​Бұқтырылған сиыр етінен өте пайдалы диеталық тағам

0
1 782

Дәмі тіл үйіреді.


​Бұқтырылған сиыр етінен өте пайдалы диеталық тағам


Қажетті қоспалар:

  • 400 гр. сиыр еті
  • 3 дана кәді
  • 1 дана сәбіз
  • 1-2 дана пияз
  • 2 дана болгар бұрышы
  • 2-3 дана қызанақ
  • 2 ас қасық өсімдік майы
  • 2 тіс сарымсақ
  • Дәміне қарай тұз қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Ең алдымен кәділерді тазалап жуып, екі басын кесіп алып тастаймыз. Содан соң ортасынан қақ бөліп, кейіннен жартылай бөлінген кәділерді осы қалыпта жұқалап турап шығамыз.
  2. Пияз бен сәбіздің қабығын аршып, ірілеп тураймыз. Болгар бұрышын ортасынан бөліп, дәндерінен тазартып, оны да ірілеп турау керек. Бұл көкөністермен тағамымыз өте дәмді әрі тәбет ашар тағам болып шығады.
  3. Қызанақты үккіштен өткіземіз немесе майдалап тураймыз.
  4. Енді қазанға май құйып қыздырып, сиыр етін қуырамыз. Тұз салып, жарты кеседей су құямыз. Осылайша етті бұқтырып, жұмсарғанша отта ұстаймыз. Егер суы аздау болса, тағы да ет піскенше қайнаған су құйсаңыз болады.
  5. Суы тартылайын дегенде пиязды салып, 5 минут тағы бұқтырамыз.
  6. Енді сәбіз бен болгар бұрышын, тұз салып, 7-10 минуттай бұқтыру керек.
  7. Осыдан кейін кәділерді салып, отты барынша жай қойып, 10-15 минут бұқтырамыз.
  8. Қызанақ пен майдалап туралған сарымсақты салуды ұмытпаймыз. Барлығын араластырып, 5 минут бұқтырсаңыз болғаны.
  9. Дайын тағамды тәрелкеге салып, бетіне майдалап туралған аскөкті себелеп, ыстықтай жей беруге болады.


ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Мына 5 дәрумен спортсыз-ақ арықтауға көмектеседі