​Жүзім диетасымен 4 күнде 2 келі салмақ тастайсыз

0
2 329

Жүзім өте құнарлы жеміс болғанымен 4 күнде 2 келі салмақ тастауға көмектесетін қасиеті бар.


​Жүзім диетасымен 4 күнде 2 келі салмақ тастайсыз

Жүзім жегеннің жүзі жадырап, жүз келіге жеткен салмағы азая бастайды. Себебі жүзім ұзақ уақыт бойы тоқ жүруге септігін тигізеді. Диетаның алғашқы екі күнінде жарты келі ғана салмақ тастауыңыз мүмкін. Кейінгі күндері жүзімнің ағзаға әсері күшейіп, шлактардан тазартады. Асқорыту жүйесін қалыпқа келтіреді. Әсіресе дәні бар жүзім бойындағы полифенолдың көмегімен қартаюдың алдын алып, салмағыңызды түсіреді. Осындай керемет әсері бар жүзім диетасында қандай ас мәзірлері қолданылатынын білгіңіз келе ме? Ендеше 4 күнге арналған емдәмге назар салып көріңіз!


Бірінші күн

Таңғы ас:

Жүзім, апельсин және йогурт қосылған мюсли. Дайындау үшін 150 гр. йогурт, 1 ас қасық дайын мюяли (дүкенде дайын түрі сатылады), жарты дана апельсин, 100 гр. қара жүзім керек.

Түскі ас:

Асқабақ пен жүзім қосылған салат. 250 гр. асқабақ, 100 гр. жүзім, 150 гр. салат жапырағы, 1 ас қасық майдаланған грек жаңғағы қосылады. Бұл салатты дайындау үшін асқабақты текшелеп турап, азырақ майға қуырып аласыз. Ал, жүзімді ортасынан бөліп, салат жапырақтарын турайсыз. Сосын осы туралғандарды асқабақпен араластырасыз. Жарты шай қасық сірке суы мен қыша қоссаңыз, дәмі кіре түседі. Бетіне грек жаңғағын себелейсіз.

Кешкі ас:

Жеміс салаты. 100 гр. көк жүзім, 50 гр. ананас, авокадоның ¼ бөлігі, 1 ас қасық лимон шырыны, ¼ стақан су. Қосымша 1 кесек тауық етін жеуге болады.


Екінші күн

Таңғы ас:

Лимон қосылған йогурт. 150-200 гр. майсыз йогурт пен 1 ас қасық лимон шырынын миксермен араластырып, дайын коктейльді 150 гр. жүзіммен араластырып ішесіз.

Түскі ас:

күріш пен асшаян қосылған тағам. Бұл тағамды дайындау үшін 5 ас қасық күріш, 100 гр. жүзімм, 5-6 дана кішірек көлемдегі асшаяндар қажет. Күрішті қайнатып, жүзіммен араластырасыз. Ал, асшаяндарды зәйтүн майына қуырып алу керек. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосуға болады. Сосын күріш пен жүзім араласпасының үстіне салып жей бересіз.

Кешкі ас:

Картоп пен басқа да көкөністер қосылған бұқтырма. 100 гр. картоп, 1 дана сәбіз, 1 дана пияз және азырақ балдыркөк тамыры қсоылады. Көкөністерді турап, 10-15 минут қазанда қақпағын жауып бұқтырасыз. Дәміне қарай тұз, лавр жапырағын, бұрыш қосыңыз. Дайын тағамға 1 ас қасық қаймақ салып араластырып жіберсеңіз болғаны. Тағамды жеп болған соң, артынан қара жүзім жеу керектігін ұмытпаңыз.

Үшінші күн

Таңғы ас:

Сүзбе ірімшік (творожный сыр) қосылған бутерброд. Ірі тартылған ұннан дайныдалған бөлішкеге сүзбелі ірімшікті жағып, бетіне ортасынан кесілген жүзімдерді қойып жейсіз.

Түскі ас:

Қырыққабат пен жүзім қосылған бұқтырылған балық. 150 гр. миайдалап туралған қырыққабат, 1 дана пияз, 300 гр. балық еті, 50 гр. қара жүзім. Қырыққабат пен пиязды азырақ май қосып бұқтырып, балықты саласыз. Жүзімді де қосып жіберіңіз. Осылайша дайындалған тағамды тағы да 10 минут бұқтырсаңыз түскі ас та дайын болады.

Кешкі ас:

Жүзім қосылған тәтті желе. 1 пакет желатин, 150 мл жүзім шырыны, 50 гр. жүзім, жарты дана алма. Желатинді қайнаған суға салып, ерітіп аламыз. Содан соң оны шырынмен араластыру керек. Осы сұйық желені туралған алма мен жүзім салынған ыдысқа құйып, тоңазытқышқа салып қою керек.


Төртінші күн

Таңғы ас:

Сүзбе мен жүзім салынған нан. Бір кесек нанға 100 гр. сүзбе салып, бетіне майдалап туралған көк пиязды себелеп, оған 100 гр. жүзім қосасыз.

Түскі ас:

Жүзімнен дайындалған құймақтар. Құймақты дайындау үшін 2-3 ас қасық ұн, 100 гр. су, 1 дана жұмыртқа қосады. Осы қамырдан бірнеше құймақ пісіріп жейсіз. Салмасына 100 гр. майсыз сүзбе, 1 ас қасық минералды су, 50 гр. жүзім қосуға болады. Ал, дайын құймақтардың бетіне ұнтақ даршын себелеуді ұмытпаңыз.

Кешкі ас:

Күркетауық еті мен көкөністерден дайындалған тағам. 50 гр. күркетауықтың төс еті, 100 гр. брокколи, 1 дана сәбіз, 50 гр. қозықұйрық, 2 ас қасық қаймақ, 50 гр. жүзім қосасыз.

Күркетауық етін жұқалап турап, майға қуырасыз. Ал, брокколиді 2-3 минут қайнату керек. Сосын барлығын қазанға салып, 10 минут бұқтырасыз. Тағам дайын болайын дегенде қаймақ пен жүзімді қосу керек. Осы тағаммен бірге өте аз көлемде қайнатылған күріш жеуге болады.

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Күзгі арықтау: ҚЫЗАНАҚ диетасы


Артық салмақты жоятын негізгі 4 ӘРЕКЕТ


Белсендірілген көмір ағзаны антибиотиктен тазалайды