ЖЫЛДЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ – бұл жазда неге басымдық берген жөн?

0
301


ЖЫЛДЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ – бұл жазда неге басымдық берген жөн?

Жазғы демалыс – адамның ішкі қуатын қалпына келтіріп, жаңа идея мен сергектік сыйлайтын маңызды кезең. Нумерология тұрғысынан жазғы демалысқа қатысты мынадай болжамдар жасауға болады.

Биылғы жыл саны – 9 (2+0+2+5=9).

9 саны – циклдің аяқталуы, рухани өсу, кешіру, тазару, ескі жүктен арылу, тынығу, ізгілік пен қайырымдылық символы. Бұл – өткенді түйіндеу, жүктен арылу, ішкі тазалық, рухани биіктеу кезеңі. Сәйкесінше, 2025 жылы демалыста жан тыныштығы, ішкі тәртіп маңызды болады.


1-мақсат – жан мен тәнді тазарту

Ішкі тыныштыққа келу, эмоциялық балансты қалпына келтіру үшін табиғат аясында көбірек болу маңызды. Таулы, орман-көлді аймақтарда медитация, ретрит, йога демалыстарын ұйымдастырудың тиімділігі жоғары. Өз ойыңмен жалғыз қалатын тыныш орындар (ауыл, дала, тыныш шипажайлар) да болады.


Сапарға шықсаңыз, «жалқау демалыстан» көрі киелі, тарихи, мағыналы орындарға баруды таңдаған абзал. Себебі 9 саны – өткенмен байланыс, тарих, білім.


2-мақсат – өткенмен қоштасу, ішкі қорытынды жасау

Өткен өмір кезеңдеріне талдау жасау, қажетсіз ойлар мен өкпелерден арылу. Бұл үшін ең тиімді жолдар – күнделік жазу, ой тереңіне шому. Рұқсат беру, кешіру, босату (мысалы, қағазға жазып, өртеу, суға тастау, т.б.) сынды әртүрлі психологиялық тәсілдерді де қолданып көріңіз.


3-мақсат – қайырымдылық пен жанашырлық жолы

Мақсат – өзгелерге қол ұшын беру арқылы рухани көтерілу. Волонтерлік іс-қимылдарға қатысу, балалар лагерьлерінде көмекші болу, экологиялық немесе әлеуметтік жобалардың ісіне үлес қосу сияқты амалдар көздегеніңізге тез жетуге көмектеседі.


Адамдармен қарым-қатынас – терең, сапалы болуына мән беріңіз. Бос әңгімеден, шулы ортадан гөрі жан-дүниеңізге пайдалы, шынайы байланыстар орнату маңызды.


4-мақсат – жұмыс пен қаржыны емес, рухани жақты басым ету

2025 жылы қаржылық табыстан бұрын рухани қанағат, жеңілдік маңыздырақ болады. Бұл үшін ұсынылатын әрекеттер – жұмыстан толық үзіліс алу, демалысты «қызмет бабында» емес, ешқандай маңызды миссиясыз, арнайы мақсат-міндетсіз, өзіңіз үшін еркін өткізу.

Дайындаған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ