​Қыста семірмеудің ерекше 8 амалы

0
5 048

Көктем келгенде айнаға «сыйып», жазда шомылуға арналған киімді кие алатындай жағдайда болғыңыз келсе, мына кеңестерді қайталауға тырысыңыз.


​Қыста семірмеудің ерекше 8 амалы

Қыста аз қимылдап, көбірек тамақ жейтініміз белгілі. Соның әсерінен толысып, керексіз жерлерге май жинала бастайды. Әсіресе күн суытқанда теледидар қарап, компьютердің алдынан шыққымыз келмейтіні тағы бар. Осындай сәттерде де алдымызда тәрелке толы чипсы тұрады. Ал, арықтау арман болып қала береді.

Көктем шыққанда айнаға «сыйып», әдемі шомылуға арналған киімді кие алатындай жағдайда болғыңыз келсе, мына кеңестерді қайталауға тырысыңыз.


Ауа-райына сай киініңіз

Бұл кеңес сіз үшін ерсі естілуі мүмкін. Алайда киіммен арықтау да байланысты екен. Күн суықта тоңып, жаурап қалатын болсаңыз, бұның арты стреске апарады. Ал, адам стрестік жағдайда көп тамақтануға бейім болады. Осыдан келіп артық салмақ жинала бастайды. Енді өзіңіз ойлана беріңіз, ауа райына сай киім киген дұрыс па, бұрыс па?


Уақытылы ұйықтаңыз

Ұйқының қанбауы да ауа райына сай киінбеудің әсеріне ұқсайды. Себебі ұйқысы қанбаған адамның көңіл күйі болмай, стресс алады. Жаз мезгілі болса бір сәрі. Аулаға шығып, саябаққа барып біраз жүріп қайтуға болады. Ал, қыста ешқайда шыға алмайсыз. Содан да денеге май жиналып, тамақ толықтай қорытылмайды.


Дұрыс тамақтану


Егер сіз дұрыс тамақтануды бастағыңыз келсе күнібұрын қамданыңыз. Алдын ала қандай ас мәзірін дайындайтыныңызды біліп, соған қарай әрекет жасайсыз. Жоспарлы түрде дұрыс тамақтануды бастайтын болсаңыз, бәрі де қолыңыздан келеді.


Әрбір таңды таңғы астан бастау

Диетологтар «таңғы асты тастама...» ұстанымын қолдайды. Тіпті, қатаң диетада жүргендерге де міндетті түрде таңғы ас ішу керектігін ескертеді. Өйткені түске дейінгі уақытта әйел ағзасында зат алмасу жүйесі қарқынды жұмыс істейді екен. Ендеше түске дейін көмірсуларға, майлар мен ақуызға бай тағамды тұтынып, кешкілік уақытта жеңіл тамақтанған дұрыс.


Кешке көмірсуға бай тағамнан бас тартыңыз

Таңғы асқа көмірсуға бай тағам пайдалы дегенімізбен, кешкілік уақытта олай емес. Көмірсулы тағамды түске дейін жейтін болсаңыз, энергиямен шығарып тастауға болады. Кешке ағза да шаршап, жай жұмыс істейтіндіктен барлық ішкен-жегеніңіз бойыңызда қалып қояды. Осы кеңесті тыңдайтын болсаңыз, кешкі асқа майсыз балық, теңіз өнімдері мен жұмыртқа жеген пайдалы.


Дәрумен жетіспеушілігінен абай болыңыз

Күз-қыс мезгілдерінде адам ағзасы дәруменге зәру болады. Әсіресе Д дәруменінің жетіспеушілігі көптеп байқалады. Осының әсерінен зат алмасу баяулап, қандағы инсулин деңгейі көтеріледі дейді мамандар. Сонымен қатар, ағзада В, Д3 дәрумендері жеткіліксіз болса, тәттіге, нандарға деген тәбет қатты ашылады.

Уақытылы дәрумен қабылдап, орнын толтыратын болсаңыз, мұндай келеңсіздіктен арыла аласыз. Алдымен дәрігерден немесе диетологтан кеңес алып, содан кейін ғана дәрумен қабылдауды бастайсыз.


Зиянды әдеттерді тастаңыз

Сіз, темекі тартып, ішімдік ішкенді ұнататын болсаңыз, олардың құрамындағы зиянды заттарды да бір еске алып қойыңыз. Алкогольді ішімдіктердің құрамындағы қант пен көмірсулар тез салмақ қосуға алып келеді. Темекі де жақсылыққа апармайды.


Депрессияға түсуден аулақ болыңыз


Қандай жағдай болмасын еңсені түсіруге болмайды. Қалыпты өмірден ауытқысаңыз, қатты қайғыға берілсеңіз, депрессияға түсуіңіз ғажап емес.

Қыс мезгіліндегі депрессия адамның көктемге дейін танымастай өзгеріуіне айтарлықтай әсер етіп, семіздердің қатарын көбейтуіңізге себеп болуы ғажап емес. Олай болса өз-өзіңізді жоғалтпаңыз. Өмір өткінші сәттерден тұрады. Барлығына дайын болыңыз!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арықтауға арналған әдеттерді БІР-ақ КҮНДЕ үйреніңіз


Мейрамханаға барғанда тамақты АЗ ЖЕУДІҢ ҚҰПИЯСЫ