МЫНА АУРУЛАРДАН йога жаттығуын жасап ЕМДЕЛУГЕ болады

0
5 498

Йога ер адамның күш-қуатын арттырып, ал әйелге бала көтеруге көмектеседі.


МЫНА АУРУЛАРДАН йога жаттығуын жасап ЕМДЕЛУГЕ болады

Йога арқылы тәніңізді ретке келтірумен қатар жан-дүниеңізді де емдей аласыз. Йогамен айналысқан адам барынша сабырлы болып, өмірге позитивті көзқараспен қарай бастайды. Жаттығу жасау арқылы жаңа идеяларға жол ашылады. Өз-өзіңізді жоғары бағалау үшін бұл таптырмас құрал болып табылады.

Егер сіз йога әлеміне енді ғана бет бұрған болсаңыз онда ішкі дүниеңізде өзіңізге деген сенімсіздік орын алуы мүмкін. Осында жағдайда мына кеңестерді іс жүзінде байқап көріңіз.


Өзіңізді сынаудан арылыңыз

Мен жаттығуларды жақсы жасай алмаймын

Бұрын-соңды жасап көрмегем

Мен жаман көрініп тұрмын

Менің денем икемсіз

Мендегі баланс тым нашар...Осылай жалғаса береді

Есіңізде болсын, Сізге ешкім назар салып тұрған жоқ!

Йога жаттығуларын жасау кезінде әлдебіреулер сізге қарап тұрған сияқты қысылып-қымтырылуыңыз мүмкін. Алайда, сізге тек инструктор ғана мән беретінін ұмытпаңыз. Өйткені, оның жұмысы сондай. Йогаға келген адамдарға бағыт бере отырып, барлығын бақылап тұрады.


Шамаңызға қарай жаттығуды таңдаңыз


Жаттықтырушымен ақылдаса отырып, сіздің денеңізге, ыңғайыңызға сәйкес келетін жаттығу түрін таңдағаныңыз абзал. Бастапқыда ауыр қимылдарға бұлшықет үйренбеуі мүмкін. Сондықтан, жарақат алып қалудың алдын алған дұрыс.


Денеңізді тыңдаңыз!

Денеңіздегі ауырсынулар, жарақаттар жайлы міндетті түрде инструкторға ескертіп айтыңыз. Бұл жаттығуға кіріспес бұрын болуы тиіс.


Қиындығына шыдау керек

Йогамен айналысу бастапқыда оңайға соқпайды. Оның рахатымен бірге қиындықтары да бар. Ондайда ұнжырғаңыз түспесін. Бір сәт төсек тартып жатқан адамдар туралы, жағдайы өте нашар адамдар жайлы ойлап көріңіз. Кілемшені жайып жіберіп, жаттығу жасап отырғаныңыз үшін сіз бақытты екеніңізді сезініңіз.


Йогамен айналысуға тұрарлық 10 себеп:

Йога адам ағзасының барлық бөлігінің жұмысын жақсартады. Йогамен тұрақты түрде екі ай айналысқан адамның денесінен оң өзгерістерді байқауға болады. Йога бел-омыртқа қызметіне әсер ете отырып, барлық ағзаның қызметін күшейте түседі.Эндокринді жүйе, жүрек-қан тамырлары аурулары мазалайтын жандар еш ойланбастан осы жаттығу түрімен айналыса алады. Себебі, йоганың бұл ағзаларға тигізер пайдасы зор. Сонымен қатар, денеңіздің иілгіш бола бастағанын байқайсыз.


Йога сізді ерекше сымбатты етеді. Өйткені, қан айналымы жақсара түседі. Дұрыс қан айналымы денсаулықпен қатар, көрікті болудың да кепілі. Арқаңыз тік, сымбатты болады.

Йога салмақты қалыпқа келтіреді. Сөзсіз, йога арқылы артық салмақтан арылуға болады. Ешқандай диетасыз, асқазанға зиян келтірмей-ақ арықтап, салмақты бір қалыпта ұстап тұра аласыз. Бұған ғылыми дәлелдер де жетіп артылады. Мәселен, Хэмптон университетінде 12 апта бойы студенттер арасында йогамен шұғылдану шарасы ұйымдастырылған. Нәтижесінде жастар арасында артық салмақтан арылу жағы айрықша байқалған көрінеді.

Йога жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, адамды тыныштандырады. Ол тек физикалық жаттығу ғана емес, ол – медитация. Сондықтан адамның ағзасымен қатар миы да жайлылық тауып, тынышталады.

Йога ішкі энергияны арттырады. Бар-жоғы 15 минуттық жаттығудың өзі адамға тыныш ұйқы сыйлайды. Ұйқыңыз тыныш болса, бойыңыздағы күш-қуат та арта түседі.

Йога отбасылық қарым-қатынасты тұрақты етеді. Йога төзімділік, кешіре білу сынды асыл қасиеттерді бойға сіңіреді. Ондай ізгі қасиеттерді жинаған адамның кекшіл болуы, өзгелермен жанжалдасып жүруі екіталай. Отбасында, туыстар мен дос-жарандар арасында бірлігіңіз жарасып, тату-тәтті өмір сүруді көздесеңіз, йогамен айналысыңыз.


Йога өмірге деген құлшынысты, жаңа көзқарасты көрсетеді. Тәніңізді ретке келтірумен қатар йога арқылы жан-дүниеңізді де емдей аласыз. Йогамен айналысқан адам барынша сабырлы болады, өмірге позитивті көзқараспен қарайды.

Йога әйел денсаулығын нығайтады. Ертеректе йогамен тек ер адамдар ғана айналысқан. Алайда, уақыт өте келе әйел адамдар да йога арқылы денсаулықтарын түзей бастаған. Бүгінде кез келген адам бұл жаттығу түрімен айналыса алады. Йоганың әйел денсаулығына пайдасы өте көп, Артық салмақтан арылу, дене сымбатын қалпына келтірумен қатар, ағзаның репродуктивті бөлігінде де оң өзгерістер орын алады. Етеккір циклы тұрақталып, бала көтеруге көмектеседі.

Йога ер адамның денсаулығын түзейді, күш-қуат береді. Әйелдерге қарағанда йогамен шұғылданатын ер адамдардағы нәтиже тезірек болады. Бұлшықеттердің қозғалысы дене балансын ұстауға көмектеседі.

Йога барлық адамдар үшін қолайлы. Жыл өткен сайын йогамен шұғылданатын адамдар қатары көбею үстінде. Себебі, йога адамның жасына, жынысына, діни көзқарасына қарамайды. Әрі денсаулықты жақсартып, әдемі көріну үшін, адамдармен араласып, өмірді сүю үшін берері мол.

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ.


Тағы да оқыңыз:

Қиналып жүрсеңіз, йога жаттығуын жасаңыз


Таңғы йога жаттығулары