырысыңыз. Сондай-ақ, сын айтуда абай болыңыз, барынша жақсы жеткізуге тырысыңыз. Себебі сынды ауыр қабылдап, ұзақ уақыт ренжіп жүретіні бар.
7 САНЫ. Бұл – ең қиын балалардың саны. Оның кез келген тақырыпта өз пікірі бар, одан айныту оңай болмайды. Сөйте тұра, ата-анасына үлкен қуаныш сыйлайтын, өте сабырлы және сезімтал бала. Негізгі артықшылығы – ақыл-ой қабілеттері. Оларды барынша дамытып, қызығушылықтарына қолдау көрсетіңіз.
8 САНЫ. Өз дегеніне жету үшін сүйкімділігін белсенді түрде қолданатын қу бала. Сонымен қатар, өте қызғаншақ, махаббатқа мұқтаж. Оны жақсы көретініңізге күмәні болмайтындай сендіріңіз. Балаға ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс формада үздіксіз түсіндіруді тоқтатпаңыз.
9 САНЫ. Баланың сан қырлы таланты мен керемет қиялы бар. Өзінің қыңырлығына қарамастан, сізге қиындық тудырмайды. Бала өте жан-жақты, оған барынша көңіл бөлуге және оның талантын дамытуға тырысыңыз. Жақсы көретініңізді үнемі айтыңыз. Өзі эмоционалды түрде сараң болғанымен, басқалар тарапынан жақсы эмоция сезінуді қалайды.
Әр адамның жеке дара ерекшеліктері болатынын ұмытпау керек. Сандар бізге тек негізгі сипаттамаларды айтады, ал қалғанының бәрі өзіңізге байланысты.
Аударған: А. Мейірханқызы,