7 күнде 5 келі салмақ тастағыңыз келеме? Бұл мүмкін емес дейсіз бе? Әрине, мүмкін. Экспресс-диеталар сізді жылдам арықтатады.
фото: astrakhan-pek.ru
8-наурыз мерекесі жақындап та қалды. Ал сіз, әлі күнге арықтай алмай жүрсіз бе? Дене-бітіміңізге көңіліңіз толмай ма? Ендеше бұл тығырықтан шығудың жолы бар. Аталмыш диетаны «8-наурызға арналған емдәм» деп атауға болады. Себебі үш түрлі экспресс-диетаны ұсынатын боламыз. Рационыңызға сәйкес келетінін таңдап, 7 күнде 5 келі салмақ тастаңыз! Алайда, бұндай әрекетке бармас бұрын, өз мекен жайыңызға қарасты емханаға барып, дәрігермен ақылдасуға кеңес береміз.
Эстониялық тез әсер ететін диета
фото: wp-content
Жоғарыда айтып өткеніміздей аталмыш диетаның көмегімен бір аптада 7-8 келі салмақпен қоштасуға болады.
- Эстониялық әдіспен арықтау үшін ең алдымен тұздан, қанттан, тұздықтардан және де қою шай мен кофеден бас тартасыз.
- Сондай-ақ, күндізгі уақытта майсыз кефир мен бір құты йогурт ішуге, бір дана көк алма жеуге рұқсат етіледі. Егер де сіз тәттіден бас тарта алмайтын болсаңыз, кефир мен йогуртты кептірілген өрікпен алмастыра аласыз. Бірақ 8 данадан артық жеуге болмайды.
Күніне 2 литр су ішесіз. Ендеше дайын болсаңыз, бастайық!
Дүйсенбі: 6 дана қайнатылған жұмыртқаны үш реттік тамақтануға бөліп аласыз. Жұмыртқадан басқа ештеңе жеуге болмайды.
Сейсенбі: Майсыз 1 келі сүзбені 5 бөлікке бөлесіз де, ешбір қоспасыз күніне бес рет жейсіз.
Сәрсенбі: Бұл күні қайнатылған тауық етін дайындайсыз. (300 гр.)
Бейсенбі: Күріш ботқасы. 1 литр суға 100 гр. күріш салып, тұзсыз, майсыз қайнатып аласыз.
Жұма: 6 дана қайнатылған картоп.
Сенбі: 1 келі алма.
Жексенбі: Майсыз 1,5 литр кефир ішуге болады.
Қарақұмықтан экспресс-диета
фото: mirfitness.info
Қарақұмық – басқа азық-түліктермен салыстырғанда ең қолжетімді дәнді-дақылдардың бірі. Тез дайындалып, ағзаны нәрлі заттармен қоректендіреді. Сонымен қатар, бұл жарма темір мен кальций, калий, мырыш, фосфор сынды дәрумендерге бай. Сондықтан да қарақұмық диетасы жылдам нәтиже береді.
200 гр. қарақұмық жармасына 3 стақан су құйып, қайнатамыз. Дайын болған ботқаны алты бөлікке бөліп, күні бойы жеу ұсынылады.
Кефирден дайындалған СУПЕР-ДИЕТА
фото: dieta4y.ru
Құрамы кефирден тұратын диета кезінде жиі-жиі тамақтану маңызды. Күніне 6 рет дастарханға басына жайғасасыз. Соңғы тамақтану уақыты ұйқыға жатардан 2 сағат бұрын қабылдануы тиіс. Кефирді сатып аларда оның жарамдылық мерзіміне назар аудару керек. Күніне 1%-дық 1,5 литр кефир ішсеңіз жетіп жатыр.
Дүйсенбі: кефир және пеште пісірілген тұзсыз картоп.
Сейсенбі: кефир мен майсыз сүзбе. Сүзбеге азырақ көк алма қосуға болады.
Сәрсенбі: кефир, 500 гр. көк алма. 1 дана киви қосқан да артықтық етпейді.
Бейсенбі: 500 гр. қайнатылған тауық еті мен кефир.
Жұма: 400 гр. алма, кефир.
Сенбі: 1,5 литр газсыз, таза су ішу керек.
Жексенбі: 300 гр. майсыз сүзбе, кефир ішіңіз.
7 күндік экспресс-диеталардан соң бірден бұрынғыдай тамақтануға көшіп кетпеңіз. Әйтпесе, аз күнде-ақ, жоғалтқан салмақты қайта жинап аласыз. Мұндай жағдайдың болмағанын қаласаңыз, тамаққа құлай кетпеңіз.
Аударған: Құрманкүл Әти,
Дереккөз: slimim.diet
Тағы да оқыңыз:
«СЕМІЗДІККЕ ЖОЛ ЖОҚ!» лайфхактар топтамасы
Арықтау үшін дұрыс тамақтаныңыз (тест)