«СЕМІЗДІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!» лайфхактар топтамасы

0
3 884

Лайфхактар семіздіктен арылуға жол ашады. Барлығын жасайтын болсаңыз, артық салмақ сізді "айналып өтетін" болады.


«СЕМІЗДІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!» лайфхактар топтамасы

фото: oboi.cc

Арықтай алмай қатты қиналып кеттіңіз бе? Тәбетіңізді тыя алмай жүрсіз бе? Олай болса, сізге мынадай керемет лайфхактар көмекке келеді. Диетологтар ұсынатын қарапайым лайфхактарды бүгінде әлем жұлдыздары да пайдалануда. Ендеше, сіз де қарап қалмай, «семіздікке жол жоқ» топтамасын жасап көріңіз!


№1 лайфхак: жылуды азайтамыз!


фото: vot69.ru

Қалай әсер етеді? Егер қоршаған орта салқындаса, адам ағзасы жылыну үшін калория жұмсайды екен. Дегенмен, тым салқын үйде тұрыңыз демейміз. Бөлме температурасын желдеткішпен салқындатып алуға да болады немесе терезелерді ашып, үйдің ішін бір желдетіп алыңыз. Сонда күндегіден көп калория жоғалтатыныңыз анық.

Адамға ең қолайлы бөлме және кеңсе температурасы – 22-25 градусты көрсетсе, оны 18-20 градусқа дейін түсіру керек.


№2 лайфхак: суды дұрыс ішеміз!


фото: wp-content

Суды қалай ішкен дұрыс? «Күніне 8 стақан немесе 2 литр су ішу керек» сияқты жалықтырған әңгіме айтудан аулақпыз. Соңына дейін оқыңыз. Су ішуді әдетке айналдырмаған адамға тәулігіне 2-2,5 литр су ішу мүмкін еместей көрінеді. Сондықтан да алдымен бір стақан судан бастаймыз. Таңғы, түскі және кешкі астан 30 минут бұрын бір стақан су ішуді үйренейік. Енді + жақтарын санайық: біріншіден, ағзаны құрғаудан сақтап, алдын алдық. Екіншіден, тәбетті тыйып, көп тамақ жеуден арылдық. Үшіншіден, тері ылғалданып, тегістеле бастады. Төртіншіден, аз да болса салмақ жоғалттық.


№3 лайфхак: таразыны «лақтырамыз!»


фото: worldnewsnetwork.uk

Бұл қалай әсер етеді? Еденүстілік таразы барлық қыз-келіншектерде бар десек қателеспейтін шығармыз. Кейбіреулер таразыға түсуді естен шығарса, енді бірі күн сайын, тіпті, сағат сайын салмағын таразылаудан жалықпайды. Ал, дұрысы аптасына бір рет қана салмақ өлшеу. Алайда, диетологтар, сымбаттың өзгергенін, яғни, арықтағаныңызды сантиметрлік лентаның көмегімен білу қажет дейді. Сонда ғана сіз шын мәнінде «семіздікке жол жоқ» лайфхак топтамаларына қатысқан боласыз.


№4 лайфхак: ұйқыны қандырамыз!


фото: cdn.evoke.ie

Ұйқы арықтауға әсер ете ме? Әрине, оның әсері былай басталады: ұйқыңыз қанбаса – сіз өзіңізді шаршаңқы сезініп, жеңіл стреске түсесіз. Сөйтіп осы стрестен шығу үшін тәтті жейсіз немесе басқа да ағзаға зиянды дәмді тағамды аузыңызға аласыз. Тек бұл ғана емес, ұйқының қанбауы бет-жүзіңізден де көрініп тұрады. Ғалымдардың айтуынша, күніне 7-9 сағат ұйықтаған адамның диета нәтижесі 1,5 есеге дейін ұлғаяды екен. Сонымен қатар, аз ұйқы кезінде қанда қарынның тез ашығуына ықпал ететін грелин деп аталатын ерекше гормон түзіліп, майлы қабаттардың пайда болуына әкеп соқтырады. Оның үстіне ұйқы қанбаған жағдайда қанша жерден тамақтану рационыңызға көңіл бөлсеңіз де майлы тіндер емес, бұлшықет тіндерін жоғалтатын боласыз.


№ 5 лайфхак: Түскі және кешкі асты көкөніс салатынан бастаймыз!


фото: v.img.com.ua

Балғын көкөністер мен аскөктерден дайындалған бір порция салат өсімдік майымен араластырылады. Мұндай салат жасұнықтың қайнар көзі. Дәрумендер мен минералды заттарға бай. Сондай-ақ, көкөніс салаты тәбетті тыйып, көп тамақ жеудің алдын аласыз. Егер бұл салатты жемесеңіз, оның орнын майлы, зиянды тағамдармен толтыруыңыз ғажап емес. Сондықтан да тамақтануды көкөніс салатынан бастаған дұрыс.


№6 лайфхак: тәттіден бас тартып, сәнді болуға көшеміз!


фото: d94tn94v8mvlz.cloudfront.net

Бұл қалай? Өмірде түрлі жағдайлардың болатыны анық. Көңіл-күйіміз түскенде немесе тым бақытты сәттерде біз өзімізді тәтті тағаммен еркелетуге құмармыз. Бірақ бұл біздің белімізді жуандатып, салмағымызды ауырлата түседі. Сол себепті де еркелегіңіз келсе, бетке маска жасауға немесе массаж жасауға, хош иісті ванна қабылдауға әдеттену керек. Болмаса бір күнді өзіңізге арнап, спа салонға жазылыңыз. Осылайша сіз салмаққа салмақ қоспай, әдемілене түсесіз.


№7 лайфхак: қадамөлшегіш қосымшасын пайдаланамыз!


фото: beginogi.ru

Халықаралық қолданбалы психология ассоциациясының мәлімдеуінше, қадамөлшегішті қолданбайтындарға қарағанда бұл құралды пайдаланатындар 27 пайыз уақытын физикалық белсенділікке бөледі екен. Қаджамөлшегіште қадамдар саны жеткіліксіз болса, онда ол адам көбірек қимылдауға әрекеттенеді екен. Егер еш қиналмай салмақ тастағыңыз келсе, осындай қосымшаны ұялы телефоныңызға жүктеп алыңыз. Сонда жылына диетасыз-ақ 4-5 килограмм жоғалтуға қол жеткізесіз.

Есте сақтаңыз! Дене сымбаты мен тонусын бір қалыпты ұстау үшін күніне 1600 қадам немесе 2 шақырым жолды жаяу жүресіз. Ал, ең максималды көрсеткіш – 10 000 қадамды құрайды.

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Арықтау үшін дұрыс тамақтаныңыз (тест)


1 ас қасық ас содасы + 1 стақан су = -10 кг (3 күнде)