Әркім қарым-қатынаста қандай да бір қателіктер жібереді. Қатесін түземейінше, бақытты боламын деуі – бос үміт.
Әркім қарым-қатынаста қандай да бір қателіктер жібереді. Осы қателіктер жақсы арақатынас құруға үлкен кедергісін келтіреді. Қатесін түземейінше, бақытты боламын деуі де бос үміт.
Дәл сіздің қарым-қатынастағы басты қателігіңіз неде? Оны түзетудің негізгі құпиясы қандай? Осы сұрақтардың жауабын астролог маман жұлдызбелгіңізге қарап айтып береді.
ТОҚТЫ
Қарым-қатынасқа түк қатысы жоқ адам сияқты жүрмеңіз. Сіз де үлесіңізді қосыңыз, жақсаруына атсалысыңыз. Себебі, отбасы болу – 2 адамның еңбегінен құралатын одақ.
ТОРПАҚ
Эмоция білдіруде шынайы болыңыз. Екінші жартыңызға сезімдеріңізді, көзқарасыңызды, ойыңызды ашық білдіруден жасқанбаңыз. Бұл бір-біріңізді жақын танып, жақсы түсінуге көмектеседі. Шынайылықпен басталып, шыншылдықпен іргесі қаланған қарым-қатынас қана берік болады.
ЕГІЗДЕР
Екінші жартыңызды қатаң қадағалау, жіті бақылауды доғарыңыз. Арақатынаста еркіндік, жеке шекара, сенім дегендерге орын болмаса, бір-біріңіздің өміріңізден де тиісті орныңызды ала алмайсыздар.
ШАЯН
Өткен арақатынастағы тәжірибеңізді бұл қатынасқа тықпалай бермеңіз. Ол кездегі сезімдер, сөздер, оқиғалар – бәрін ұмытыңыз. Қазіргі өміріңізге зияны тиюіне жол ашпаңыз.
АРЫСТАН
Есіңізде болсын, бақыт – тыныштықты жақсы көреді. Екінші жартыңызбен арада болған әрбір жайт – екеуңізге ғана ортақ құпия болып қалуға тиіс. Оны басқалармен бөліспеңіз.
БИКЕШ
Тәуліктің барлық сағатын, минут-секундын бірге өткізулеріңіз міндетті емес. Өзіңіздің де, екінші жартыңыздың да жеке шекарасы, өз уақыты болуы керегін ұмытпаңыз.
ТАРАЗЫ
Үшінші адам – қашан да артық. Екеуара мәселелерді шешіп беру үшін үшінші біреуден көмек сұраудың, дау-жанжал туғанда төрелігін сұраудың түкке қажеті жоқ.
САРЫШАЯН
Екінші жартыңыз құмалақшы, балгер, экстрасенс болмаса, «ішімдегіні тап» деп тымпия қалуды доғарыңыз. Қалауыңызды, ойыңызды ашық жеткізуді үйреніңіз. Сонда реніш те, түсініспеушілік те азаяды.
МЕРГЕН
Ескерту дабылы қағылған тұстан елең қылмай өтіп кетуді қойыңыз. Көп жағдайда өзіңіз «Бұл – осылай сияқты» деп ойласаңыз, ол шынымен сондай.
ТАУЕШКІ
«Үй болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» деген сөзбен қарым-қатынастың 80 пайызын құрайтын дау-жанжалды елемеуге болмайды. Одан да азайтудың амалын бірге іздесіңіз.
СУҚҰЙҒЫШ
Қиындықтар мен мәселелерді ешкімге айтпай, іштен тынып жүре беруге болмайды. Жақын адам – барлық нәрсеңді бөлісетін адам. Әйтпесе, әйтеуір бір күні бомба боп жарыласыз да, өзіңізбен қоса, отбасыңыздың да күл-талқанын шығарасыз.
БАЛЫҚТАР
Екінші жартыңыздың бар-жоғын байқамау, талап-тілегін елең қылмау – ең үлкен қатеңіз. Ол сізден барынша алыстап, қайта жақындамастай болғанын аңғарған кезде «Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп бармақ тістеуіңіз бек мүмкін.
Осы айтылған қателерге жол бермеуге барыңызды салып, кеңестерге құлақ асып, жүзеге асыра алсаңыз, бақыт басыңызда ұзақ орнайды.
Аударған: А. Мейірханқызы,