Тағам ҚҰНАРЫН азайтуға көмектесетін ҚАРАПАЙЫМ тәсілдер

0
2 174

Бұл тәсілдер диетаны ұнатпайтындарға арналған.


Тағам ҚҰНАРЫН азайтуға көмектесетін ҚАРАПАЙЫМ тәсілдер

Кімде-кім диетаға отырғанды қаламаса дәл осы әдістерді пайдалануына болады. Егер сіз көп тамақ жеуден арыла алмай, алдыңызға дәмді тағам келгенде нәпсіңізді тыя алмасаңыз аталмыш әдістер арқылы сымбатыңызды қалыпқа келтіре аласыз.


Қарын қатты ашқанда...

Егер қарныңыз тым қатты ашып тұрса, бірден тәрелке толы тағамды жеуге бас қоймаңыз. Үнемі үстелдің үстінде қияр, аскөк, қызанақтың тұрғаны дұрыс. Мұндайда ең алдымен жылы су ішіп, артынша балғын салат жеу керек. Содан кейін ғана ыстық тағам жей беруге болады.


Көмірсуы аз тағамдар

Көмірсулы тағамдарға қарағанда ақуыз бен жасұныққа бай тағамдар пайдалы.

Таза су

Шөл мен қарынның ашқанын шатастырып алмау үшін, ең алдымен су ішкен дұрыс. Таза су көңіл күйді көтереді.


Балғын әрі піскен көкөністерді жеу

Мұндай көкөністер ұзақ уақыт бойы тоқ жүруге көмектеседі. Әсіресе аскөктерді көп жесеңіз, ішек жұмысына жақсы әсер етеді. Сол себепті де салатқа да, тағамға да аскөкті көптеп қосыңыз.


Дәмдеуіштерді пайдаланбаңыз

Дәмдеуіштер көп тамақ жеуге итермелейді. Сондықтан да тағамды дәмдеуіштерсіз дайындаңыз.


Кофе

Кофені кез келген тағам уақытымен алмастыруға болады. Бірақ кофе ішкеннен кейін қосымша ыстық тамақ ішпеген жөн.


Сүт өнімдері

Сүт өнімдерінің 5%-дық майлылықпен болғаны дұрыс. Йогурт, сүзбе, айран болсын, барлығының 5 пайыздан жоғары майлылығын алмаңыз.


Күніне 1-2 дана жұмыртқа жеуге рұқсат

Ал, жұмыртқаның сарыуызын кемінде 1 данасын жеу керек. Сары уызда дәрумендер мен пайдалы майлы қышқылдар көп.


Саңырауқұлақтар ісінуді басады

Тауық етімен, жұмыртқамен жақсы үйлеседі.


Кәді

Кәдіні тек тағамдарға ғана емес тәтті пісірмелерге де қосуға болатынын естеріңізге саламыз. Мысалы, құймақтар мен сүзбелі пісірмелерге қоссаңыз, кәді ерекше дәм сыйлайды.

Дайын тағамдарды мүлде сатып алмаңыз

Мұндай тағамдар тым құнарлы әрі пайдасыз деуге болады.


Сорпалар

Әсіресе езбе сорпалар ұзық уақыт бойы тоқ жүруге көмектеседі. Өйткені сорпа ағзаға сіңгенше біраз уақыт керек. Сол себепті де сорпаны көбірек ішкен өте пайдалы болмақ.


Қырыққабат

Етті тағамдарға көбіне қырыққабат қосып дайындаған дұрыс. Сонда тағам дәруменге тола түседі.


Зәйтүн, кокос майларын пайдаланыңыз

Бұл майлар күніне тағам көлемін 100-150 калорияға азайтуға септігін тигізеді екен. Оның үстіне пайдасы да орасан.


Көкөніс салаттарын ешқандай тұздықсыз да жеуге болады. Егер жей алмайтындай болсаңыз, тұздықтың орнына тек 1 ас қасық йогурт және соя соусын немесе зәйтүн майын тамызсаңыз жеткілікті.

Блендер, миксермен көпіршітуге болатын астың бәрін осы құралдарға саласыз. Себебі көпіршіген кезде тағамның көлемі де ұлғая түседі.

Кафеде немесе мейрамханада капучиноның орнына американоға тапсырыс беріңіз. Кофенің бұл түрі де дәмді әрі құнарлылығы төмен. Сондықтан да қарапайым сусын ішерде де оның құнарлылығына мән беру керектігін естен шығармаңыз.

Міне, дәл осылай тамақтанатын болсаңыз, күні бойы тоқ жүресіз және де артық салмақ қосып аламын деп қоықпасаңыз да болады.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Арықтау үшін ЛИМОН мен БАЛ қосылған сусынды АШҚАРЫНҒА ішіңіз


Жүзім диетасымен 4 күнде 2 келі салмақ тастайсыз


Күзгі арықтау: ҚЫЗАНАҚ диетасы