​Жазда арықтаудың ЕҢ қарапайым 5 ӘДІСІ

0
4 877

СІЗ үшін тартымды мүсін арман ғана емес, шындыққа айналады!


​Жазда арықтаудың ЕҢ қарапайым 5 ӘДІСІ

Дұрыс тамақтануды қолға алуды жаз мезгілінде бастау әлдеқайда жеңіл. Өйткені бұл мезгілде жеміс-жидектер мен көкөністердің барлық түрін таба аласыз. Әсіресе мына 5 әдіс жазда арықтаудың ең тиімді шешімі болмақ. Енді СІЗ үшін тартымды мүсін арман ғана емес, шындыққа айналады!


Көбірек жеміс-жидек пен көкөністер жеңіз

Себебі, өте дәмді жемістерден жазда бас тарту мүмкін емес. Оның үстіне жылдың басқа мезгілдерінде олар қол жетімді бола бермейді. Дәруменге бай көкөністер мен жемістерді пайдаланып, дұрыс тамақтану арқылы дене бітімді қалыпқа келтіріп алуға болады. Әсіресе мына лайфхактар жақсы көмектеседі:


  • Көкөністерді ас мәзіріне максималды түрде қосыңыз. Ал, ең аз дегенде күніне 1-2 рет жеміс-жидектерді жеу ағзаның авитаминозға шалдығуына жол бермейді. Жемістерге қарағанда көкөністерді көбірек жеу керек.
  • Сондай-ақ, көкөністерді шикілей ғана емес, пісірме түрінде, қайнатылған қалпында немесе грил ретінде жеуге болады. Бірақ есіңізде болсын, қыздырған уақытта көкөністердің бойындағы дәрумендер аз сақталады.
  • Көкөністердің құрамында қант болатындықтан да оны сағат 16:00-ге дейін ғана жеген дұрыс.
  • Аптаның бір күнін тек көкөністер мен жемістерге арнаңыз. 3:2 немесе 4:1 көлемінде алып, күні бойы тек көкөністер мен жемістер жейсіз.

Аскөкті де көбірек жеу керек

Күнделікті ас мәзіріне екінің бірі аскөк, ақжелкен немесе салат жапырағын қоса бермейді. Салат жапырақтары – ең мықты антиоксидант болып табылады. Сондықтан да аскөктерді кез келген тағамға қосуды әдетке айналдырыңыз. Өйткені олардың бір бумасы дәріханалық дәрумендерді бір апта қабылдағанмен тең дәруменге бай. Арықтау үшін де таптырмас тағам болары анық.


Күн сәулесі - D дәруменінің қайнар көзі

Аталмыш дәрумен адамнің сүйек жүйесі мен тістерді нығайтып, кальцийдің сіңуіне көмектеседі екен. Сонымен қатар, D дәруменінің жеткілікті болуы иммунитеттің көтерілуіне әсер етеді. Иммунитеті мықты жанның денсаулығы да мықты болары сөзсіз.

Алайда, бір айта кетеріміз, күннің астында көп жүру денені қатты қыздырып жіберуі, тіпті, күйдіруі мүмкін. Сол себепті де күн астында қыздырынғанда барлық сақтық шараларын ұмытпаған абзал. Күннен қорғайтын кремдерді пайдаланып, 11:00 мен 16:00 аралығында күн көзіне шықпаған жөн.


Жалаңаяқ жүруге әдеттеніңіз!

Адамның табанында көптеген нерв жүйелері бар. Бұл нерв жүйелері жалаңаяқ жүрген кезде белсенді бола бастайды. Бұдан бөлек, жалаңаяқ жүру арқылы иммуниетті көтеруге, шыңдауға болады. Ал, күн суытқан мезгілде осының әсерінен тұмауратып ауырмайтын боласыз. Ең негізгісі – әдемі дене-бітімге қол жеткізесіз. Жалаңаяқ жүрудің маңыздылығы да осында жатыр.


Көбірек СУ ішіңіз!

Жазда ағзаны құрғаудан сақтаған дұрыс! Мынадай аптап ыстықта ағза сұйықтықты тез жоғалтатындықтан су ішуді мұқият қадағалау керек. Бірақ тәтті әрі газды сусындарды емес, табиғи тазартылған су ішіңіз. Арықтау кезінде осыны естен шығармаңыз!

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Қызанақпен 3 күнде 3 келі салмақ тастайсыз!


ДИЕТА ұстағандар үшін ЕҢ ҚАУІПТІ төрт жағдай


«Сен НЕ ЖЕСЕҢ - СОЛСЫҢ!» - семіз болсаң, өзіңе ғана өкпеле!