Осы тақырып, осы мәселе сізді әбден шаршатты ма? Олай болса, бұл мәселені түбегейлі жабуға болады. Ол үшін не істеу керек?
Диета, диета, диета...
Әрине, ең біріншіден дұрыс тамақтануды жалғастырасыз. Мұндай тамақтану кезінде барлық тағамды бірдей жей алмайтындықтан ағзада дәрумен тапшылығы байқала бастайды. Бұны сіз білмеуіңіз мүмкін. Бірақ та диетаның үзілуі, қарынның тез ашуы осының белгісі дейді диетологтар. Сол себепті де артық салмақтан арылуға септігін тигізетін дәрумендерді біліп жүргеннің пайдасы зор.
Фолий қышқылы (В9)
Фолий қышқылын көп әйелдер жүктілік уақытында қабылдайтынын білетін боларсыз. Бірақ бұл дәруменді тек аяғы ауыр әйелдер қабылдайды деп ойлау қате. Оның өзіндік қызметі болғандықтан фолий қышқылын кез келген адам іше алады. Әсіресе артық салмақтан арылғысы келетіндерге қабылдау міндетті. Фолий қышқылы көңіл-күйді көтеріп, аминқышқылдарының алмасуын жақсартатын қасиеттерге ие. Аталмыш дәруменді жеміс-жидектер мен көкөністерден алуға болады. Егер капсула түрінде қабылдамайтын болсаңыз, мұндай жемістер мен көкөністердің 1,5 келісін жеуге тура келеді. Сондықтан да фолий қышқылын дәріханадан сатып алып, күн сайын қабылдаған дұрыс. Осыдан кейін тезірек салмақ тастап, арықтауға қол жеткізесіз.
Фолий қышқылы неліктен азаяды?
Егер сіз алкогольді ішімдіктерге әуес болсаңыз, фолий қышқылының ағзаға сіңуі баяулап, дұрыс тамақтанбағаннан оның жеткіліксіздігі арта беретін болады.
Жүкті әйелдерде де көбіне В9 дәруменінің тапшылығы анықталып жатады. Өйткені фолий қышқылы құрсақтағы шарананың жасушаларының дамуына айтарлықтай үлес қосады екен.
Ішекке жасалған отадан кейін немесе қабынбалы ішек ауруларында, ас қорыту бұзылғанда фолий қышқылы ағзада азаяды. Сол себепті де осындай жағдайларда міндетті түрде фолий қышқылын қабылдау керек.
Колллаген
Коллаген жайлы соңғы уақытта көп айтылып жүр. Бұл өнім тері мен шаштың, тырнақтың сау болуына көмектесетін дәрумендердің бірі. Сонымен қатар коллаген целлюлитпен күресуге көмектесетін ең керемет құрал әрі ақуыздың қайнар көзі.
Соңғы зерттеулерге сүйенер болсақ, коллаген арықтауға септігін тигізіп, тіпті, денсаулықтың жақсаруына әсер етіні белгілі болған. Мысалы:
- Тәбетті басады;
- Қарынның тез ашуына жол бермейді;
- Зиянды холестеринді азайтады;
- Глюкоза алмасуын жақсартады;
- Артық майдың жиналуын төмендетеді.
Коллагенді қай уақытта қабылдаған дұрыс?
Ең жақсы уақыт – таңертеңгі уақыт. Коллагенді ашқарынға қабылдасаңыз, ол ағзаға екі есе тез сіңетін болады.
Тағы бір зерттеулерде күніне 20 гр. колллаген қабылдау арқылы салмақ тастап, зат алмасу жүйесін жақсартуға болатыны дәлелденген екен. Дегенмен дәрумендерді қабылдамас бұрын, дәрігермен кеңескен абзал.
Липой қышқылы (липоевоя кислота)
Бұл қышқыл да фолий қышқылы секілді арықтауға көмектеседі, энергияңды көбейтіп, жүйке жүйені бір қалыпты ұстауға атсалысады. Липой қышқылы тәбетті өз уақытында тарту үшін миға қандай да бір әсер бере алады. Қарынның ашуын болдырмайды. Бұдан бөлек, майлардың бауырға жиналуына жол бермейді. Липой қышқылын күріштен, сүт өнімдерінен, брокколи және т.б. өнімдерден таба аласыз. Егер таблетка түріндегі липой қышқылын қабылдайтын болсаңыз, алкогольді ішімдіктерден бас тартуға тура келеді. Себебі алкоголь дәруменнің құрамын бұзып, пайдасынан гөрі зиянын тигізуі ғажап емес.
Биотин (В7)
Биотин – ақуыз, майлар мен көмірсулардың бөлінуіне қатысып, қандағы қант көлемін қалыпты ұстап тұруға септігін тигізеді. Оның үстіне биотин (В7) дәрумені шашқа да өте пайдалы. Сондай-ақ, жүйке жүйесінің жұмысын қалыпты етіп, жүйкеңізді жұқартпауға көмектеседі. Биотиннің осы қызметінің бәрі, яғни ағзаның жақсы жұмыс істегені зат алмасуды жақсартып, артық салмақтан арылуға өз ықпалын тигізеді.
Д дәрумені
Ағзаға Д дәрумені жеткіліксіз болса, адам толысып, иммунитеті түсіп, өзін әлсіз сезінеді. Себебі Д дәрумені әйелдер мен ерлер гормонының түзілуіне қатысып, белсенділікті арттыратын қасиеттері бар. Қазіргі таңда диетологтар да артық салмақтан арылғысы келетіндерге Д дәруменін қабылдау керектігін айтып, дабыл қағуда.
Ендеше осы айтылған 5 дәрумен ағзаңызға жеткілікті-жеткіліксіздігін анықтап, дәрігермен ақылдаса отырып, қабылдауға кеңес береміз.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: