Фитнес-дәрігер аталмыш диета міндетті түрде нәтиже беретінін айтады
Белді осыншалықты жіңішкертуге көмектесетін диета түрін Шымкент қаласындағы әйелдерге арналған «Сапфир» фитнес орталығының дәрігері, сертификатталған тренер Маметаева Мадина Ақбердіқызы ұсынады.
- Артық май ең алдымен әйелдердің белі мен бөксесіне жиналады. Сосын оны кетіру де оңай емес.
Керексіз жерлердегі керексіз майлардан арылу үшін арнайы тамақтану әдісін пайдалану қажет. Бұл әдістемені салмағы қалыпты, бірақ бөксесі мен белінде майлары бар жандар да ұстай алады. Егер диетаны дұрыс ұстайтын болсаңыз, бірнеше аптада қарын бұлшықеттері қатайып, артық майлар жойылады.
Диета шарттары:
Диета барысында күн сайын 2 л су ішу міндетті.
Ащы, тұзды тағамдарды азайту керек. Тұздың орнына табиғи дәмдеуіштерді пайдалануға болады.
Әрбір тамақтану уақытындағы тағам мөлшері 250-300 гр-нан аспағаны дұрыс.
Түскі және кешкі тамақтану арасы 4-5 сағаттан аспауы керек. Егер көп уақыт бойы қарныңыз аш жүретін болса, артық тамақтанып қоюыңыз ғажап емес.
Қуырылған тағамдардың орнын бұқтырылған, пеште піскен тағамдармен алмастырасыз. Тіпті, тамақтанып отырғанда мүлде сусын ішпейтін болсаңыз, нәтижесі керемет болары сөзсіз. Тек 30-40 минуттан кейін ғана су немесе шай ішсеңіз болады.
Диета кезінде жеуге болмайтын тағамдар:
- Қант қосылған барлық тәттілер, газды сусындар, пакеттегі шырындар;
- Ақ нан, ақ күріш, макарон, май қосылған пісірмелер;
- Картоп, жүзім, құрма, банан;
- Майлы ет, шұжық, шошқа еті;
- Сары май, майлы сүт өнімдері;
- Фастфуд өнімдері;
- Консервіленген тіскебасарлар;
- Алкогольді ішімдіктер;
- Майонез, кетчуп, дайын котлет, тұшпараны да жемеген дұрыс.
Калориясы аз мына тағамдарды жеу ұсынылады:
- Картоптан басқа көкөністерді балғын күйінде де, пісіріп те, қайнатып та жей аласыз;
- 200-300 гр. жеміс-жидектер;
- Майсыз ет, балық, күркетауық еті;
- Саңырауқұлақ, теңіз қырыққабаты мен басқа да жасұныққа бай көкөністер;
- Күріш пен ұнтақ жармасынан басқа дәнді-дақылдар;
- 2 пайыздан аспайтын сүзбе мен кефир;
- 1 дана жұмыртқа;
- Асбұршақ, ноқат, фасоль, жасымық;
- Сарымсақ, қара бұрыш, дәмдеуіштер.
- Күніне 2 ас қасық өсімдік майын салатқа қосуға болады. Майлар өте құнарлы болатындықтан диета кезінде пайдасынан гөрі зияны көптеу. Сол себепті де өсімдік майын осы мөлшерден асырмаған дұрыс.
Ал, енді 4 күнге арналған өте керемет диета мәзірін ұсынамын:
1-күн:
- Таңғы ас: жұмыртқа мен майсыз сүзбеден дайындалған құймақ.
- Екінші таңғы ас: 2 дана алма.
- Түскі ас:
- Балық пен жасымық, көкөністер қосылған сорпа.
- Бесін ас: апельсин.
- Кешкі ас: Саңырауқұлақ пен қырыққабат, тауық еті қосылған тағам.
2-күн:
- Таңғы ас: Қара өрік қосылған суға піскен сұлы ботқасы.
- Екінші таңғы ас: Сүзбе мен кептірілген нан.
- Түскі ас: Көкөністерден дайындалған сорпа.
- Бесін ас: 1 дана алма.
- Кешкі ас: Пеште піскен балық.
3-күн
- Таңғы ас: қызанақ қосылған қарақұмық ботқасы, 1 тілім күркетауық еті.
- Екінші таңғы ас: 1 стақан кефир мен кептірілген нан.
- Түскі ас: Тауық еті мен қияр, аскөк қосылған сорпа.
- Бесін ас: пеште піскен кәді.
- Кешкі ас: сүзбелі пісірме.
4-күн
- Таңғы ас: буға піскен омлет, 1 шыны шие немесе басқа жидек.
- Екінші таңғы ас: теңіз қырыққабаты мен жүгері қосылған салат.
- Түскі ас: тауық еті мен болгар бұрышы қосылған горох сорпа.
- Бесін ас: 1 тілім қара нан мен көкөніс икрасы.
- Кешкі ас: 1 порция балық немесе ет, қияр мен аскөк, руккола қосылған салат.
- Әрбір тағамды 1 стақан газсыз жылы сумен ішу керек.
Нәтижесі қандай болмақ?
Жоғарыда ұсынылған ас мәзірі бойынша тамақтанатын болсаңыз, 1 айда 7 келі салмақ тастап, беліңізді 10 сантиметрге жіңішкерте аласыз. Егер диетамен қатар жаттығулармен айналысатын болсаңыз, нәтижесі бұдан да жақсы боларына сеніңіз. Тым ауыр салмақтағы жандарға белсенді жаттығу түрлері зиянды болары сөзсіз. Сондықтан да оларға жаяу жүру, суда жүзу, аквааэробикамен айналысқан дұрыс. Қосымша жоғарыда айтылған диетаны ұстайды.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ERNUR.KZ
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Ең дәмді диеталық құймақ-котлеттер
ЖҮЗУМЕН АЙНАЛЫСҚАНДА қалай ТАМАҚТАНУ керек