​Әскери диета: 3 күнде 5 кг салмақ тастауға көмектеседі

0
6 115

Ал 1 апта ұстайтын болсаңыз 5-6 келі салмақ жоғалтуға болады.


​Әскери диета: 3 күнде 5 кг салмақ тастауға көмектеседі

Әскери диета қарапайым әдістерден құралған. Аз уақыт ішінде көп салмақтан арылып, діттеген мақсатқа жете аласыз.

Өте танымал диетаның басты мақтасы – максималды түрде арықтауға көмектесу. Мақсатқа қалай жетеміз? Ол үшін тағам калориясын 1100-ге дейін азайтып, осы мөлшерден асырмауға тырысамыз.

Диетадан кейінгі күндері қалағаныңызды жесеңіз болады. Алайда тағам калориясы 1500-ден аспағаны дұрыс. Сонда жоғалтқан салмақты қайта қосып алу қаупі туындамайды.

Әскери диета мәзірі:

Таңғы ас:

Қантсыз, сүтсіз дайындалған 1 шыны қара кофе;

Қатқан нан(тостер) (май, ірімшік, тосап немесе басқа нәрселер қосып жеуге болмайды);

Жарты бөлік грейпфрут.

Түскі ас:

100 гр. тунец балығы;

Қатқан нан(тостер) (май, ірімшік, тосап немесе басқа нәрселер қосып жеуге болмайды);

Жарты бөлік банан.

Кешкі ас:

100 гр. ет;

1 стақан 1 стақан бұршақ тұқымдастар (лобия, асбұршақ, үрмебұршақ, жасымық және т.б.);

1 дана кішірек алма.

Әскери диетаны ұстау қиын болары сөзсіз. Бірақ нәтижесі көз тартарлықтай болатынына сеніңіз. Ас мәзірінде тағам калориясмы өте аз берілген, сол себепті де диета кезінде іштегі артық майлар іске қосылаы бастайды.

Диетаның зияны бар ма?

Құнары тым төмен тағамдардан құралғандықтан диета барысында әлсіздік байқалуы мүмкін. Алайда оның ағзаға еш зияны тимейді. Тек аздап басыңыз ауырып, айналуы мүмкін. Сол себепті де үш күннен артық ұстамаған дұрыс. Ал, 1-2 апта жалғастыратын болсаңыз, денсаулығыңызға зияны тиеді.

Басқа диеталармен салыстырғанда әскери диетаның ас мәзірінде ақуыздар, көмірсулар мен майлар жоқ емес.

Әскери диетаны 1 апта ұстап, ары қарай қалыпты тамақтануға көшетін болсаңыз, аз күнде бұрынғы салмағыңызды міндетті түрде қосасыз. Сондықтан да диетадан соң диета ұстау өте маңызды. Тағам құнарын 1500 ккалориядан асырмау керек. Сонда ғана сіз жоғалтқан майларды түбегейлі жоя аласыз. Әйтпесе бәрі де бұрынғыдай болуы ғажап емес. Біз ескерттік!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ҚАРБЫЗ жеп ҚЫРЫҚ келі САЛМАҚ ТАСТАУҒА болады


Белді 10 см-ге жіңішкерткіңіз келсе, мына диета көмектеседі


Ең дәмді диеталық құймақ-котлеттер