Көктемде бақ-бақ гүлімен арықтаңыз!

0
4 421

Бақ-бақ гүлі арықтауға көмектеседі дегенді естуіңіз бар ма? Әрине, таңқалып отырған боларсыз. Шынында да бақ-бақ семіздіктен арылтып, сымбатыңызды сымдай етеді.


Көктемде бақ-бақ гүлімен арықтаңыз!

фото: urixblog.com

Бақ-бақ – ерте көктемде шығатын нәп-нәзік гүлдердің бірі. Оның тамыры мен жапырақтарынан, сабақитарынан емдік дәрілер жасайтынын білетін боларсыздар. Бірақ та бақ-бақ гүлі арықтауға көмектеседі дегенді естуіңіз бар ма? Әрине, таңқалып отырған боларсыз. Шынында да бақ-бақ семіздіктен арылтып, сымбатыңызды сымдай етеді.

Дегенмен, семіздік – бұл медицина тұрғысынан алғанда үлкен проблема. Сондықтан да тек бақ-бақ гүлінің көмегімен артық салмақтан арыламын деп ойлау қателік. Егер өз-өзіңңізді қолға алып, шынында да арықтағыңыз келетініне сенімді болсаңыз, жаттығулар, диетаға қосымша бақ-бақ гүлінің қайнатпасын ішесіз. Сонда ғана сіз мақсатыңызға жете аласыз.

фото: hronika.info

Бақ-бақ гүлі арықтауға қалай әсер етеді? Енді осыған тоқталып өтейік.:

  • Оның құрамындағы заттар өт қабының жұмысын реттеп, зат алмасуды жақсартады;
  • Несеп айдайтын қасиетке ие;
  • Затр алмасуды жылдамдатады;
  • Ішекті токсиндерден тазартып, жұмысын жақсартады;
  • Қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті қалпына келтіреді;
  • Бүкіл ағзаны сергітіп, қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Бақ-бақтың құрамы адам ағзасына пайдалы дәрумендер мен микроэлементтерге, қышқылдар мен антиоксиданттарға бай. Бұл өсімдіктің қайнатпасы ағзадан артық сұйықтықты шығарып, целлюлиттің алдын алуға, ары қарай көбеймеуіне көмектесетін қасиеттерге ие.

Бақ-бақ жапырақтарынан дайындалған тұнба

фото: toxinam.net

Бақ-бақ жапырақтарын балғын күйінде де, кептірілген түрін де пайдалануға болады. Тұнбасын дайындау үшін:

  • 20 гр. кептірілген бақ-бақ жапырағы
  • 40 гр. балғын жапырақтар
  • 200 гр. қайнатылған су қажет.

Дайындау тәсілі:

Жапырақтарды тазалап жуып, табаққа салыңыз. Сосын 200 грамм қайнаған суды құйып, жылы орап, 12 сағатқа қалдырасыз. Осы уақыт өткен соң тұнбаны сүзіп алып, күніне 5 рет қабылдайсыз.

Бақ-бақ тамыры

фото: img12.postila.io

  • Екі ас қасық кептірілген бақ-бақ тамырын табаққа салып, 250 мл су құйыңыз. Сосын отқа қойып, 20 минуттай қайнатыңыз. Бақ-бақ тамырын алдын-ала майдалап турап алған дұрыс.
  • Бақ-бақ тамырын қайнатудың мынадай тәсілі де бар. 40 грамм майдалап туралған тамырды табаққа салып, 250 мл қайнаған су құяды да, жай отқа қояды. 10 минуттай қайнаған соң, оттан алып, жылы орап, 5 сағаттай тұндырады. Кейін дайын тұнбаны сүзіп, ашқарынға қабыдай беруге болады.
  • Дайын тұнбаны сүзіп алып, іше беруге болады. Бірақ қайнатпаны тамақтандан жарты сағат алдын аш қарынға қабылдаған дұрыс. 1 стақан қайнатпаны күніне үш рет, әрбір тамақтанудың алдында ішеді.

Бақ-бақ жапырақтарынан салат дайындаңыз!

Бақ-бақ жапырақтарының ащы дәмін алу үшін, 1 л салқын суға 1 ас қасық тұз салып, жапырақтарды салыңыз. Тұз жапырақтардың ащы дәмін кетіріп, салат жасап жей беруге болады.

фото: min10kg.ru

Керектілер:

  • 60 грамм бақ-бақ жапырағы
  • 30 гр. көк пияз
  • 1 дана қияр
  • 5-6 дана шалғам
  • 1 дана болгар бұрышы
  • 1 ас қасық күнзе дәмдеуіші
  • Зәйтүн майы
  • 1 дана лимонның шырыны
  • Тұз қосылады.

Дайындалу тәсілі:

Барлығын майдалап турап, араластырыңыз. Тұз қосып, 1 лимонның шырынын сығып, зәйтүн майын қосыңыз. Сонда салат та дайын болады.

Ескерту! Бақ-бақ гүлімен мынадай жағдайларда арықтауға болмайды:

  • Созылмалы асқазан-ішек ауруларымен ауыратындарға;
  • Созылмалы іш өту кезінде;
  • Өт қабына тас байланғанда;
  • Жүктілік және емізулі кезеңдерде;
  • Бақ-бақ гүліне аллергиясы барларға бұл тұнбаларды мүлде ішпеген дұрыс.

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

8-НАУРЫЗҒА 1 аптада 7 келі салмақ тастауға көмектесетін ЭКСПРЕСС-ДИЕТАМЕН арықтаңыз!

«СЕМІЗДІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!» лайфхактар топтамасы