Қандай ГОРМОН жетіспесе адам СЕМІРІП кетеді?

0
17 301

​Диета кезінде салмағыңыз түспей тұрып қалса, мына 9 гормонның жұмысына мән беріңіз.


Қандай ГОРМОН жетіспесе адам СЕМІРІП кетеді?

Ағзалар бір-бірімен тікелей байланыста болғандықтан оларды бір-бірінен бөліп жару мүмкін емес. Сол секілді бірінің жұмысы бұзылса, екіншісі де сыр бере бастайды. Ал, артық салмақтан арылуды мақсат тұтқандарға өз денсаулығына, гормондар жұмысына ерекше көңіл бөлуге тура келеді. Әсіресе күніне кем дегенде 100 гр. минусқа кетпей тұрып қалса, төмендегі кеңестерге көз жүгіртіп көріңіз.


Тиреоидит гормоны

Салмақтың артуына бірден-бір себеп болатын жағдай – қалқанша без жұмысының бұзылуы. Аталмыш без зат алмасу жүйесінің жұмысына жауап береді. Мамандардың айтуынша зат алмасу жұмысы бұзылса салмақтың артуынан арылу да қиынға соғады. Метаболизмнің қалыпты жұмыс істеуіне қалқанша безінен бөлініп шығатын Т3, Т4 және кальцитонин гормондары жауап береді. Егер дәл осы гормондар ағзаға жеткілікті түрде бөлінбесе, гипотиреоз пайда болады. Бұл дегеніміз ағзаға артық су жиналып, адам ісініп кеткендей немесе семіргендей қалыпта болады.

Осындай жағдайда не істеу керек?

Ең алдымен йодталған тұзды пайдалануға көшіңіз. Д дәруменін қабылдау керек. Сонымен қатар, құрамы мырышқа бай тағамдарды ас мәзіріне көбірек қосқан дұрыс.


Кортизол гормоны

Бұл гормонмен барлық диетологтар ұсынған кеңестер байланысты деуге болады. Өйткені кортизол өте «сезімтал» гормондардың бірі. Оның қызметі қандағы қантты көбейту арқылы адамды стрестік жағдайдан шығару. Яғни, жүйкеңіз жұқарып тұрғанда жақыныңыз тәтті-дәмділер ұсынып, шай ішіп алу керектігін айтса, сіз де сол нәпсіге беріліп, кортизол гормонын алуға тырысасыз. Кімде кім үнемі стрестік жағдайда жүретін болса, оның ағзасы кортизол гормонын көптеп бөлетінін ұмытпауы тиіс. Нәтижесінде майлар бүйіріңізге жинала бастайды.

Осындай жағдайда не істеу керек?

Ең бірінші кезесте – ұйқыны дұрыстаңыз. Күніне 8 сағат ұйықтап, алкогольді ішімдіктерден бойды аулақ ұстаймыз. Йога жаттығуларын жасап, стреске қарсы барлық құралдарды пайдалануға болады.


Лептин гормоны

Лептин – бізге қарынның тойғанынан хабар беретін гормон. Ол қаншалықты көп бөлінген сайын, ағза бұл гормонға көңіл бөлуін азайтады. Лептин бауыр мен қарынның айналасында пайда болатын май клеткаларынан жасалады. Өте қауіпті гормон деп айтуға болады. Себебі, лептин көп бөлінген сайын, адам артығымен тамақтануға әдеттеніп алады екен.

Осындай жағдайда не істеу керек?

Мұнда да жанның тыныштығы, ұйқының қануы маңызды. Бірақ та қоңыр салқын бөлмеде ұйықтаған абзал. Жемісті аз жеп, аскөкті көбірек жеуге кеңес береміз. Сонымен қатар, ұннан жасалатын өнімдерді тамақтану рационынан мүлде шығарып тастау керек. Салқын-жылы душ қабылдауды әдетке айналдырсаңыз тіпті жақсы көмектеседі.


Мелатонин гормоны

Егер мелатонин жұмысы бұзылса, ұйқы кезіндегі бүкіл ағзаның қалпына келу процесі жұмысының бұзылғаны дей беріңіз. Бұған қоса, кортизол гормоны көбейіп, қандағы қант деңгейі көтерілетінін де естен шығармау қажет.

Осындай жағдайда не істеу керек?

Ұйқыға жатардан алдын тамақтануға, смартфон, компьютерге үңілуге болмайды.


Грелин гормоны

Грелин – ашығу гормоны. Қатал диетада отырғандар мен ораза ұстаушылар осы гормонның зардабын көп тартады. Себебі ашуғы кезінде грелин гормоны өте көп бөлінеді.

Осындай жағдайда не істеу керек?

Көк түсті көкөністерді көбірек жеуге тырысыңыз. Ал, дәнді-дақылдар мен жемістерді өте аз тұтыну керектігін ескертеміз.


Инсулин гормоны

Инсулин – глюкозаны жасушаларға тасымалдаушы. Кейіннен энергияға немесе майға айналуы адамның өзіне балйанысты.

Осындай жағдайда не істеу керек?

Ең бірінші газды сусындардан тас тартыңыз. Көбірек су ішіп, аскөк жеңіз. Көкөністер мен ет, бауыр да артықтық етпейді. Сонымен бірге, омега-3 майлы қышқылын қабылдаған да дұрыс.


Тестостерон гормоны

Жалпы бұл гормон еркектер гормоны. Дегенмен, әйелдердің ағзасында да кездеседі. Тестостерон жетімсіздігі кезінде ағзаға сұйықтық жиналып, сүйек тінінің әлсіреуіне алып келеді.

Осындай жағдайда не істеу керек?

Күніне бір сағат белсенді болуға тура келеді. Фитнес орталықтарына бару міндетті емес. Дегенмен, жаттығулар тестостерон гормонының бөлінуіне көмектесетінін ұмытпайық. Алкогольді ішімдіктен бас тартып, жасұныққа бай тағамдарды тұтынуға кеңес береміз.


Эстроген гормоны

Аталмыш гормон әйелдер гормоны саналады. Оның бұзылу әсерінен міндетті түрде артық салмақ қосылады. Алайда бұл гормонның көбейіп кетуіне де жол бермеу керек.

Осындай жағдайда не істеу керек?

Жүйкені жұқартуға жол бермей, көбірек көкөністер мен аскөкті пайдаланыңыз.


Прогестерон гормоны

Прогестерон гормонының азаюы – артық салмақ пен депрессияға шалдықтырады. Мұндайда адам стреске көп беріліп, семіруге бой алдырады.

Осындай жағдайда не істеу керек?

Көңіл-күйді көтерудің амалын жасаңыз. Әйелдерге мұндайда салонға барып, өзіне көңіл бөлу керектігін ескертеміз. Сондай-ақ, спорт та прогестерон гормонының бөлінуіне көмектеседі.


Дұрыс тамақтануды қолға алып, ұйқыны қалыпқа келтірсек, сонымен бірге физикалық белсенділікті арттыратын болсақ зиянды гормондармен оп-оңай күресе аламыз.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Арықтау үшін май жемеу керек пе?


Тағам ҚҰНАРЫН азайтуға көмектесетін ҚАРАПАЙЫМ тәсілдер


Арықтау үшін ЛИМОН мен БАЛ қосылған сусынды АШҚАРЫНҒА ішіңіз