​Жаз мезгіліне АРНАЛҒАН арықтататын КЕРЕМЕТ сусын

0
3 596

Жаздың соңғы айын пайдаланып қалыңыз!


​Жаз мезгіліне АРНАЛҒАН арықтататын КЕРЕМЕТ сусын

Жаз мезгілінде семіздіктен арылу қиынға соқпайды. Себебі жаз айлары көкөністер мен жемістерге бай әрі қолжетімді болады. Сондықтан да арықтауды қолға алғыңыз келсе, дәл осы кезеңде бастаңыз!

Қарапайым үй жағдайында дайындалатын сусындермен-ақ айтарлықтай салмақ тастап, фигураңызды тартымды ете аласыз. Арықтауға көмектесетін сусындар өте көп. Соның бірнешеуін ұсынып көрейік!


Куркума мен сүттен дайындалған сусын

Қажетті өнімдер:

  • Сүт (сұлы, кокос сүті) немесе сиыр сүті
  • 1,5 шай қасық куркума
  • Дәмдеуіштер.

Дайындалу тәсілі:

  1. Сүтті табаққа құйып, отқа қойыңыз. Шамамен 250 мл сүт жеткілікті. Сүттің бетінде майда көпіршіктер пайда болған кезде куркуманы саласыз.
  2. Куркума сүттің түсін өзгертіп, иісін де жағымды ете түседі. Сосын дәмдеуіштерді салу керек. Мысалы, даршын, қара бұрыш, зімбір қосуға болады.
  3. Егер сіз тәтті сусынды ұнататын болсаңыз, азырақ бал қоссаңыз да артықтық етпейді.


Куркума мен сүттен дайындалған сусынның пайдасы:


  • Иммунитетті нығайтады;
  • Тыныштандырады;
  • Теріні тегістеп, түсін ашады;
  • Энергия сыйлайды;
  • Жүйке-жүйені нығайтады;
  • Ішек жұмысын жақсартатын қасиеттерге ие.


Мұндай сусынды қай уақытта ішкен дұрыс?

Жалпы, бұл сусынды күннің қай уақытында ішсеңіз де пайдасы орасан! Дегенмен жүйкені тыныштандыратын қасиеті болғандықтан да кешкілік уақытта ішкен пайдалы.


Салмақты азайтуға қалай әсер етеді?

Өте нәрлі сусын болғандықтан да оны тіскебасар уақытқа дайындап ішуге болады. Ұзақ уақыт бойы қарынды тоқ қылып, құрамындағы дәмдеуіштер зат алмасуды жақсартады. Осының арқасында салмақ азайып, күннен-күнге арықтай түсетін боласыз.


ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Көп тамақ жеп қойғанда толысып кетпеу үшін не істеу керек?


Арықтағыңыз келсе: ТАРАЗЫҒА тартылғанда мына 4 қателікті жібермеңіз