​Қалампыр тұнбасы ІШТЕГІ ҚҰРТТАРды өлтіріп, ТӘБЕТТІ басады

0
9 759

Артық салмақтың пайда болуының бірден-бір себебі осы болуы мүмкін.


​Қалампыр тұнбасы ІШТЕГІ ҚҰРТТАРды өлтіріп, ТӘБЕТТІ басады

Паразит» сөзі гректің «parasites» - «арамтамақ» немесе «жатыпішер» деген сөздерінен шыққан. Бұл тірі организмдер адамның ішкі ағзаларында да, тіндерінде де болады. Мұндай құрттардың әсерінен ауыр дертке шалдығып, адамның өліп кетуі де ғажап емес.

Ағзада құрттар пайда болса, семіздіктен арылға ешбір диета да, аштық та көмектеспейді. Сол себепті де ең алдымен іштегі құрттарды тазалау керек. Ол үшін сізге мына азық-түліктер көмекке келеді. Аталмыш азықтар табиғи жолмен ағзаңызды паразиттер мен шлактардан тазартып, денсаулығыңызды нығайта түседі. Осыдан кейін артық салмақтан да арылатын боласыз.


Зиянды паразиттер мына азық-түліктерден «қорқады»:

Қалампыр (гвоздика)

Аталмыш өсімдіктің арықтау үшін тигізер пайдасы мол. Әсіресе қалампыр тәбетті басуға жақсы көмектеседі. Қалампырды арықтаукезінде түрлі тағамдарға дәмдеуіш ретінде қосқан да артықтық етпейді. Көптеген дәмдеуіштер тәбетті ашатын қасиетке ие болса, қалампырдың керісінше тәбетті басатын кереметтей қасиеті бар екен. Оны тек демдеп ішіп қана қоймай, эфир майымен массаж қабылдап, целлюлиттен де айығуға болады.


Қалампырдан тұнба дайындау үшін:

1 ас қасық ұнтақталған қалампыр,

1 стақан қайнаған су қажет.

Қалампырға қайнаған суды құйып, 3-4 сағат тұндырып қоясыз. Содан соң тамақтанудан бұрын 1/3 стақаннан жылы күйінде қабылдайсыз.Сонда ағзада зат алмасу жүйесі жылдамдап, арықтауға ықпал етеді.


Артық салмақтан арылуға мын тұнба да айтарлықтай әсер етеді:

  • ½ ас қасық ұнтақталған зімбір тамыры;
  • 1 ас қасық көк шай;
  • ¼ ас қасық ұнтақталған қалампыр.

Осы қоспаларды керамикалық шайнекке салып, 500 мл қайнаған су құйыңыз. 15-20 минут тұндырып, 1 шыны тұнбаға 1 тілім лимон қосып ішу керек. Күн сайын 200 мл ішкен жеткілікті. Осының өзі арықтауға көмектесіп, ағзаны тазалайды.


Сарымсақ


Егер сарымсақты күн сайын жейтін болсаңыз, ағзаңызда құрттар да, вирустар да қалмайды. Өйткені сарымсақта өте белсенді зат- аллиин бар. Мұны Швейцария ғалымдары сонау 1947 жылы дәлелдеп қойған екен. Денсаулығыңыздың мықты болғанын әрі мүсініңіздің сымдай тартылғанын қаласаңыз, сарымсақ жеуді бүгіннен бастаңыз.

Сарымсақты үзбей жейтін адамдардың ағзасында мына процестер жүреді:

  • Майлар ыдырайды;
  • Метаболизм жақсарады;
  • Зат алмасу жүйесі жақсы жұмыс істей бастайды;
  • Ағзадағы артық сұйықтық шығады.


Ащы жусан (горький полынь)

Ащы жусан – өте күшті паразитке қарсы қасиетке ие өсімдіктердің бірі. Ол әсіресе ішектегі құрттарды өлтіруге қауқарлы. Жусаннан дайындалған эфир майының құрамындағы туйон затының көмегімен зиянды құрттарды жоя алады екен. Ал, арықтау үшін жусанды мына әдіспен дайындайсыз:

Кептірілген өсімдікті ұнтақтап, 2 шай қасығына 300 мл қайнаған су құясыз. Сосын сыртынан матамен орап, тұндырып қою керек. 30 минуттан кейін тұнба да дайын болады. Сүзіп алғаннан кейін тұнбаны тамақтанудан 30 минут бұрын, 1 ас қасықтан қабылдау керек. Күніне осылайша 3 рет қабылдаған дұрыс. Сонымен қатар, арықтауды тездеткіңіз келсе, ащы жусанға түймешетен (пижма), итшомырт (крушина) шөптерін қосуға болады. Бұдан бөлек, ащы жусан өсімдігіне зығыр дәндерін қосып, тұнба жасасаңыз да, семіздіктен құтыла аласыз.


Қара жаңғақ

Қара жаңғақ құрамы жағынан грек жаңғағына өте ұқсас. Дегенмен, екі жаңғақтың да өзіне тән қасиеттері бар. Қара жаңғақта өте күшті құрттарды жоятын – юглон компоненті бар. Сондай-ақ, оның микробтармен күресетінін де естеріңізге сала кетейік. Грек жаңғағына қарағанда юглон заты қара жаңғақтың құрамында 3-4 есеге көбірек екен. Осындай пайдалы заттарға бай құрамының арқасында қара жаңғақ өте бағалы саналады. Іштегі паразиттерді жойып, артық салмақтан арылуға септігін тигізеді.


Орегано майы

Бұл майды көбіне етке, көкөністен дайындалған тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдаланады. Дегенмен, оның паразиттерге қарсы күші өте кермет. Бактериялар мен іштегі құрттарды карвакрол затының көмегімен жойып, олардың тірі қалуына мүмкіндік бермейді.

Іштегі құрттардан арылу – арықтауға жасаған бірінші қадамым деп біліңіз. Ары қарай салмақ жоғалту қиынға соқпайды.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


САЛМАҚ ҚОСТЫРМАЙТЫН пирогтар


Арықтағыңыз келсе, алкоголь ішпеңіз - білікті дәрігер басты себебін айтты