Мейрамханаға барғанда тамақты АЗ ЖЕУДІҢ ҚҰПИЯСЫ

0
4 258

Сонда артық калориялар сіздің денеңізге май болып жабыспайды


Мейрамханаға  барғанда тамақты АЗ ЖЕУДІҢ ҚҰПИЯСЫ

Соңғы уақытта қай кафе-мейрамханаға бармаңыз, 4-5-еу немесе 10 шақты болып үстелдің басында жиылып отырған қыз-келіншектерді байқауға болады. Бірі сыныптастармен, екіншісі достар, үшіншісі көршілер дегендей мұндай жиынның түрі көп. Міне, осындай бас қосуларда артық салмақ жинамаудың амалдарын білгіңіз келсе, төмендегі бірнеше кеңеске көз жүгіртіп өтіңіз.


1. Кафеге немесе мейрамханаға барардан бұрын сол күніңізді жоспарлаңыз. Яғни, жиын кешке болатын болса, күндізгі уақытта аз тамақтануға тырысыңыз. Мысалы, таңғы асқа тойып, түскі ас ішпей-ақ қоюға болады. Болмаса таңғы ас ішіп, түскі асқа кофе мен жеміс-жидектер жеген дұрыс. Сосын кешкі отырыста қалағаныңызды жей бересіз. Бұл артық калориялар сіздің денеңізге май болып жабыспайды.


Баратын мейрамханамен алдын-ала танысып, оның ас мәзірін бір қарап шығыңыз. Кез келген кафенің, мейрамхананың ас мәзірін инстаграм желісінен тауып алуға болады. Осылайша өз сымбатыңызды бұзбайтын тағамдары бар мейрамхананы таңдай аласыз. Ал, бургерлер мен картоптан жасалған тағамдардан бас тартыңыз.



2. Тағамның құнарлылығына мән беріңіз. Егер ас мәзірінде тағамның калориясы жазылмаған болса, өзіңіз-ақ, оның құрамын оқу арқылы қаншалықты калориясы көп немесе аз екенін біле аласыз. Даяшылардың көмегіне жүгінуге де болады. Сол мейрамханада қызмет жасайтындықтан даяшылар қай тағамның калориялы немесе калориясы төмен екенін біледі деп ойлаймыз.


3. Мейрамханаға немесе кафеге барғанда жегіңіз келгеннің бәріне бірден тапсырыс бермеңіз. Себебі, сіз ойлағаныңыздан да аз жеп тойып қалуыңыз ғажап емес. Егер көбірек тапсырыс беріп қойсаңыз, тойып тұрсаңыз да әлгі тағамды немесе тәттіні жеп қоюға тура келеді. Ақшаға сатып алынғандықтан көп адамдар тағамды тастап кетуге қыймайды.


4. Сусындардың калориясына да мән беру керек. Қарапайым судан бөлек, ішетін сусындардың калориясы болады. Сондықтан да мұны да естен шығармаған дұрыс.


5. Көкөністерден дайындалған тағамға немесе салатқа міндетті түрле тапсырыс беру керек. Дәл осы нәрсені көп жей берсеңіз де болады. Көкөністер қарынды тойдырып, бойға қуат береді.


6. Қабылдаған калорияны енді жою керек. Егер сіз отырған кафеде немесе мейрамханада билейтін мүмкіндік болса, барыңызды салып билеуге тырысыңыз. Сонда ішіп-жегеніңіздің біраз калориясынан құтыласыз.


7. Тапсырысты көп беріп қойған болсаңыз, барлығын жеп тауысу маңызды емес. Қалған тамақты арнайы ыдысқа салып алуыңызға болады. Қазіргі кезде әйелдердің бәрі солай жасайды. Мұндайды отырыстарға жиі қатысып жүрген қыз-келіншектер жақсы біледі.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


АС СОДАСЫМЕН тері астындағы майларды ЫДЫРАТУҒА болады


Қалампыр тұнбасы ІШТЕГІ ҚҰРТТАРды өлтіріп, ТӘБЕТТІ басады