​ШАКИРА күніне 8 рет тамақтанады - БИКИНИ киюінің ең басты құпиясы да осында

0
3 082

Шомылу маусымы басталып кетті. Ал, Сіз әлі шомылу киімін киюге дайын емессіз бе?


​ШАКИРА күніне 8 рет тамақтанады - БИКИНИ киюінің ең басты құпиясы да осында

5-шілде - бүкіл әлемдік БИКИНИ күні. 1946 жылы француз инженері Луи Реар әлемге ең алғашқы шомылу киімін көрсетіп, оны бикини деп атады. Дәл осы күн, яғни, 5-шілде бикини күні аталып келеді. Бастапқыда шомылу киімін киюге әлем елдері қарсылық танытып, шошынған болса, қазіргі таңда қалыпты жағдайға айналған. Жаз мезгілін шомылу киімінсіз елестете алмаймыз. Алайда, кейбір қыздарға бұл киімді кию - арман.

Ендеше, арықтай алмай жүрген қыз-келіншектерге мотивация болу үшін Голливуд жұлдыздарының жап-жас, өте әдемі әрі атақты ханшайымдарының ұстанатын диеталарынан, тамақтану әдебінен мысалдар келтірейік. Үнемі жас әрі сымбатты болуға олар қалай қол жеткізді?


Меган Фокс, 33 жаста және 3 баланың анасы


Әлемге танымал актриса Меган Фокстың сымбатына қарап, үш баланың анасы деп айту қиын. Дегенмен ол бұл қанмен келген дене-бітім екенін айтады: Табиғатымнан белім жіңішке, ішім тартылған. Алайда, басқа жерлерге үнемі жаттығу жасауға тура келеді.

Меган осындай мүсінді ұстап тұру үшін күніне 5 рет тамақтанады. Үш негізгі тамақтану тәртібіне қосымша екі рет тіскебасар жасайды. Сонымен қатар, үнемі жаттығу жасаудан жалықпайды.


Алессандро Амбросио, 38 жаста


Өте әдемі мүсін иесі – Аллессандро Амбросио бірінші жүктілігіне дейін спортпен айналыспаған екен. Өзіне ұнайтын тағамның бәрін жей алған. Бірақ сәбиін дүниеге әкелген соң сән әлемінің сұлуына 20 келі салмақ тастауға тура келіпті. Ол бұны қалай жасады екен?

Амбросио велотренажермен айналысып, пресс жасайды. Ал, аяқ бұлшықеттерін нығайту үшін 170 баспалдақты алты рет жоғары-төмен жүгіреді екен.


Джессика Альба, 38 жаста, 3 баланың анасы


Әлемге таныма актриса Джессика Альба өз дене-бітімін бір қалыпта ұстап тұру үшін қатты қиналады екен. Ол: «Менің отбасымда барлығының да артық салмағы бар. Ешқайсысы да әдемі мүсінімен мақтана алмайды. Әсіресе жасөспірім шағымда өзім жеке тамақтанып, дұрыс тамақтануды қолға алған күндерім де болған» - дейді. Бірінші жүктілік кезінде 18 келі салмақ қосқан актриса 1,5 ай ішінде 11 келіні тастаған.

Джессиканың арнайы өзі үшін дайындалған «3+2+1» диетасы бар. Қазіргі таңда Голливудтық жас аналардың барлығы дерлік осы диетаны ұстанады. Бұл диета 3 рет толықтай тамақтану мен 2 рет тіскебасар жеумен шектеледі. Ал, тәттілерге, фастфуд, тұздықтар, ұннан жасалған өнімдерге және тұзға үзілді-кесілді тыйым салынады.


Шакира, 42 жаста, 2 баланың анасы


Колумбия әншісі Шакира өзінен 10 жас кіші футбол ойыншысымен бас қосқанын қалың оқырман біледі. Оның өз сымбатын сақтауына осы бір нәрсе ғана себеп болғандай. Әншінің айтуынша фитнеске барып, жанын қинамаса мұндай мүсінге қол жеткізе алмайды екен. «Екіқабат болсам да зумбамен айналысып, салмағыма салмақ қоспадым» - дейді әлемге әйгілі әнші.

Шакира аз-аздан әрі жиі-жиі тамақтану әдісін қолданады. Күніне 8 рет өте аз мөлшерде тамақтанады екен. Ас мәзіріне көбіне жасұныққа, темір мен кальцийге және протеинге бай тағамдарды қосады.


Хайди Клум, 4 баланың анасы


Тез арықтаудың шебері Хайди Клум сәбиін дүниеге әкелгеннен кейін бір айдан соң подиумға шығуға дайын тұрады. Оның осылайша әдемі қалпын сақтауына балалары көмектескен екен. «Әр күнімді балаларыммен өткіземін: бірге ойнаймыз, батутқа секіреміз, тіпті, ағаштарға өрмелеп кететін кездеріміз де болады» - дейді сән әлемінің жұлдызы.

Хайди Клум сымбатын қалыпқа келтіру керек болса, тез арада жаттықтырушының көмегіне жүгінеді көрінеді. Оның бар айтқанын бұлжытпай орындап, күніне 1,5 сағат бойы залдан шықпайды.


Дженнифер Лопес, 49 жаста, 2 баланың анасы

Суреттер ашық дереккөздерден алынды.

Латынамерикандық Дженнифер Лопес FHM журналының хабарлауынша «Жылдың ең сексуалды әйелі» премиясын жеңіп алған. Әнші өз сұлулығының құпиясы тамақтану тәртібінде жатқанын айтады. Ол күніне 1400 калориядан артық жемейді. Ас мәзірі көкөністер мен жемістерден құралған. Дженнифер көбіне спортзал жаттыққанды емес, велосипед айдағанды, жүзуді, жүгіруді қалайды.

Дайындаған: Құрманкүл ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Жазда арықтаудың ЕҢ қарапайым 5 ӘДІСІ


Қызанақпен 3 күнде 3 келі салмақ тастайсыз!


ДИЕТА ұстағандар үшін ЕҢ ҚАУІПТІ төрт жағдай