​Арықтағыңыз келсе: ТАРАЗЫҒА тартылғанда мына 4 қателікті жібермеңіз

0
2 957

"Салмақпен емес көлеммен жұмыс жасаңыз. Көлем ол - ағзадағы май. Майда салмақ болмайды».


​Арықтағыңыз келсе: ТАРАЗЫҒА тартылғанда мына 4 қателікті жібермеңіз

Марафон жүргізетін диетологтар өз марафонына қатысқан қыздарға таразының болуы міндетті деп талап қояды. Содан соң күн сайын таңертең ашқарынға таразыға түсуді тапсырады. Бұл қаншалықты дұрыс қағида? Осы сұрақты диетолог Әсел Мұратқызына @aselmuratkyzy_ қойып, қанағаттанарлықтай жауап та алдық.


«Таразыға күн сайын ашқарынға түсудің ешқандай зияны жоқ. Дегенмен, қатты беріліп кетуге болмайды. Сонымен қатар, көптеген қыздар таразыға түсуде жіберетін мынадай 4 қателікті айтып өткім келеді.


1-қателік

Диета ұстағаннан кейін барлық жағдайды қадағалау маңызды. Өзіңізге мақтау айтып, мотивация беріңіз. Сосын арықтау үшін жасаған әрбір қадамыңызды күнделікке жазып отырыңыз. Тым болмаса ұялы телефоныңызға жазып, өзіңіздің әрбір күні қол жеткізген нәтижелеріңізді қайта-қайта оқып, одан әрі алға қадам басыңыз.


2-қателік

Таразыға түскеннен кейін салмағыңыздың дәлме-дәл қанша екенін білгіңіз келсе, киіммен таразыға түспеңіз. Ал, аяқ киіммен немесе үйде киетін тәпішкемен таразының үстіне шығушы болмаңыз. Егер таразыға киімсіз түсуге мүмкіншілігіңіз болмаса, күнде бір киіммен таразыға тартылуға тырысыңыз. Сонда күнделікті қанша салмақ азайтқаныңызды немесе қосқаныңызды білу қиындық тудырмайды.


3-қателік

Таразыға ұйқыға жатарда тартылуға болмайды. Себебі бұл уақытта дәлме-дәл салмағыңызды білу мүмкін емес. Күні бойы ішіп-жегеніңіз, ағзаның физиологиялық қажеттіліктері 1-2 кг салмақ қосатыны белгілі. Сол себепті де нақты салмағыңызды білгіңіз келсе, ашқарынға таразыға түскен дұрыс болады.


4-қателік

Төртінші қателікті мүлде жіберіп алмаңыз. Ең бастысы – күн сайын таразыға түспеңіз. Сондай-ақ, күніне 10 рет таразымен салмақ өлшейтіндер бар. 1-2 күнде немесе белгілі бір сағаттарда салмақтың азайып кетуі мүмкін емес. Салмақтың 1 күнде азайып немесе көбейіп кетуінің себептері жеткілікті. Сондықтан да таразыға аптасына 1 рет қана тартылғаныңыз мақұл. Қалған уақыттарда дұрыс тамақтануға, жаттығуды күн сайын немесе 2-3 күнде бір жасауға әдеттеніңіз. Сонда ғана қандай да бір нәтиже байқалады.

Егер сіз шын мәнінде арықтауды қаласаңыз, осы төрт қателікті жібермеуіңіз керек. Ал, таразыға көп тартылу салмақты азайтпайды, керісінше қосып алған 100-200 грамм салмақты көргенде одан сайын өзіңізге ренжіп, артық тамақ жеп қоюыңыз да мүмкін. Адам ашуланғанда дастарханға отыра қалатынын, алдына келгеннің бәрінен бас тартпайтынын білесіз ғой! Сол секілді сіз де дәл осы сезімді бастан өткізесіз. Таразы қай санды көрсетсе, сол салмақ сіздің нақты салмағыңыз екеніне сеніп қалмаңыз. Ашқарынға әрі киімсіз түскенде ғана өзіңіздің дәл салмағыңызды біле аласыз.

Сондай-ақ, салмақпен емес көлеммен жұмыс жасаңыз. Киімдеріңізден байқаңыз. Көлемнің кеткені салмақ түскеннен де керемет. Таразыға қарап түспей жатыр деп көңіл күйді түсірудің қажеті жоқ. Көлем ол - ағзадағы май. Майда салмақ болмайды».

Әңгімелескен: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


800 калориядан құралған қарапайым диета


11 күнде 11 келі салмақ тастауға қалай қарайсыз?