Неміс диетасы: 2 айда 25 келіге АРЫҚТАЙСЫЗ

0
5 320

"Арықтауға көмектесемін" дейтін жарнамаларға сенесіз бе? Егер сенбесеңіз, өз күшіңізге ғана сенім артыңыз. Неміс диетасы семіздіктен арылуға міндетті түрде көмектеседі.


 Неміс диетасы: 2 айда 25 келіге АРЫҚТАЙСЫЗ

Арықтауды армандайтындар қазіргі таңда қай диетологқа, емдәмнің қай түріне сенерін де білмей қалды. Өйткені дәрі де көп, «арықтатамын» деп жарнамалаушылар да көп. Дегенмен, семіздіктен арылып, өзі қалаған фигураға қол жеткізіп жатқандар да баршылық. Мұның бәріне, әрине, табандылық қажет.

Неміс диетасы да табандылықты талап етеді. Егер сіз 2 ай бойы төменде берілген ас мәзірі бойынша тамақтанып, кеңестерге құлақ асатын болсаңыз, міндетті түрде арықтайсыз. 2 айда 25 келі тастайтыныңызға сенімді болыңыз.


Неміс диетасының ерекшелігі – тағам құнарлылығын жаймен азайту. Осының салдарынан да адам ағзасы соншалықты қатты қиналмайды. Тағамның орташа энергетикалық құндылығы – 1500 ккал.


Қалай әсер етеді?

Әрбір аптада тағамды тоя жеумен қатар, ашқұрсақ болып жүретін күндер қатар келеді. Осының әсерінен зат алмасу жүйесі жақсарып, майдың тезірек ыдырауына әсерін тигізеді. Сонда ағза да ауырлықты сезінбейді, майлар да жойыла бастайды.

Ас мәзірі дәрумендер мен жасұнықтан, судан тұрады. Мәселен, жеміс-жидектер, шырындар мен көкөністерді айтуға болады. Тамақтанудың мұндай түрі бауырдың, ішек пен асқазанның, өт қабының дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Іш қатуды болдырмай, токсиндерді сыртқа шығарады. Тіпті, терінің қалпы жақсарып, диета ұстаушылардың көңіл-күйі көтеріле түседі. 2 ай бойы диета ұстап, қанша келі салмақ тастасаңыз, сол салмақты бірнеше жыл бойы қайтып қосып алмайсыз. Дұрыс тамақтанған жағдайда ондай қауіпке жол жоқ.


Диета шарттары

Күн сайын көп көлемде таза су ішу ұсынылады. Су ішу арқылы асқазанды біршама толтыруға, қарынның ашқанын басуға болады. Сонымен қатар:


  • Күнделікті тамақтану кезінде асыра жемеген дұрыс. Кешкі асқа ұйқыға жатардан 2-3 сағат бұрын көкөністер мен ақуыздан тұратын өте жеңіл ас ішу ұсынылады. Сондай-ақ, өте майлы әрі қуырылған тағамдардан, фастфудтан бас тартуға тура келеді. Кез келген алкогольді ішімдікті ішуге де үзілді-кесілді тыйым салынады.
  • Төртінші аптада ет пен балықты шектеп, жаңғақ пен астық тұқымдастарды, сүзбе мен жұмсақ ірімшікті ас мәзіріне қосқан дұрыс.
  • Ал, диета соңында қалыпты тамақтану рационына біртіндеп үйренген дұрыс. Рұқсат етілмеген тағамдарды аз-аздан, күніне бір мезгіл ғана жеуге болады. Сонымен қатар, 5 рет тамақтануды қолға алып, жиі-жиі тамақтану керек. Ал, сол салмақты ұстап қалу үшін аптасына бір күн жеңіл тамақтануға немесе мүлде тамақтанбауға көңіл бөлген жөн. Мұндай кезде тек су ішуге немесе тек бір ғана көкөніс түрін жеуге де мүмкіндігіңіз бар.


Әрбір аптаға арналған ас мәзірі

1-ші апта

Бірінші күн: қалағаныңызша таза, газдалмаған су ішу. Жылы су ішуге де болады.

2-7-ші күндері әдеттегідей тамақтанып, көп мөлшерде су ішу ұсынылады.


2-ші апта


Бірінші күн: тек қана су ішу керек.

Екінші күн: 1,5-2 келі цитрусты жемістер: грейпфрут, мандарин, апельсин және т.б.

3-7-ші күндері: Үйреншікті тамақтану мәзіріне көшесіз.


3-ші апта

Бірінші күн: тек қана су.

Екінші күн: 1,5-2 келі цитрусты жемістер.

Үшінші күн: 2 келі көк алма.

4-7-ші күндері: әдеттегідей тамақтануға болады.


4-ші апта


Бірінші күн: әдеттегідей тек қана су ішесіз.

Екінші күн: Апельсин мен грейпфрут жеуге болады.

Үшінші күн: Алма.

Төртінші күн: 1,5-2 л балғын көкөніс немесе жеміс шырыны. Жүзім шырынын ішу ұсынылмайды.

5-7-ші күндері: Үйренші тамақтану тәртібі.


5-ші апта

Бірінші күн: таза су.

Екінші күн: цитрусты жемістер.

Үшінші күн: Тек қана алма.

Төртінші күн: көкөніс немес жеміс шырыны.

Бесінші күн: 1 пайыздық кефир ішу ұсынылады.

6-7-ші күндері: қалыпты тамақтану тәртібіне ауысасыз.


6-шы апта

Бірінші күн: таза су.

Екінші күн: цитрусты жемістер жейсіз.

Үшінші күн: Тек алма жеу керек.

Төртінші күн: балғын шырындар.

Бесінші күн: 1 пайыздық кефир ішіңіз.

Алтыншы күн: тұзсыз, майсыз кәді мен ананас жеуге болады.

Жетінші күн: Әдеттегідей тамақтанып, көбірек су ішуді естен шығармаңыз.


Неміс диетасын кімдерге ұстауға болмайды?

Құнарлылығы төмен бұл диетаны балалар мен жасөспірімдерге ұстауға болмайды. Сонымен қатар, жүкті әйелдер мен емізулі аналарға, қарт кісілерге, жүрек және буын аурулары мазаласа, қант жиабетінде, бауыр мен бүйрек ауруларында диетаға отырмаған дұрыс.

Денеге қатты ауырлық түсіретін физикалық жаттығуларды да жасауға мамандар рұқсат бермейді. Оның орнына жүру, жүзу мен йоганы қосқан жөн.

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


5 күнде 5 келіге арықтататын ЖЕҢІЛ де ОҢАЙ диета


Ұннан жасалған тағамдардан бас тарту оңай!