​АС СОДАСЫМЕН тері астындағы майларды ЫДЫРАТУҒА болады

0
5 030

Ыдыстағы дақты жақсы кетіретін ас содасы дәл солай ішкі ағзаларды да тазалай алады.


​АС  СОДАСЫМЕН тері астындағы майларды ЫДЫРАТУҒА болады

Ағзаға жиналған шлактардың денсаулыққа тигізер зияны көп. Осындай зиянды заттардың әсерінен майлы қабаттар жиналады. Ал, аталмыш гидрокарбонат ағзаға түскеннен кейін шлактар мен токсиндер жойыла бастайды. Осылайша ас содасының ағзаны тазалау процесі жүреді. Халықтық емдеу тәсілдерінде ас содасының көмегімен ішкі майларды осылай кетірген екен. Біз де емшілердің ұсынған емдік тәсілдерін қолданып көрейік. Алайда төмендегі әдісті қолданбас бұрын дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз.

  • 1 шай қасық ас содасын азырақ қайнаған суға салып, араластырамыз.
  • Ас содасының әсерінен болған реакцияның басылғанын күтеміз.
  • Сосын 1 стақан бөлме температурасындағы суды құямыз.
  • Жақсылап араластырып, іше беруге болады.
  • Арықтауға сепітігін тигізетін бұл тәсілді қабылдамас бұрын, мынадай жағдайларға аса мән берген дұрыс.
  • Дайындалған сусынды таңғы сағат 7:00-де ішу керек.
  • Сосын жаттығу жасау ұсынылады.
  • Таңғы асты 30 минуттан кейін ішкен дұрыс. Ал, таңғы асқа тек:
  • Сұлы ботқасы, майсыз йогурт, жеміс салаты, кефир немесе ряженка ішкен дұрыс.
  • Курстың ұзақтығы – 2 апта. Содан соң 1 ай үзіліс жасап, ас содасын қабылдауды қайта бастауға болады.

Арықтау үшін тек ас содасынан дайындалған сусынды ішіп қоймай, одан мазь жасап, май жиналған жерлерге жағуға болады. Яғни, мына тәсілді пайдаланып көріңіз:

Керекті заттар:

4 ас қасық қыша;

2 ас қасық ас содасы;

сұйық бал.

Барлығын жақсылап араластырып, көтерілгенін күтесіз. Сосын өзіңізге ұнамайтын, проблемалы аймақтарға жағып, пленкамен орап тастайсыз. Жарты сағаттан соң жуып тастау керек. Емнен кейін ылғалдандыратын крем жағуға болады. Бірақ та қыша кейбір ададмарға аллергия беруі мүмкін. Сол себепті де бұл тәсілді аса сақтықпен қолданған абзал.


Ванна қабылдасаңыз да болады!

Ас содасын қосып ванна қабылдайтын болсаңыз:

  • Шаршауды, ауырғанды басады;
  • Қанайналымды жылдамдатып, ағзаны тазалауға ықпал етеді;
  • Терідегі ұсақ тесітер тазаланып, арықтауға септігін тигізетін зат алмасу жүйесінің жұмысы жақсарады.
  • Судың температурасы көтеріліп, қанайналым жақсарады. Осының әсерінен тері астындағы майлар ыдырап, ал, теріге нәрлі заттармен қаныға түседі. Осылайша ас содасымен ванна қабылдау арқылы да арықтаудың амалын жасауға болады екен.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қалампыр тұнбасы ІШТЕГІ ҚҰРТТАРды өлтіріп, ТӘБЕТТІ басады


САЛМАҚ ҚОСТЫРМАЙТЫН пирогтар