2021 жылдың маусым айына арналған қаржылық жұлдызнама.
аздың бірінші айы қуанышты оқиғаларымен, толағай табыстарымен келеді. Сондықтан әр адам өзінің жұлдызнамасы бойынша маусым айында не күтіп тұрғанын біле жүргені абзал. Бүгінгі болжам қаржы тұрғысынан қарастырылып отыр. Болжам кері болса, қарсы күресуге, оң болса, ілесіп кетуге тырсыңыз.
Тоқты
Тоқтылар қандай қызмет атқаратынына қарамастан, мансап, бизнес немесе жұмыс іздеу тұрғысынан жақсы нәтижеге қол жткізе алады. Бірақ, қандай да бір қолдау немесе көмек ала алмайды дейді астрологтар.
Торпақ
Торпақтар күнделікті тіршіліктің шекарасынан шықпаса, маусым айында алға қойған мақсаттарына жете алмайды. Өйткені бұл кезең жаңа әдістер мен нұсқаулықтарды қолдану үшін қолайлы және солар арқылы мәселені оңай шеше алады. Ең бастысы – мақсатқа тез жету үшін қыңыр болмау керек.
Егіздер
Ал, егіздер өз тіршілігін бір арнаға тоғыстырып, тыныш әрі тұрақты болуы керек. Жұмыс стилін, әдістерін өзгертуге қарағанда, шығармашылықпен айналысу қосымша қаржы түсіреді.
Шаян
Шаяндар үшін жаздың алғашқы күндері сәтсіз болып, күтпеген жерден олардың жоспарларына кедергі туындауы мүмкін. Идеялары керемет болса да, бір орыннан жылжи алмай қалады. Бірақ, бұл сәтті ойлануға пайдаланғандар артынша мол табысқа кенеледі.
Арыстан
Арыстандар маусымда айналасындағы оқиғаларды толық бақылауға алғаны дұрыс. Егер олар нәтижеге жету үшін бар күшін салса, өздері күткеннен де асып түседі.
Бикеш
Егер маусым айында бикештердің бойын жалқаулық билеп, соған бой алдырса, қаржылық тұрғыдан құрдымға кетеді. Ал, жұмысыңыз жалықтырса, оны аустырудан қорықпаңыз. Бастысы – жалқау болмау қажет.
Таразы
Таразылар бұл айда тұрақтылыққа мән беруі қажет. Сондай-ақ, сезіммен емес, логикамен әрекет етсе, сәтсіздіктен аулақ болады.
Сарышаян
Ал, сарышаяндар сыртқы әлемнен оқшаулануы керек. Өйткені, жалған ақпараттар, орынсыз айтылған сындар оларды дұрыс жолдан тайдырып жіберуі мүмкін. Кез келген істі соңына дейін жеткізсе, жетістікке жетеді.
Мерген
Маусымда кәсіпкер мергендердің ісіне қауіп төнуі мүмкін. Ал, сақтанғандар пайдаға кенеледі. Сондай-ақ, өзге де белгінің мүшелері кәсіпкерлік тұрғыдан кедергіге тап болуы ғажап емес.
Тауешкі
Тауешкілер бұл айда әріптес, серіктес немесе басшыларымен қандай да бір келіспеушілікке барудан сақтанғаны дұрыс. Өйткені, маусым – олар үшін командалық жұмысқа таптырмас кезең. Қаржылай пайда да команданың жұмысына байланысты.
Суқұйғыш
Ұстамдылық, тұрақтылық – суқұйғыштардың жетістігінің жалғыз құпиясы. Олар осы қасиеттердің арқасында жеңіске жетеді. Қаржылық жағдайды реттеп, кәсіби қызметте алға жылжу үшін әр қадамын аңдап басуы керек.
Балықтар
Қолында бар қаражатты қажетті жерге жұмсай, кейінге қалдырған балықтар өздеріне зиян тигізеді. Қалтасындағы қаржысын пайдалы іске жұмсаса, оның орны оңай толығады.
Аударған: А.Бектұрған,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: