40 ЖАСТАН асқан әйелдердің жасауға ТИІСТІ 5 жаттығуы

0
30 133

Бұл жаттығуларды күнделікті орындап отыру керек.


40 ЖАСТАН асқан әйелдердің жасауға ТИІСТІ 5 жаттығуы

Жас ұлғайған сайын адам ағзасы да әлсірей бастайды. Мұндайда түрлі ауруларды болдырмау үшін, оның алдын алу үшін белсенділік қана қажет. Жыл санап нәзік жандылардың ағзасында гормоналды өзгерістер орын ала бастайды. Зат алмасу процесі де баяулай түседі. Бұл өз кезегінде физикалық тұрғыда ғана емес, көңіл-күйге да әсерін тигізеді. Бірақ, қай кезде де мәселенің шешімі бар. Біз бөліскелі отырған кешенді 5 жаттығу түрі 40 жастан асқан әйелдердің денсаулығын арттырып қана қоймай, сұлулығын, жас қалпын да сақтауға көмектеседі.


Бұл жаттығуларды күнделікті орындап отыру керек. Сол арқылы ағзамызда эндорфин, серотонин, бақыт гормондары бөлінеді. Тұрақты түрде жаттыққан адамның қан айналымы жақсарып, ми қызметі жақсара түседі.


Бурпи

Бұл – классикалық бурпи деп аталатын жаттығу. Оған күнделікті отырып-тұру (преседание), алақандарды алға созу, жатып бүгілу, қайта отырып, жоғарыға секіру сынды қимылдардан тұрады. Мұндай жаттығуларды 10-15 реттен бастауға болады. Жаттығу қиын секілді көрінуі мүмкін. Алайда, жасап көрсеңіз дененің рахаттанып қалғанын байқау қиын емес. Оның пайдалы тұсы артық калорияны жоюында.


Отырып-тұру

Бұл жамбас бөлігін, арқаны, ішті, белді қатайтатын ең керемет жаттығу түрі. Бір жақсы жері отырып-тұру жаттығуы денедегі тепе-теңдікті ұстап тұрады. Дегенмен, бұл жаттығуды дұрыс, қатесіз жасау керек. Мысалы, түзу тұрып, аяқты иық деңгейінде кеңінен ашып, арқаны тік ұстау керек. Бүгілген кезде де тіземіз аяқ саусақтарының тұрған жерінен асып кетпеу керек. Аталған жаттығуды 20 рет қайталаған жөн.


Планка

Ішке, арқаға, жамбасқа, жалпы барлық ағзаға пайдасы зор жаттығу түрі. Планка арқылы арқаны тіктеуге, бұлшықеттерді қатайтуға болады. Әрі планка ас қорытуды жақсартады. Сол арқылы көңіл-күйді көтереді. Жаттығуды білек және шынтақ арқылы жасауға рұқсат етілген. Дегенмен, түрлі жарақаттардан аулақ болу үшін шынтақпен жасаған тиімдірек. Яғни, шынтақты етпетіңізден жатқан күйде жерге қойып, белді тіктеп жату керек. Жамбас, арқа желкеге дейін бірдей деңгейде түзу болу керек. Белді еңкейтуге, қисаюға болмайды. Күшті шынтаққа, қолға салуға болмайды. Барынша іш пен жамбас күш салған жөн. Сол кезде бұлшықеттер қатайып, әдемі қалыпқа келеді.


Төмен түсу

Аяқтың және бөкселердің бұлшық еттеріне мінсіз жұмыс жасайтын тамаша жаттығу. Сіз тік тұруыңыз керек, арқаны түзу ұстап тұрыңыз, иықты тіктеп, қолдарыңызды екі жақта түзу ұстаңыз. Аяқтар жамбастың астында тұруы керек. Алға қадам жасаймыз, денені түзу ұстап, төмен түсіріп, алға қарай тартыңыз. Жаттығу кезінде денені тік ұстаңыз, бастапқы орынға оралып, келесі аяқпен қайталау керек. Жаттығуды 10-15 рет қайталау қажет.


Аяқты бүгіп көтеру

Дененің тонусын көтеретін керемет жаттығу түрі. Төрт тағандап тұрып, алақандарымызбен жерді тірейміз. Басты күшті қолға саламыз. Бүгілген аяқтарымызды кезек-кезегімен артқа және жоғары көтереміз. Әр аяқпен 10-15 рет қайталап жасау керек.

Спорт қай кезде де сіздің белсенді өміріңіздің, денсаулығыңыздың кепілі болып қала береді. Сондықтан күнделікті өміріңізде спорты серігіңізге айналдыра біліңіз.

Дайындағын: Н.НАЛТАЙ

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Жаттығу кезінде су ішуге бола ма?


Іштегі МАЙДЫ кетіруге 5 МИНУТ жеткілікті