​Арықтау үшін май жемеу керек пе?

0
4 865

Көп кыздар диета кезінде тамақтану рационынан майды мүлдем алып тастау керек деп ойлайды. Мамандар майлардың арықтауға еш зияны жоқтығын ескертеді.


​Арықтау үшін май жемеу керек пе?

Май адам ағзасына өте қажет. Әсіресе біздің миымыз 87 пайыз майдан тұратынын білесіздер ме? Сонымен қатар, адамның ойлау, есту, сөйлеу және барлық қимыл-қозғалысына осы майлар көмектеседі екен. Тіпті, майлардың көмегімен жүзеге асады деуге болады. Алайда ағзаға май жетіспесе, яғни, әркім өз салмағына сай майды уақытылы алып отырмаса, онда орталық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады.


Бұдан бөлек, май жетімсіздігі кезінде мынадай жайсыздықтар да туындауы ғажап емес:

  • Гормональды жүйе нашарлайды;
  • Тері аурулары пайда болады (аллергия, экзема және т.б.);
  • Жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады;
  • Ашушаң әрі сабырсыз бола бастайсыз;
  • Ұмытшақ ауруы да сізді айналып өтпейді;
  • Өмір сүруге деген құлшыныс төмендейді;
  • Гармондар бұзылысқа ұшырайды. Міне, осының бәрі май жетімсіздігінен орын алатын жағдайлар.

Ең бастысы майлардың нәзікжандылар сымбатының сымдай тартылуына әсер ететін кереметтей қасиеті бар екенін естеріңізге саламыз. Әйелдердің көкірегі мен бөксесі де майлардан тұрады. Егер қандай да бір гармон не май жетіспесе бұл ағзалардың да көлемі кішірейе түседі екен. Сол себепті де майдың жеткілікті болуы, күнделікті қабылдап отыру өте маңызды саналады.

Адам терісінің құрамында да майлар бар. Егер май жетімсіздігі орын алса, тері солғын тартады. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін таңғы асқа жаңғақтар, жұмыртқа, ірімшік жеңіз.


Майлар қаныққан және қанықпаған болып екіге бөлінеді

Қаныққан майлар – ет, балық, жұмыртқа мен сүт өнімдерінде бар. Алайда қанықпаған майларды көбіне фастфуд өнімдерін, түрлі пісірмелер мен кондитерлік өнімдерді дайындауда пайдаланады. Сондықтан да болар, семіздіктен арылуды қалайтындар диета ұстаған сәттен бастап, бұл тағамдарды тамақтану рационынан шығарып тастайды. Алайда жоғарыда атап өткен ет, балық, жұмыртқа және сүт өнімдері адамның өмір сүруі үшін қажетті тағамдар болып табылатынын да ұмытпау керек. Бірақ та қай өнімді алсаңыз да, майсыз түрін пайдалансаңыз диета кезінде еш зияны болмайды.


Қанықпаған майлар – өсімдік майларынан табылады. Зәйтүн, кокос, жаңғақ, пісте майларында бар. Аталмыш майлар әсіресе емдәм кезінде адам ағзасына өте пайдалы майлар болып саналады. Ал, бұл майлар жетімсіздігі байқалса, адамның жүйке жүйесі, иммунитеттің әлсіреуі, атеросклреоздың пайда болуы, ұмытшақтық сынды аурулар қоза бастайды.

Арықтау үшін тағам құрамында майлар міндетті түрде болуы керек. Ең бастысы қай өнімнің құрамындағы май пайдалы не зиянды екенін ажыратып алсаңыз болғаны. Сонда семіздіктен арылып, өз мақсатыңызға жете аласыз.

Арықтау үшін өсімдік майларын қолданған жөн. Салаттарға зәйтүн, пісте, зығыр майларын пайдаланыңыз.

Пайдалануға болмайтын өнімдер: маргарин, сары май, шыжғырылған тоң май.

Майларды пайдаланар алдында олардың сапасы мен көлеміне мән беруді ұмытпаңыз.

Есіңізде болсын, тамақтану рационы тек майсыз өнімдерден құралса қарныңыздың ашқаны басылмай, созылмалы түріне айналуы мүмкін. Сол себепті бұл жағын да ұмытпағаныңыз абзал.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Тағам ҚҰНАРЫН азайтуға көмектесетін ҚАРАПАЙЫМ тәсілдер


Арықтау үшін ЛИМОН мен БАЛ қосылған сусынды АШҚАРЫНҒА ішіңіз