Құрма диетасымен 1 күнде 1-1,5 келі салмақ жоғалтуға болады.
Құрма жемістердің ішіндегі арықтауға септігін тигізетін ең күштілерінің бірі. Оның жұмсақ әрі тәтті дәмі бойды сергітіп, тоқтық сезімін сыйлайды. Пайдалы дәрумендер мен минералды заттарға бай құрманы көбіне қыс мезгілінде жейтініміз жасырын емес. Дәл осы мезгілді пайдаланып, семіздіктен арылып қалуға болады. Себебі құрманың калориясы төмен болғанына қарамастан әрі құнарлы ас саналады. 100 грамм құрмада 70 ккал бар. Құрма диетасымен 1 күнде 1 келі салмақ жоғалтуға болады.
Құрманы кез келген тағаммен алмастыра аласыз. Күніне 6 данадан артық жеу ұсынылмайды. 1500 ккалориядан құралған ас мәзірі бойынша тамақтанатын болсаңыз, диета нәтижелі бола түспек.
Құрмамен арықтау үшін оны дұрыс таңдай білу керек дейді мамандар. Жемістің таза піскенін алыңыз. Әсіресе қараша айында піскен түрлері пайдалы болады екен. Сонымен қатар, семіздіктен арылғысы келетіндерге де дәл қазір сатылымда тұрған құрмалар жақсы көмектеседі. Ал, дүкендегі піспеген әрі солғын тартқан құрмалардың пайдасы болмайды. Осыны естен шығармаңыздар!
Егер сатып алған құрмаңыз таза піспеген болса, мына тәсілдерді пайдаланып, тез пісуіне көмектессеңіз болады:
- Құрманы 7-8 сағат бойы мұздатқышқа салып қойыңыз;
- 40 минут бойы ыстық суға салып қою қажет;
- Қызанақ пен алма салынған пакетке бірге салып қойыңыз, сонда құрма тез піседі.
Пайдалы жеміспен 3 және 5 күндік диеталарды ұсынамыз.
3 күндік жылдам диета
Өте қатал 3 күндік диета кезінде 1.5 кг құрма мен 3 стақан шөп шай ішу ғана ұсынылады. Шайға ешбір тәтті қосуға болмайды. Құрма құнарлы болғандықтан да, мұндай диетаны ұстау еш қиындық тудырмайды. Тіпті тәулігіне 2 келі салмақ жоғалтуыңыз да ғажап емес. Егер осындай кереметтей нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе төмендегі мәзірлерге сүйеніңіз:
Айран мен құрма. Ас мәзіріне 6 дана құрма мен 1,5 л майсыз кефир кіреді. Арықтау кезінде асқорыту жүйесінің жұмысы жақсарып, иммунитет жоғарылайды. Осындай ас мәзірін ағза қалыпты қабылдаса диетаны 5 күнге дейін ұзартуға мүмкіндік бар. Мұндай жағдайда жоғарыда берілген ас мәзіріне 2 тілім ірі тартылған ұннан жасалған нан қосуға болады.
Алма мен құрма. Үш күндік моно-диетада 1 кг алма мен 1 кг құрма жейсіз. Қосымша 4 шыны көк шай ішуге болады. Салмағыңыз өте тез түсіп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізесіз. Тек қана асқазаныңыз амұндай өзгеріске төтеп берсе болғаны. Денсаулығыңыз сыр бермей, диетаны ағза жақсы қабылдаса алма мен құрма диетасын 4 күнге дейін ұзарта аласыз.
5 күндік ҚҰРМА диетасы
Құрмадан құралған 5 күндік диетаның талабы күшті. Осы күндер аралығында диетаны бұзып алмауға тырысыңыз. Бұл ең бірінші талап. Себебі құрма бұл уақытта ағзаны зиянды заттардан тазартып, артық майларды қуады. Сондықтан да табанды болғаныңыз абзал. 5 күнде 6 келі салмақ тастауыңыз ғажап емес. Егер диетаны жұмсартатын болсаңыз, 5 күнде 4 келі салмақтан арыласыз. Сонымен қоса, ішіңіз тартылып, бет терісі тегістеліп, жаңара түседі.
Классикалық ас мәзірі:
- Бірінші күн: 1 кг құрма мен 3 шыны шөп шай.
- Екінші-төртінші күндері: 1,5 кг. Құрма мен 5 шыны көк шай.
- Бесінші күні: 1 кг құрма және 3 шыны шөп шай ішесіз.
Қарынның қатты ашқанын сезінсеңіз, тұтас дәнді нанның 1 тілімін жеуге және 1 шыны шай ішуге рұқсат. Алайда диета мәзірі бойынша тек құрма мен алма жеп шай ішетін болғандықтан, ағзаға керекті көптеген пайдалы заттар түспейді. Сондықтан да диетаны 5 күннен асырмаған жөн. 5 күндік диетаны тек 1 айдан кейін ғана қайталауға болады.
Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Иммунитетті әлсіретіп, арықтауға кері әсерін тигізетін 6 ДИЕТА
Ұйықтап жатып та арықтауға болатынын білесіз бе?