​Тағамға нан қосып жеу - СЕМІЗДІККЕ апарар жол

0
4 136

Нанның өте құнарлы екенін білесіз бе? Ендеше бүгіннен бастап тағамды нансыз жеуді үйреніңіз!


​Тағамға нан қосып жеу - СЕМІЗДІККЕ апарар жол

Артық салмақтан арылғыңыз келе ме? Ол үшін айтулы жиынды немесе мерекені сарыла күтіп «Сол күннен бастап арықтаймын» деп өз-өзіңізді алдаудың қажеті жоқ! Дәл қазірден бастап мына 5 әдеттен арылсаңыз, семіздікке бой алдырмайтын боласыз.


Тағамға нан қосып жеу

Қазіргі қыз-келіншектердің ең басты проблемаларының бірі деуге болады. Бұл әдет ескі заманнан бері келе жатыр екен. Ол уақытта қазіргідей аста-төк ас-ауқат болмаған. Болған күннің өзінде халықтың жағдайы мұны көтермеген. Сондықтан да ол кездегі адамдар аз мөлшердегі құнарсыз тағамға нан қосып жеп, тоқшылықтың дәмін татқан көрінеді.

«СЕМІЗДІК» бүкіл әлемдік проблемаға айналған мына заманда кез келген ару шамадан тыс әрі салмақ қосуға септігін тигізетін тағамды қалағанынша жеуді және тамақтану алдында өзін тежеуді, артық жеп қоюдан сақтануды үйренуі қажет. Әсіресе бір орында отырып жұмыс істейтіндер мен үйде отыратын сұлуларымызға осындай әдеттен арылуды қолға алу керектігін ескертеміз. Ал, онсыз да ағзасы семіруге бейім нәзікжандылардың кез келген тағамға нан қосып жегеннен кейінгі мүсінінің қандай боларын бағамдай беріңіз?!


Қантпен шай ішу

Денсаулықтың қауіпсіздігі үшін қанттың 1 күндік мөлшері 3-4 шай қасықты құрайды. Енді сіз күніне қанша қасық қант жейсіз санап көріңіз? Кондитерлік өнімдерден бөлек көзге көріне бермейтін қантты санауды ұмытпаңыз, мысалы: нан, кетчуп, йогурт, түрлі жеміс-жидектер және құрамында қанты бар екендігін білмейтін өнімдер. Мұның бәрі бастапқыда айтылған 3-4 қасық қант мөлшеріне кіреді. Ең дұрысы шайды қантсыз ішіңіз!


Салатқа майонез қосу

Салаттың құрамындағы пайдалы дәрумендердің күшін не жояды? Әрине салатқа қосылатын қоспалар. Дәл сол қоспалар салатты пайдалы және зиянды ете алады. Сондықтан салаттарға тек дәруменге бай азық-түліктерді қосуды үйренгеніміз жөн. Ал, майонез ышқырыңызға май жинап, мүсініңізді бұзатынын есте ұстаңыз.


Майға қуыру

Тазартылған сұйық май – «У»! Иә, онсыз тамақ дайындай алмаймыз, зәйтүн майын қолданғымыз-ақ келеді. Алайда бағасының қымбаттылығынан көбіне ақшамызды қимай жатамыз. Мұндайда не істеуге болады? Сымбатыңыздың бұзылуына кері әсерін тигізбесін әрі денсаулыққа пайдалы тағам дайындаймын десеңіз, майды аз мөлшерде ғана қолданыңыз. Ол үшін арнайы табаларды пайдалансаңыз да болады. Есіңізде болсын, қатты отта қуырылған тағамның ешқандай пайдасы болмайды! Сол себепті де отты баяулатып, көкөністер мен ет өнімдерін өз буына бұқтырған дұрыс.


Той дастарханынан бас тарта алмау

Қазақтың бай дастарханынан дәм татпау мүмкін емес. Неше түрлі салаттар, қуырылған етті өнімдер, тәттілер, газдалған сусындар тәбетімізді ашып, артық жеп қоюға апаратыны белгілі. Алайда, Сіз нәзіктігіңіз бен әсем мүсініңізді бұзып алғыңыз келмесе той үстінде мынадай ойға беріліп: «Бұл тағамдар кімнің қолынан шықты екен? Тағамды әзірлер адында қолын жуып, тазалықты сақтай алды ма? Әрбір ыдысты өз үйіндегідей тазалап жууға уақыты болды ма? Ал, сол тағамның бәрін пісіретін асханасы ше, таза ма екен?» - деген сұрақтар санаңызда жүгірсін. Осылай ойланар болсаңыз, біраз тамақтан тартынуға септігі тиеді. Тойда тек табиғи өнімдер мен жеміс-жидектерді, таза сусынды ішіп отыра аласыз.

Дайындаған: Елшібек Динара,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Шашы тез МАЙЛАНАТЫНДАРҒА арналған СУПЕР диета


"БІРАҚ..." деген қағидамен ТЕЗ АРАДА арықтауға болады