ДТ тағамдар: ​АРЫҚТАҒЫСЫ келетіндер жеуге болатын пиццаның 2 ТҮРІ

0
2 509

Мұндай пиццаны жегеннен салмақ қосылмайды


ДТ тағамдар: ​АРЫҚТАҒЫСЫ келетіндер жеуге болатын пиццаның 2 ТҮРІ

Сымбатты болу әркімнің қолынан келе бермейді. Сонымен қатар, құнары аз тағам жеу де кез келгеннің бағындыра алатын "биігі" емес. Бірақ, шыдамдылық танытып, диетологтар ұсынған ДТ (дұрыс тамақтану) тағамдарды жейтін болсаңыз, арманыңызға жетесіз. Ендеше дәл бүгін арықтауға көмектестін өте дәмді пиццаларды жасап көрейік.


Сүзбе қосылған диеталық ПИЦЦА


Қажетті өнімдер:

  • 180 гр. сүзбе
  • 5 ас қасық ұн
  • 1 дана жұмыртқа
  • Шым-шым тұз
  • 2 дана балғын қызанақ
  • Моцарелла ірімшігі
  • Азырақ насыбайгүл қосылады.


Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен сүзбені шанышқымен езіп, ұнтақтап аламыз.
  2. Содан соң сүзбеге жұмыртқа, ұн, тұзды қосып, барлығын араластырамыз.
  3. Қамырды илеп, пленкаға салып қоя тұрамыз.
  4. Сосын қамырды жайып, табаға саламыз. Жан-жағы табаның қабырғаларына жабысып тұрғаны дұрыс.
  5. Қамырдың бетіне енді дөңгектеп туралған ірімшік пен қызанақтарды кезектестіріп салуымыз керек.
  6. Ең бетіне майдалап туралған насыбайгүлді саламыз.
  7. Дайын болған пиццаны 180 градусқа қыздырылған пеште 20-25 минут пісіреміз.


Жүгері ұнынан дайындалған ПИЦЦА


Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. майсыз сүзбе
  • 60 гр. жүгері ұны
  • 40 гр. күріш ұны
  • 65 гр. жұмыртқа
  • Салма үшін:
  • 40 гр. қатты ірімшік
  • 140 гр. қызанақ
  • 60 гр. қайнатылған тауық еті
  • 50 гр. консервіленген қозықұйрық
  • 100 гр. тәтті бұрыш
  • 50 гр. пияз
  • 20 гр. көк түсті зәйтүн.


Дайындалу тәсілі:

  1. Сүзбені табаққа салып, жұмыртқамен араластырыңыз. Ұнды, тұзды салып, қамыр илейміз.
  2. Формаға фольганы салып, оның бетіне зәйтүн майын жағыңыз да қамырды жайып салыңыз. 180 градусқа қыздырылған пешке 10 минут салып аламыз.
  3. Қамыр дайын болғанша қызанақты, пиязды, қозықұйрықты және басқа да қоспаларды турап дайындаймыз.
  4. Ірімшікті үккіштен өткіземіз.
  5. Енді қамырдың бетіне қызанақты салып, тұзды себелейміз. Бетіне ірімшікті салып, қалған салмаларды да жайғастырамыз. Пиццаны пешке салып, 10-15 минут пісірсе жеткілікті.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


МҰНДАЙ жағдайда ДИЕТА әсер етпейді


Мына 5 ТӘТТІ тағам САЛМАҚ ҚОСТЫРМАЙДЫ


Май салынған кофе ішсеңіз арықтайсыз!