​Туған күніңізге қарап өз аураңыздың түсін біліңіз

0
3 571

Әр адамның аурасының түсі, қалыңдығы, өлшемі, сапасы мен иісі де сан алуан болады екен.


​Туған күніңізге қарап өз аураңыздың түсін біліңіз

Аура деп адамның тұла бойын қоршап тұратын, көзге көрінбейтін, алайда сезуге болатын энергетикалық қорғаныс қабатын атайды. «Аура» сөзінің мағынасы біздің тілімізде леп, желдің есуі дегенге саяды.

Дәстүрлі медицинада аса мойындалмағанымен, дәстүрлі емес медицина өкілдері, энергетиктер мен эзотериктер бұл биоөрісті маңызды санайды. Аурасы арқылы адамның жан дүниесі қандай күйде, мінез-құлқы және өмірлік миссиясы, айналасына әсері туралы біраз ақпарат алуға болатынын айтады. Рухани жандүниесі бай көшбасшылардың аурасы күшті әрі саф таза болып келеді екен. Сондай-ақ, айтуларынша, әр адамның аурасы түрлі түсте, әртүрлі қалыңдықта, өлшемі де түрліше әрі сапасы мен иісі де сан алуан болатын көрінеді.

Адамзат баласының аурасы түрлі-түсті палитраға толы. Әр жан иесінің саусақ таңбасы өзіне ғана тән, ерекше болатыны секілді, аурасының түсі де айрықша болып келеді. Дегенмен, жалпылама бірнеше түске бөліп топтастырып, соған сәйкес сипаттама береді. Өз аураңыз жайлы толық ақпарат алғыңыз келсе, энергетик немесе эзотерик көмегіне жүгіну қажет. Ал дәл қазір қызық болса, туған күніңіздің санына сәйкес келетін сипаттаманы төменнен оқып көріңіз.


1-4 аралығында туғандар

Сізге жасыл түс сәйкес келеді. Бұл түс бойыңыздағы қайырымдылық пен досқа адалдық сынды қасиеттеріңізді паш етеді. Сондай-ақ, өзгерістерге оңай бейімделуіңізге көмектеседі. Бойыңыздағы жылуға жылу үстеп, айналаңызға жақсы адамдардың жиналуына сеп болады. Сондықтан, киім-кешегіңізде болсын, бұйымдар мен аксессуарларда болсын осы түстің кездесуіне мән беріңіз.


5-9 аралығында дүние есігін ашқандар

Бұл күндердің тумаларына сары түс сәйкес келеді. Шығармашылық қабілетін, коммуникацияға бейімділігін пайдалана отырып, жақсы жетістіктерге жетуіне көмектеседі. Әрқашан көпшілік ортасында, басты назарда болуыңызға, сүйікті ісіңізбен айналысуыңызға жәрдемі тиеді. Сол себепті киім-кешек не бүйым аларда сары түстілеріне көз салып жүріңіз.


10-14 аралығында дүниеге келгендер

Айдың 10, 11, 12, 13, 14-жұлдыздары тоқсары түспен сипатталады. Бұл түс айналаңызға сіздің өте сезімтал және орнықты, сенім артуға болатын тұлға екеніңізді хабарлайды. Сонымен қатар, шексіз мейірім мен жомарттығыңыздың арқасында айналаңыздағы мұқтаж жандарға жасаған қайырымдылығыңыз өзіңізге еселеп қайтуына септеседі.


15-19 жұлдызда туғандар

Сіздің аураңыздың түсі тым ерекше, индиго (қара-көк). Сырт бейнеңізде де осы түсті жиірек қолдансаңыз, бәрі де білімге қаншалықты құштар әрі қандай мықты мінез, асқақ рух иесі екеніңізді беске білетін болады.


20-24 жұлдызда дүниеге келгендер

Сіздің аураңыздың түсі – қызыл. Бұл түс сіздің көп жағдайда әлсіздерге билігіңізді жүргізіп, бағындырғыңыз келетін, сондай мүмкіндік іздеумен болатын филантроп екеніңізді мәлімдейді.


25-29 күндері өмір есігін ашқандар

Сіздің түсіңіз – күлгін. Киім-кешек, бұйымдарыңызда осы түс жиі кездескен сайын жаратылыс берген айрықша түйсігіңіз одан әрі тереңдеп, сезімтал бола түседі. Тіпті, кей жағдайларда алдағыны болжау да қолыңыздан келеді.


30-31 күндері туғандар

Айдың соңғы күндерінде дүние есігін ашқандардың түсі – қара. Олар – материалдық құндылықтарды жоғары қоятын, жету жолында табанды тер төгетін еңбекқорлар. Бұл күндердің «балаларын» алға қойған мақсатынан, дұрыс деп тапқан жолынан тайдыру өте қиын, тіпті мүкін емес.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ТАБЫСыңызды көбейтудің бір ғана ҚҰПИЯСЫ