Ер-азаматтың үй шаруасына епті болуы отбасы үшін аса маңызды.
Ер-азаматтың үй шаруасына епті болуы аса маңызды. Бұзылғанды жөндеп, қисайғанды түземесе, қолына балға мен шегені сирек алса, кетпен-күрекпен тіптен дос болмаса, бұл – отбасы үшін әжептәуір мәселе.
Сырт көзге алғыр, пысық, табысты болып көрініп жүрген жігіттің қолынан бәрі келеді деп ойлау оңай. Алайда, ол алдамшы болуы әбден мүмкін. Сондықтан, бойжеткендерге кеңес: шаруаға қырсыз серінің құрығына түспеу үшін алдымен оның жұлдыз белгісін біліп, төменнен сипаттамасын оқып алыңыз.
Тоқты
Олар үйдегі ұсақ-түйек шаруаға, қара жұмысқа құлшынып тұрмайды. Есесіне, біреуге бұйырып, орындатудың шебері. Алда-жалда бір істі қолға ала қалса, нәтижелі тындырады. Тек ол үшін талпынысын, құлшынысын оята білу керек. Әйипесе, анау-мынауға қолын былғай бермейді.
Торпақ
Негізінде олардың қолынан келмейтіні жоқ. Үй салу, ағаш отырғызу, бақша баптау, көлік жөндеу, басқа да шаруалардың дөңгелегін шыр айналдыруға шамасы бар. Алайда, жасауға жалқаулық жібермейді. Есесіне, сүйікті жұмысымен айналысып, мол табыс тауып, содан соң үйдегі шаруаны жалдамалы жұмысшыларға тапсырудың шебері.
Егіздер
Өздерінің үй шаруасына епті екенін көрсетуге, мақтануға ұмтылысы зор. Сол мақсатпен аяқ астынан бір істі оңай бастап кете салады. Бірақ, соңында көз қуантарлықтай, көңіл толарлықтай нәтиже бола бермейтіні өкінішті. Оған екі себеп бар. Біріншісі – тез тұтанған қызығушылығының тез басылатыны. Екіншісі – шын мәнісінде мұндай шаруаларға епсіздігі. Сондықтан, Егіздер үйде бір шаруаны бастады екен, көп ұзамай аяқсыз, құрал-саймандары әр жерде шашылып қалатынын біле беріңіз.
Шаян
Олар нағыз шаруақор, он саусағынан өнер тамған шеберлер. Үйдегі шаруаларды біреуге ақы төлетіп жасату деген миына сыймайтын дүние, оған үнемшілдігі жібермейді. Екінші жағынан, өз мекенін жақсы көретіні соншалықты, оны ешкімге сеніп тапсыра алмайды. Бәрінің өз ойындағыдай мінсіз болып шыққанын қалайды.
Арыстан
Олар көбіне ақсаусақ болып келеді. Сондықтан, мүмкіндік болса, үйдегі іш пыстыратын істерді, шаршататын шаруаны ақысын төлеп біреуге жасата салғанды құп көреді. Ал оған мүмкіндігі болмаса, өзі кіріседі. Мойындау керек, шындап кіріссе, істің көзін тауып, жақсы нәтижелерге жеткізе алады.
Бикеш
Жалпы, олар қол еңбегіне епті адамдар. Алайда, дене еңбегімен айналысатын мамандықта жүргендер ғана осы ептілігін әрі қарай дамытып, шеберлігін шыңдайды. Ал, ғылым не бизнес жолына түскен Бикештердің негізгі еңбек құралы – ми болып қалады да, басқа қабілеттері біртіндеп өшіп кетеді. Тек кей жағдайда ескі сағат не мотор мезанизмін шұқылап, жөндеуге тырысуы мүмкін. Алайда, оның өзі жөндеуді қажет деп тапқандықтан емес, жай ғана миын тынықтырғысы келгендіктен.
Таразы
Олар үйде өз қолымен бірдеңе істей қала, онысы тек интерьер үшін. Мәселер, ағаштан қандай да бір мүсін ою, кілемше тоқу, киім тігу... Ал, физикалық күшті, ауыр дене еңбегін қажет ететін, шаң-тозаңға батыратын жұмыстарды айналып өтуге тырысады. Жер қазып, шеге қаққаннан көрі айналасын әсемдегенді, безендіргенді көбірек ұнатады.
Сарышаян
Тұрмыстық түйткілдерді шешуден, үй шаруасын жасаудан аса қиналмайтын шамасы бар. Себебі, қолынан көп нәрсе келеді. Бірақ, сонысын іс жүзінде көп қолдана бермейді. Одан да сол істің шеберін тауып, ақыға жасата салғанды жөн көреді. Бірақ, сол шеберлердің өзінен сын, ісінен мін тауып, мазасын қашыратыны бар.
Мерген
Жұмыстан шаршап келген соң үй шаруасына шатылғанды ұнатпайды. Бос уақытында айналысатын одан да маңызды шаруалар көп деп санайды. Алайда, қирап-құлап болмай жатса және ақыға жасатуға ақшасы жетпесе, амалсыз жасауға кіріседі. Құлықсыз жасағандықтан, кейде қатырмайды. Ал кейде сәттілік серік бола кетсе, көңіл толарлықтай жасап шығуы да бек мүмкін.
Тауешкі
Олар үйіліп жатқан қоқыстан да қажетке жаратуға болатын бір дүние құрастырып шығара алады. Шөп шықпайды деген ақ тақырды гүлзарға айналдыру да қолынан келеді. Бөлменің жөндеу жұмыстары, тіпті жаңа үй құрылысын да сеніп тапсыруға болады. Шаруақор, еңбектен еш қашпайтын Тауешкілердің үйінде еркектің қолын қажет ететін жұмыстар ешқашан қарап тұрмайды.
Суқұйғыш
Олардың қолынан біраз шаруа келеді. Тек, ол қабілетін артынан итермелейтін, алдынан сүйрейтін біреу болса ғана қолданады. Ол бірге жүріп жасасатын әйелі, серіктесі не анасы болуы мүмкін. Егер жанында қолпаштайтын, мақтайтын ешкім болмаса, бастаған ісін кез келген жерден тастап кете салуы мүмкін.
Балықтар
Бұл белгіге жататын жігіттерді екі топқа бөлуге болады. Біріншілер – қол еңбегімен анйалысқанды ұнататын, үй шаруасына қызығушылық танытатындар. Екінші топ – бұранданы оң бұрай алмайтын, балғасы шегеге емес, өз қолына тиетін олақтар. Бір қызығы, екінші топ өз қолынан ештеңе келмесе де, өзгенің жасаған ісінен кемшін тұстарын байқағыш және түзеткіш болып келеді екен.
Аударған: А.Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Жұлдызнама бойынша: ОЛ қандай КИНО көргенді ұнатады?