​Қызанақпен 3 күнде 3 келі салмақ тастайсыз!

0
9 404

Қызанақпен 3 күнде 3 келі салмақтан арылуға болады. Мұндай нәтижеге ойланбай-ақ қол жеткізесіз. Ол үшін аз ғана төзімділік пен табандылық қажет.


​Қызанақпен 3 күнде 3 келі салмақ тастайсыз!

Жаз – өз мүсінін қалыпқа келтіре алмағандар үшін өте қолайлы мезгіл. Әсіресе дәл қазіргі маусым көкөністер мен жемістердің самсап пісіп жатқан кезі. Бағасы да қалтаны көтереді. Былайша айтқанда, диета ұстамауға ешбір «сылтау» жоқ.

Ал, қызанақ диетасы - салмақ тастағысы келетіндер үшін таптырмас шешім. Өйткені қызанақ тек артық майдан арылтып қана қоймай, денсаулыққа айтарлықтай пайдасын да тигізеді.


Қызанақ құнарлылығы төмен әрі зат алмасуды реттейтін қасиетке ие. Сондай-ақ, қан тамырларын тазартып, ағзадағы зиянды токсиндерді шығарады.


Ендеше, біздің берер кеңесімізге құлақ түріңіз. Қызанақпен 3 күнде 3 келі салмақтан арылуға болады. Мұндай нәтижеге ойланбай-ақ қол жеткізесіз. Ол үшін аз ғана төзімділік пен табандылық қажет.

Диета мәзірі

7:00 – 1 дана қызанақ жейсіз.

10:00 – 2 дана қызанақ, 1 тілім ірімшік.

13:00 – Қайнатылған тауықтың төс еті, қызанақ пен қияр қосылған салат.

16:00 – 1 дана қызанақ, 2 тілім ірімшік.

19:00 – Қызанақ пен аскөк, сүзбе қосылған салат.

Берілген ас мәзірі бойынша үш күн диета ұстайсыз. Үш күн ішінде 3 келі салмақтан арылып, жеңілдеп қаларыңыз сөзсіз.


Күніне 1,5 келіден арылу үшін…

Айына 3-4 күн тек қызанақ жеу арқылы ағзаны тазартып тұруға болады екен. Мұндай «тазалық күнінде» сіз 1,5 келі салмақтан арыла аласыз. Ол үшін 1,5-2 келідей қызанақты алып, бір күн бойы жейсіз. Осындайда қызанақ адам ағзасындағы артық сұйықтықтарды белсенді түрде сыртқа шығарып, тазартады.

Диета кезінде 2 литр су ішу де өте маңызды. Егер өзіңізге сенімді болсаңыз, дәл осы емдәмді екінші күні де жалғастырып ағзаны айтарлықтай тазартуға болады. Ең дұрысы сенбі, жексенбі күндерінде тек қызанақ жеуді қолға алып, денсаулықты қалыпқа келтіруге асығыңыз.

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

ДИЕТА ұстағандар үшін ЕҢ ҚАУІПТІ төрт жағдай

«Сен НЕ ЖЕСЕҢ - СОЛСЫҢ!» - семіз болсаң, өзіңе ғана өкпеле!

7 күнде 7 келі САЛМАҚ ТАСТАУҒА 90 пайыз судан тұратын көкөніс КӨМЕКТЕСЕДІ