Басқа адамдармен сөйлесу, сырласу, тіл толыққанды өмір сүруіміздің, жарасымды ортада болуымыздың және рухани өсуіміздің маңызды бөлігі.
Сурет: i.pinimg.com
Адам – әлеуметтік тіршілік иесі. Табиғаты бойынша жалғыз өмір сүруге бейімделмеген. Басқа адамдармен сөйлесу, сырласу, тіл табысу – әлеуметтік қажеттілік, оден бөлек рухани, психологиялық және биологиялық тұрғыдан да маңызды өмірлік қажеттілік.
Сөйлеу – ішкі әлемді сыртқа шығару құралы. Сөз арқылы ойымызды білдіреміз, сезімімізді жеткіземіз, жақындық орнатамыз. Егер адамда өз ойы мен сезімін жеткізетін, оны түсіне алатын адам болмаса, ішкі күйзеліс, жалғыздық сезімі пайда болады.
Сырласу – жанның емделуі. Адам ішкі дүниесін ашқанда, эмоциялық жеңілдік алады. Шынайы сырласу сенімді арттырады, жақындықты күшейтеді, жан жарасын жазады.
Ал тіл табысу – үйлесімді өмір сүрудің кілті. Отбасында, жұмыста, қоғамда жанжалсыз өмір сүру үшін адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу өте маңызды. Бұл ынтымақтастықты арттырады, қиындықтарды бірге жеңуге жол ашады, ортақ мақсатқа жетуге көмектеседі.
Басқа адамдармен сөйлесу, сырласу, тіл толыққанды өмір сүруіміздің, жарасымды ортада болуымыздың және рухани өсуіміздің маңызды бөлігі.
Әр жұлдыз белгісінің адамдармен сөйлесу, сырласу, тіл табысу қабілеті әртүрлі. Төменде жұлдыз белгілеріне қарай қысқаша психологиялық болжам ұсынамын — олардың қарым-қатынас дағдылары мен адамдармен тіл табысу ерекшеліктері сипатталады:
Тоқты
Ашық, шыншыл, кейде шапшаң сөйлейді. Қарым-қатынаста тік, эмоцияларын жасыра алмайды. Сырласу қиын емес, бірақ терең сезімдерін айтуы қиын болуы мүмкін.
Торпақ
Сабырлы, байсалды, сенімді. Адамдармен тіл табысып кетуі үшін біршама уақыт қажет. Сырын бірден ашпайды, бірақ сенімге кірсе, өте берік дос.
Егіздер
Сөйлесу шебері. Ақпаратқа бай, қызықты адам. Кез келген тақырыпта сөйлесе алады. Сырласуға бейім, бірақ терең байланыс орнатуға қашқақтауы мүмкін.
Шаян
Эмоцияға толы, ішкі әлемі бай. Сырласуға бейім, бірақ алдымен сенім қажет. Тіл табысқанда терең сезіммен байланыс орнатады.
Арыстан
Харизмасы жоғары, әңгімешіл, ортаның назарында болуды ұнатады. Адамдармен тез тіл табыса алады, бірақ өзі туралы көп айтады.
Бикеш
Талдауға бейім, ұсақ-түйекке мән береді. Эмоциясын ашық білдіре бермейді. Сөйлеу кезінде нақты, дәл болуға тырысады. Ішкі жан-дүниесін сирек ашады.
Таразы
Әдепті, дипломат. Жанжалдан қашады, келісім іздейді. Сөйлесу стилі жұмсақ, жылы. Эмоциясын сезіндіре алады, сырласу оңай.
Сарышаян
Жұмбақ, тұйық, бірақ сенім артса, өте шынайы. Әңгімеде нақты, эмоциясын іште ұстайды. Сырласу үшін терең қарым-қатынас керек.
Мерген
Әзілқой, ашық, шындықты бетке айтады. Философиялық тақырыптарда сырласқанды ұнатады. Адамдарға сенгіш, ортаға тез бейімделеді.
Тауешкі
Салмақты, сабырлы, ұстамды. Көп сөйлемейді, бірақ тұщымды, орынды сөз айтады. Тіл табысуы ұзаққа созылуы мүмкін, бірақ шынайы қарым-қатынас құруға бейім.
Суқұйғыш
Ерекше ойлайтын, жаңашыл. Көпшілікпен араласқанды ұнатады, бірақ эмоциясын көп ашпайды. Тіл табысуда креативті, бірақ кейде суық көрінуі мүмкін.
Балықтар
Романтик, қиялшыл. Эмпатиясы жоғары, кез келген адамның жан-дүниесін түсіне алады. Сөйлесу мен тіл табысу – табиғи қабілеті.
Аударған: А. Мейірханқызы,