​Француз диетасы: 14 күнде 10 келі салмақтан арылтады

0
11 855

Тезірек сымбатты болғыңыз келе ме? Онда сізге фраунцуз диетасы көмектеседі.


​Француз диетасы: 14 күнде 10 келі салмақтан арылтады

Француз сылқымдарының талғамына сай диета түрінде ең басты қағида – көбірек көкөністер мен ет жеу ұсынылады. Тәтті тоқаштар мен тортты, алкогольді ішімдіктерді татып алмайсыз. Ал, суды шектеусіз іше беруге болады. Сонымен қатар, тұзды да азайтқан дұрыс. Француз диетасының қағидаларымен таныс болсақ, ас мәзіріне көңіл бөлейік!


1 және 8-ші күндерге арналған диета:

Таңғы ас: 1 шыны сүтсіз, қантсыз дайындалған қара кофе.

Түскі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, қызанақ пен салат жапырағы.

Кешкі ас: 1 кесек қайнатылған сиыр, бұзау немесе тауық еті. Салат жапырағы.


2 және 9-шы күндерге арналған диета:

Таңғы ас: 1 шыны сүтсіз, қантсыз дайындалған қара кофе мен 1 дана кептірілген нан.

Түскі ас: 1 кесек кез келген қайнатылған ет.

Кешкі ас: Майсыз ет пен салат жапырағы.


3 және 10-шы күндерге арналған диета:

Таңғы ас: 1 шыны сүтсіз, қантсыз дайындалған қара кофе мен 1 дана кептірілген нан.

Түскі ас: балғын сәбіз немесе өсімдік майына қуырылған сәбіз бен қызанақ, мандарин немесе апельсин.

Кешкі ас: екі дана қайнатылған жұмыртқа, майсыз ет, салат жапырағы.

4 және 11-ші күндерге арналған диета:

Таңғы ас: 1 шыны сүтсіз, қантсыз дайындалған қара кофе мен 1 дана кептірілген нан.

Түскі ас: 1 дана жұмыртқа, балғын сәбіз, майсыз ірімшік.

Кешкі ас: жеміс салаты, кефир.


5 және 12-ші күндерге арналған диета:

Таңғы ас: лимон шырыны қосылған үккіштен өткізілген балғын сәбіз.

Түскі ас: қайнатылған балық, қызанақ.

Кешкі ас: 1 кесек қайнатылған ет.

6 және 13-ші күндерге арналған диета:

Таңғы ас: 1 шыны сүтсіз, қантсыз дайындалған қара кофе.

Түскі ас: қайнатылған тауық еті, салат жапырағы.

Кешкі ас: 1 кесек қайнатылған ет.


7 және 14-ші күндерге арналған диета:

Таңғы ас: 1 шыны сүтсіз, қантсыз дайындалған қара кофе.

Түскі ас: қайнатылған ет, жеміс-жидектер.

Кешкі ас: майсыз ет.


Француз диетасының тағы бір артықшылығы – ас мәзіріне барлық азық-түлік түрі кірістірілген. Әсіресе А дәруменіне бай сәбіз бен ет өнімдері, салат жапырағы, жұмыртқаны көбірек пайдаланасыз. Барлығы да өте пайдалы азықтар. Сондай-ақ, аса қымбат тағам дайындап уәре болмайсыз. Қол жетімді бағадағы азық-түліктермен тиімді диета ұстап, армандаған сымбат иесі бола аласыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


4 аптаға арналған жаңа ДИЕТА


Қарындағы МАЙДЫ көкөністер ЖОҚ қылады


1 кг ҚҰРМА 6 кг САЛМАҚ ТАСТАУҒА көмектеседі