​5 күнде 5 келіге арықтататын ЖЕҢІЛ де ОҢАЙ диета

0
6 191

Өте тез әрі жеңіл арықтағысы келетіндер дәл осы диетаны ұстанса болады. Өйткені 5 күн ішінде 3-5 келіден арылып жатсаңыз, тек қуанасыз деп ойлаймыз.


​5 күнде 5 келіге арықтататын ЖЕҢІЛ де ОҢАЙ диета

Кейбіреулер бір істі бастамай жатып, тастайды. Диета да сондай. Сондықтан да бастаған ісіңізді аяғына дейін жеткізетін болсаңыз, орындалмайтын арман жоқ. 5 күнде 5 келі салмақ тастау да соншалықты қиын емес.


5 күндік диетаның ерекшелігі:

  • Аз уақытта жақсы нәтижеге жетесіз;
  • Ас мәзірі де жаман емес;
  • Арықтағысы келетіндерге өте тиімді тамақтану тәртібі;
  • Тағамның құнарлылығы тым төмен емес.


Ендеше 5 күнге арналған диета мәзірімен таныс болыңыздар:


Таңғы ас:

100 гр. ботқа (12 сағат бойы суға бұқтырылған және 15 минут қайнатылған), 150-200 гр. кез келген жеміс-жидектер. Күріш, сұлы, қарақұмық жармаларын күн сайын алмастырып дайындауға болады.


Екінші таңғы ас:

250 гр. кез келген жеміс.


Түскі ас:

150 гр. көкөніс сорпасы, 200 гр. көкөністерден дайындалған рагу немесе өсімдік майы қосылған көкөніс салаты, 100 гр. ақуызға бай тағам, жеміс салаты.


Бесін ас:

100 гр. сүзбе мен жемістерден дайындалған десерт, 1 стақан жеміс шырыны.


Кешкі ас:

200 гр. 1 ас қасық йогурт қосылған көкөніс немесе жеміс салаты, 100 гр. пісірме, 1 стақан кефир.


Ескеріңіз! 5 күн бойы осы мәзір бойынша тамақтанасыз! Егер кешкілік уақытта қарныңыз ашса, ұйқыға жатардан 3 сағат бұрын ақуыздан тұратын тағамды жеуге болады. Бұдан бөлек айран да артықтық етпейді. Тек үш сағат бұрын ішіп-жеуге болатынын, онда да тым аз көлемде екендігін естен шығармаңыз!

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Ұннан жасалған тағамдардан бас тарту оңай!


6 рет БӨЛІП тамақтану арқылы арықтаудың ҚҰПИЯСЫ