​ҚАРБЫЗ жеп ҚЫРЫҚ келі САЛМАҚ ТАСТАУҒА болады

0
6 059

Диета ұстауға қиналасыз ба? Әрдайым диетаны бұзып ала бересіз бе?


​ҚАРБЫЗ жеп ҚЫРЫҚ келі САЛМАҚ ТАСТАУҒА болады

Арықтау – сіздің психикаңызға ауырлық түсіріп, ауыр жағдайда өтпеуі керек. Тіпті, қарынның қатты ашуына да жол бермеңіз. Тойымды әрі калориясы төмен, фигураның бұзылуына еш әсер етпейтін азық-түліктер бар. Жоғарыда айтқанымыздай диетаны бұзып ала беретін болсаңыз, семіруге септігін тигізбейтін өнімдерді біліп алғаныңыз жөн! Бұл азықтар сіздің 40 килограмға дейін салмақ тастауыңызға септігін тигізеді.


Қарбыз

Қарбызды қалағаныңызша жей беруіңізге болады. Себебі оның 100 грамы – 25-30 ккал-дан тұрады. Бұл өте күлкілі екені рас. Құрамында су көп болғандықтан да қарынды тез тойдырып, шөлді басатын қасиеттерге ие. Қарбызды күн сайын жейтін болсаңыз, аз күнде көп салмақ тастай аласыз.


Попкорн

Қуырылған жүгері басқа да зиянды чипсы, шемішке, кириешкилерден пайдалы тағам бола алады. Ол қарынды тез тойдырып, біраз уақытқа дейін тоқ жүруге көмектеседі.


Сүзбе

Ақуызға бай бұл сүт өнімі кальций мен дәрумендерден және пайдалы минералды заттардан тұрады. Бірақ та қарынның пайда болуына жол бермейді.

Егер тек табиғи сүзбені жейтін болсаңыз ғана оның пайдасын көре аласыз. Сонымен бірге сүзбеге қант, тосап, шырын, кептірілген жемістерді қоспаған дұрыс. Мұндай тәттілер сүзбенің калориясын арттырып, денеге артық май боп жабысуы ғажап емес.

Бұл тәтті өнімді сатып аларда мынаған мән беріңіз: майы мен тұзы аздау болуы керек.


Картоп

Арықтауға армандап жүргендер көбіне картопты тағам құрамынан алып тастайды. Бірақ, диетологтар мұның бекер екенін айтады. Себебі, картоптың өзін ғана жейтін болсаңыз, ол соншалықты құнарлы тағам емес. 100 гр. картопта бар-жоғы 75-80 ккал бар екен.

Алайда картопты қуырып жеуге болмайды. Оны суға қайнатып немесе пеште пісіріп жеу керек. Сонда ғана бөксеңіз бен беліңізді май баспайтын болады.


Жұмыртқа

Жұмыртқа өте пайдалы тағамдардың бірі. Әсіресе таңғы асқа таптырмас азық болмақ. Оның құрамындағы ақуыз тері саулығына жағымды әсер етіп, буындар мен сүйектерге, сіңірлерге нәр береді. Сонымен қоса ұзақ уақыт бойы қарынның тоқ жүруіне септігін тигізеді. Мұны ғалымдар ғылыми түрде дәлелдеп те қойған.

Есте сақтаңыз: тез арықтау үшін калориясы көп жұмыртқаның сары уызынан гөрі ақ уызын жеген дұрыс.


Сұлы

Сұлы да диетологтардың айтуынша өте пайдалы жарма болып табылады. Аталмыш өнім жасыұныққа бай. Сұлының құрамындағы пайдалы заттар асқорытуды жақсартып, ағзаны қанықтыра түседі.

Суға піскен сұлы көпсіп, ісінетіндіктен ол қарынды тез тойдырып, қарынның ашуын болдырмайды.


Көкөністер

Сәбіз, қырыққабат, қызылша сынды көкөністердің калориясы төмен, бірақ пайдасы мол. Бұл көкөністер дәрумендер мен минералды заттарға бай.

Егер екі тамақтану арасында қарныңыз ашатын болса, осы көкөністерден дайындалған салат жеп алсаңыз болады. Сонымен қатар, ас мәзіріндегі макарон, ботқа сияқты тағамдардың орнын осы көкөністермен алмастыратын болсаңыз, арманыңыздағы салмаққа тезірек қол жеткізетін боласыз.

Өздеріңіз байқап отырғандай, арықтау соншалықты қиын емес екен. Бар болғаны тағамды дұрыс дайындап, өнімді дұрыс таңдай алу керек.


Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


ЧУПА-ЧУПСке не қосылатынын білесіз бе?


1 стақан фарш + 1 стақан айран - дәмді пирог


Дайындалуы ЕҢ ОҢАЙ әрі ДӘМДІ тағамдар