Экстремалды диета: ​2 күнде 5 келі салмақ тастаңыз!

0
24 340

3-сәуір - бүкіл әлемдік "кешкі отырыс", яғни, "вечеринка" күні! Ертеңге дейін арықтауға көмектесетін экстремалды диетаның бар екенін білесіз бе? Бұл диетамен 2 күнде 5 келі салмақ тастауға болады.


Экстремалды диета: ​2 күнде 5 келі салмақ тастаңыз!

АРЫҚТАУ – қыз-келіншектердің басты проблемаларының бірі. Одан шығар жол да біреу ғана – диета. Бүгін ең жылдам әсер ететін әрі өте аз уақытқа арналған лимон диетасын ұсынбақпыз.

Былайша айтқанда аталмыш диета «сиқырлы таяқша» сияқты. Қолыңызбен сермеп жіберсеңіз, екі күнде 5 келі салмақтан арыласыз. Керемет нәтижеге қол жеткізесіз.


Лимонның адам ағзасына пайдасын айтпасақ та көпшілік біледі. Оның құрамы артық маймен күресуге көмектесетін С дәруменіне бай екені белгілі. Сонымен қатар, лимонда диета кезінде жиналып қалған шлактар мен токсиндерді айдап шығаратын қасиет те бар.

Екі күнде тек лимон қосылған сусынды ғана ішу ұсынылады. Егер күш жігеріңіздің жететініне сенімді болсаңыз, лимон диетасын соңына дейін жеткізе аласыз. Керісінше болған жағдайда, сізден түк те шықпайды. Арықтай алмайсыз. Ендеше, осындай керемет қасиеті бар сусынды дайындап алайық.

7 дана лимон шырынын сығып алыңыз. Оған 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық ащы қызыл бұрыш қосыңыз. Сосын жақсылап араластырып, 1,5 литр қайнаған су құясыз. Семіздікпен қош айтыстыратын, ағзаны сергітетін сусын дайын болды. Күні бойы тек осы сусынды ішкен жөн.


Есте сақтаңыз! Мұндай диетаны тек екі күнге дейін ғана жалғастыру рұқсат етілген. Мамандардың пікірінше, одан ұзаққа созылатын болса, ағза стреске бой алдырып, қатты әлсіреп қалу қаупі бар екен.


Бал мен лимон диетасы

Суреттер ашық дереккөздерден алынды.

«2 күнде 5 келі салмақ тастататын» лимон диетасының бұл түрі алғашқысына қарағанда сәл ғана жеңілдеу деп айтуға болады. Жоғарыда келтірілген емдәмде ащы қызыл бұрыш қосылатын түрін ұсынған болатынбыз. Егер сіз ащыны ұнатпайтын болсаңыз, тап осы диетаны ұстауыңызға болады. Ол үшін 15 дана лимонның шырынын сығып, 3 литр қайнаған сумен, 70 грамм балмен араластырасыз. Барлығын жақсылап араластырып, бал мен лимон сусынын күні бойы ішесіз. Бұл бір күнге жететін сусын. Диета холестериннің төмендеуіне, ағзаның шлактан, токсиннен тазаруына көмектеседі.


Лимон диетасын мынадай жағдайларда ұстамаған дұрыс:

  • Асқазан-ішек аурулары мазаласа;
  • Цитрусты жемістерге аллергияңыз болса;
  • «Бүйрекке тас байланған» деген диагноз қойылса, екі күндік диетаны ұмытуға тура келеді. Өйткені денсаулық арықтаудан да маңызды.

Аударған: Қ.Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Сәуірде ТӘУІР болғыңыз келсе...


Іштегі майды кетіретін №1 диета


5 күндік АЛМА ДИЕТАСЫ 7 келіге арықтатады